1. Жалпы ережелер










Отправить по почте
«Жол–құрылыс машиналарын техникалық пайдалану» стандарт жобасы
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қазақстан Республикасының Көлік және жаңа коммуникациялар министрінің «___» ___________20___ №________ бұйрығымен бекітілген
«Жол–құрылыс машиналарын техникалық пайдалану» кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Өзге де инженерлік имараттар құрылысы» кәсіптік қызмет саласында біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайына талап етуді анықтайды және:
1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;
3) персоналды аттестаттау мен сертификаттау кезінде қызметкерлердің құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
2. КС негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың қызметкерлерді басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.
3. КС негізінде біліктілік сипаттамалар, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттары әзірленеді.
4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестігі параметрлері бойынша жіктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы
3) еңбек мәні – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;
4) еңбек құралдары – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажеттi құзыреттiлiктердiң тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-үдерісті және оларды орындауга қажетті болжамалы құзыреттерді анықтау арқылы еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызмет түрлерінің бір бөлігі;
7) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграциялық негiзi (мiндетi, нысандары, технологиялары, соның iшiнде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттiлiктерiнiң болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметi түрлерiнiң жиынтығы;
8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;
9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;
11) лауазым – жұмысшыға қызметтік өкілеттіктерді және қызметтік міндеттерді жүктейтін құрылымдық бірлік;
12) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;
13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;
14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ)– салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
16) функционалдық карта – бiр немесе өзге де кәсiби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрiн орындайтын қызметкердің еңбек функциялары мен мiндеттерiнiң құрылымдық сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. КС паспорты келесілерді анықтайды:
Экономикалық қызметтің түрін жалпы жіктеуші (ҚР МЖ 03-2007) «42.9 Өзге де инженерлік имараттар құрылысы».
2) Экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:
жол–құрылыс машиналарын техникалық пайдалану.
3) Еңбек қызметінің түрлері (кәсіптер) біліктілік деңгейлерібойынша осы КС 1-қосымшана сәйкес.
3. Еңбек қызметі түрінің (кәсіптің) карточкалары
6. Еңбек қызметі түрінің (кәсіптің) карточкалары тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ – 3,4; СБШ - 3,4.
2) Қазақстан Республикасының негізгі топ бойынша жіктеушісі (бұдан әрі – ҚР МК 01-2005): 7231 «Жол машиналары мен механизмдерді жөндеуші».
3) атқарылатын еңбек қызметінің жалпылану сипаттамасы - жөндеу, реттеу, техникалық күтіп-баптау, гидравликалық, пневматикалық, механикалық, электронды және электрлік жабдықтарды ағымдағы жөндеу, қайта монтаждау, күтіп-баптайтын құрылыс машиналарын басқару жүйесін және тораптарын, агрегаттарын монтаждау;
4) мүмкін жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік біліміні және оқуына қойылатын талаптар, біліктілігін растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа арнайы рұқсат жағдайлары 1 кестеде «Мүмкін жұмыс орындары. Құрылыс машиналарын және жабдықтарды жөндеушінің еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар» осы КС 2 қосымша.
7. Еңбек қызметі түрінің (кәсіптің) карточкалары тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ – 3,4; СБШ - 3,4.
2) негізгі топ бойынша – ҚР МК 01-2005:: 8111 «Бульдозер машинисі», 8332 «Скрепер машинисі (құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары)»;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |