Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар Министрінің
2011 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 380 бұйрығымен
бекітілген
Сүрме өндірісі және оның қосылыстарын өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар
1. Осы Сүрме өндірісі және оның қосылыстарын өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар (бұдан әрі - Талап) Қазақстан Республикасы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» заңының 7-бабы 17-1) тармағына сәйкес өңделді және сүрме өндірісі және оның қосылыстарын өндіру кезіндегі жобалауға, құрылысына, пайдалануға, қайта конструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жабдықтауға, консервациялауға, таратуға пайдаланылады.
2-тарау. Технологиялық бөлім
2. Шикізат, материал және қалдықтар қоймасы үй-жай габаритіне, салмағына және онда сақталатын материалдар мен өнімдердің тағайындалуына байланысты тиеу-түсіру жұмыстарын толық механикаландыруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін көтеру-көлік құралдарымен (көтеру крандары, электроталдер, электрокарлар, конвейерлер, рольгангілер, арбалар және басқалар) жарақталады.
3. Шикізатты, флюстерді және басқа да сусымалы материалдарды сақтау арнайы бункерлерде және оны сақтаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бөлінген алаңдарда жүзеге асырылады.
4. Өндіріс қалдықтары (тұқылдар, қождар және басқалар) бөлінген алаңдарда қоймаланады. Оларды тиеу мен түсіру механикаландырылады.
5. Өндіріс қалдықтарын жинау, бөлуді ұйымдастыру аумақтары мен қалдықтарды уақытша сақтау орындарында қалдықтарды тасымалдау кезінде аумақ шегінен тыс ысырылыстарда топырақтың, жер асты суларының және атмосфералық ауаның ластануын болдырмайтын шаралар көзделеді.
6. Қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану кен байыту фабрикаларының қалдық сақтау қоймаларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын ескеретін технологиялық регламент талаптарын есепке алумен жүргізіледі.
7. Технологиялық регламент - өндіріс тәсілдерін, технологиялық нормативтерді, техикалық құралдарды, шарттарды және технологиялық процессті жүргізу тәртібін орнататын, стандарттардың талаптарына жауап беретін сапа көрсеткіштерімен дайын өнімді алуды қамтамасыз ететін, сондай-ақ жұмысты жүргізу қауіпсіздігін және өндірістің оңтайлы техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізуін орнататын кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаты.
3-тарау. Технологиялық құбыр өткізгіштерге қойылатын талаптар
8. Сілтілі ерітінділер мен пульптер құбыр өткізгіштері олардың толық босатылуын қамтамасыз ететіндей еңістікпен төселеді.
9. Жұмыс және өтетін орындар үстінде орналасқан аймақтарда агрессиялы және жанатын сұйықтардың құбыр өткізгіштердің ернемектік қосылыстары мен бекіту арматурасы болмайды.
10. Технологиялық құбырөткізгіштерді бояу оның айдалатын орта әсеріне тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
4-тарау. Сүрмені пирометаллургиялық өндіру
11. Автоматиканың ажыратылған немесе ақаулы жүйесінде отын ретінде табиғи газды пайдаланатын металлургиялық агрегаттардың жұмысына рұқсат берілмейді.
12. Металлургиялық агрегаттарды пайдалану технологиялық регламенттер талаптарына сәйкес болады.
13. Пештің электр бөлігін басқару, суыту суының температурасын тексеру бақылау-өлшеу аспаптарымен және қашықтан басқару органдарымен жабдықталған басқарудың ортақ пультінен орындалады. Пешті басқару пульті оқшауланған кабинада немесе жылу және желдету жүйесімен жабдықталған жеке үй-жайда орналастырылады.
14. Пештердің су суыту элементтері пештерді футеровканы жөндеу немесе кессондарды алмастыруға тоқтатқан кезде гидравликалық сыналуға жатады. Сынау қысымы суыту суының жұмыс қысымынан екі есе артық болады.
15. Пеш корпусының кессондарынан, су суыту жинақтарының және басқа да су суыту элементтерінің секцияларынан коллекторға суды құйып алу көзбен шола бақыланады.
16. Су суыту элементтерінде су температурасын бақылау үшін шығарылатын судың рұқсат берілгеннен жоғары температураға көтерілген кезінде сигнал беруді қамтамасыз ететін бақылау-өлшеу аспаптары орнатылады.
17. Суыту суының сапасы (қаттылығы) және су суыту элементтеріне кіретін және шығатын су температурасы технологиялық регламентпен бекітіледі.
Түсу коллекторында су қысымының құлауы кезінде немесе су суыту элменттерінен шығарда су температурасының белгіленген мәннен жоғары артқан кезінде пеш сөндіріледі және ақауларды түзету бойынша шаралар қабылданады.
18. Пештердің технологиялық аялдауы кезінде суыту суын ажыратуға рұқсат берілмейді.
19. Кен термиялық пештерде суыту суын жеткізетін және алып кететін барлық құбыр өткізгіштер сұйық ванна деңгейінен жоғары, ал шпурлы саңылауда - олардың астында орналасады. Әрбір суыту құрылғысы алдында бекіту арматурасын орнату көзделеді.
20. Электродтарды көтеру мен түсіру механикаландырылған және пеш пультінен қашықтан басқаруы болады.
Электр пештердің электродтарын тасымалдау механизмі шекті жағдайларда жүрісті шектегіштермен жабдықталады.
21. Электрод асқышы үшін оны айналдыру кезінде он есе беріктілік қоры бар болат жүк асып қоятын арқандар мен электрод бекітілуінің бұзылу мүмкіндігін болдырмайтын жабдықтар пайдаланылады.
22. Электродтарды қайта қосу мен алмастыруды пештен кернеу алынған кезде ғана жүргізуге рұқсат беріледі. Қайта қосу алдында электродтардың түйісу беттері мен электр ұстағыштардың корпустары қысылған ауамен үрленеді.
23. Ниппельдерді бұрау алдында электродтардың сәйкес ұяшықтары бөтен қосылулардан мұқият тазартылады, ал ниппельдер құрғатылады. Ниппель бұрандасы электрод ұяшығына толық бұралады.
24. Электродтарды қысу механизмі электр ұстағыш корпусында электродтың тайғанау мүмкіндігін болдырмайды.
25. Пешті іске қосуға көтерілген электрод кезінде ғана ток беру бөліктеріне жақын жерде қызмет көрсетуші персоналдың болмауын тексергеннен кейін, іске қосу туралы дауыс ұлғайтқыш байлынысы желісі бойынша ескерткеннен кейін ғана рұқсат беріледі.
26. Электродтарды тасымалдау механизмдерінің өзінен өзі тежеуді қамтамасыз ететін жабдығы немесе пеш қуаттылығын автоматты реттегішті ажыратқан кезде электр ұстағыштардың өздігінен тасымалдану мүмкіндігін болдырмайтын құрылғысы болады.
27. Электродтар пештерден газ бөлінуді төмендетуге арналған тығыздамалармен жабдықталған жиынтық саңылауда еркін тасымалданады.
28. Пештерді автоматты ажырату кезінде қорғаныс жүйесі іске қосылған кезде қайтадан іске қосу ажырауды туғызған ақау түзетілгеннен кейін бақылаушы тұлға мен электршінің қатысумен жүргізіледі.
Пеш трансформаторының майлы іске қосқышын алты рет ажыратқаннан кейін, қорғаныс жүйесі іске қосылған кезде пешті одан кейін іске қосуға рұқсат берілмейді.
29. Шпурларды электр күйдіру бойынша жұмыстарды орындауға рұқсат берілген тұлғалардың аталған жұмысқа рұқсаты туралы куәлігінде белгісі бар дайындығы болады.
30. Шпурларды электр күйдіруді екі жұмыскер, оның бірі қадағалаушы жүргізеді. Шпурларды күйдіруді жүргізетін жұмыскер оқшауланған орында болады және жарық сүзгілі көзілдірік пайдаланады.
31. Электр күйдіру аппараты аппаратты іске қосу/ажыратудың жарықтық дабылдамасымен жабдықталады, ажыратқышы болады және қалыптарды күйдіру уақытында ғана іске қосылады.
32. Қалыптарды күйдіру кезінде оттекті беру үшін пайдаланылатын металл түтікшелер мен иілгіш шлангтер (жеңдер) құрғақ және майдың дағысыз болады. Металл түтікшелердің ұзындығы кемінде 3 м болады.
33. Шпурды оттекпен күйдіруді кемінде екі жұмыскер жүргізеді. Жұмыскерлердің бірі оттегі бар баллонда немесе оттек өткізгіш вентиль қасында болады, ал екіншісі оттекті түтікшені электр күйдіруді және шпурды күйдіруді жүргізеді.
34. Оттекті түтікті электр күйдіру технологиялық регламент талабына сәйкес жүргізіледі.
35. Оттекті тарату орталықтандырылған. Мұндай таратуы жоқ ұйымдарда шпурларды күйдіру үшін оттекті беруді баллондардан жүргізуге рұқсат беріледі. Оттегі бар баллондар разрядтау рампаларына немесе арнайы ұяшықтарға (ложементтерге) тік қалыпта орнатылып бекітіледі. Оттегі бар баллондардан ашық от көзіне дейінгі қашықтық кемінде 10 м. Оттекті баллондарды пеш аралығына орнатуға рұқсат берілмейді.
36. Оттекті баллондарды тексерілмеген және ақаулы редукторлармен пайдалануға рұқсат берілмейді. Шлангтерді баллон штуцерлеріне және түтікшелерді шлангтерге бекіту олардың жұлынуын болдырмайды.
37. Оттекпен жұмыспен айналысатын жұмыскерлердің арнайы киімдері мен жеңдері таза және майдың (майлы) дағынсыз болады.
38. Шпурларды күйдіру шпур мен науада жұмыс істеп тұрған желдеткіш кезінде жүргізіледі.
39. Металл, штейн және қожды пештен шығару құрғақ қазандар, шөміштер немесе ожаумен жүргізіледі. Металл мен штейнге арналған қазандар алдын ала қождалған. Қалыптар маңы мен пеш айналасындағы жұмыс орындары құрғақ болады.
40. Шөміштерді пайдалану технологиялық регламент талаптарына сәйкес жүргізіледі.
41. Балқытылған металлды құю орнына тасымалдау және босатылған шөміштерді қайтару технологиялық регламентпен белгіленген маршрут бойынша жүргізіледі.