• Мое избранное
«Көтеру-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану (түрлері бойынша)» стандарт жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Көтеру-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану (түрлері бойынша)» стандарт жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қазақстан Республикасы
Көлік және жаңа коммуникациялар министрінің
20___ жылғы «___» ___________ №______
бұйрығымен бекітілген
«Көтеру-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану (түрлері бойынша)» кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер 
1. «Көтеру-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану(түрлері бойынша)» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Темір жолдар және метро құрылысы» кәсіптік қызмет саласында біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайына талап етуді анықтайды және:
1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;
3) персоналды аттестаттау мен сертификаттау кезінде қызметкерлердің құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
2. КС негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың қызметкерлерді басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.
3. КС негізінде біліктілік сипаттамалар, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттары әзірленеді.
4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестігі параметрлері бойынша жіктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы
3) еңбек мәні – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;
4) еңбек құралдары – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;  
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажеттi құзыреттiлiктердiң тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-үдерісті және оларды орындауга қажетті болжамалы құзыреттерді анықтау арқылы еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызмет түрлерінің бір бөлігі;
7) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграциялық негiзi (мiндетi, нысандары, технологиялары, соның iшiнде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттiлiктерiнiң болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметi түрлерiнiң жиынтығы;
8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;  
9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;
11) лауазым – жұмысшыға қызметтік өкілеттіктерді және қызметтік міндеттерді жүктейтін құрылымдық бірлік;
12) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;  
13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;  
14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ)– салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
16) функционалдық карта – бiр немесе өзге де кәсiби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрiн орындайтын қызметкердің еңбек функциялары мен мiндеттерiнiң құрылымдық сипаттамасы.
2. КС паспорты  5. КС паспорты келесілерді анықтайды:
1) экономикалық қызметтің түрі (кәсіптік қызмет саласы):  
Экономикалық қызметтің түрін жалпы жіктеуші (ҚР МК 03-2007) «42.12 Темір жолдар және метро құрылысы».
2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:  
көтеру-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын пайдалану, жөндеу және техникалық күтіп-баптау.  
3) осы КС еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері 1 қосымшада көрсетілген.
3. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкалары
1-бап «Жол машиналары мен механизмдерді жөндеушісі»
6. Еңбек қызметі түрінің (кәсіптің) карточкалары тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ – 3,4; СБШ - 3,4; 
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі – ҚР МК 01-2005) бойынша негізгі топ: 7511 «Жол машиналары мен механизмдерді жөндеуші»;
3) лауазымдардың мүмкін атаулары (кәсіптің): жол машиналары мен механизмдерді жөндеуші слесарь; 
4) атқарылатын еңбек қызметінің жалпылану сипаттамасы: күтіп-бапталатын теміржол-құрылыс машиналарының, механизмдердің, станоктардың, саймандардың электрлік, пневматикалық және гидравликалық жабдықтарын баптау, реттеу, техникалық күтіп-баптау және алдын алып жөндеу;
5) мүмкін жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік біліміні және оқуына қойылатын талаптар, біліктілігін растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа арнайы рұқсат жағдайлары 1 кестеде «Мүмкін жұмыс орындары. Жол машиналары мен механизмдерді жөндеушінің еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар» осы КС 2 қосымша.
2-бап «Темір жол-құрылыс машиналарының машинисі» 
7. Еңбек қызметі түрінің (кәсіптің) карточкалары тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ – 3,4; СБШ -3,4;
2) ҚР МК 01-2005 бойынша негізгі топ: 7129 «Темір жол-құрылыс машиналарының машинисі»; 
3) лауазымдардың мүмкін атаулары (кәсіптің): жол машиналарының машинисі;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жалпылану сипаттамасы: темір жол-құрылыс машиналарын пайдалану;
5) мүмкін жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік біліміні және оқуына қойылатын талаптар, біліктілігін растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа арнайы рұқсат жағдайлары 1 кестеде «Мүмкін жұмыс орындары. Темір жол-құрылыс машиналары машинисінің, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар». осы КС 5 қосымша.
3-бап «Жол машиналарының машинисі»
8. Еңбек қызметі түрінің (кәсіптің) карточкалары тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ – 3,4; СБШ - 3,4;
2) ҚР МК 01-2005 бойынша негізгі топ: 8311 «Жол машиналарының машинисі»; 
3) лауазымдардың мүмкін атаулары (кәсіптің): темір жол-құрылыс машиналарының машинисі;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жалпылану сипаттамасы: жол машиналарын пайдалану;
5) мүмкін жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік біліміні және оқуына қойылатын талаптар, біліктілігін растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа арнайы рұқсат жағдайлары 1 кестеде «Мүмкін жұмыс орындары. Жол машиналар машинисінің, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар» осы КС 8 қосымша.
4. КС бірліктерінің тізбесі
9. Кс бірліктерінің тізбесі осы КС 3, 6, 9, қосымшаларының 1 кестесінде көрсетілген және КС бірліктерінің атауларынан және шифрлардан тұрады.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
10. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4, 7, 10, қосымшасында көрсетілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
11. Мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау  саласындағы ұйымдарға осы КС негізінде сертификаттар беріледі.
12. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері, осы КС 3, 6, 9 қосымшаларында көрсетілген сертификатты алу үшін игеру қажет КС бірліктер тізбесіне сәйкес анықталады.
7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі  
13. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.
14. КС келісу парағы осы КС 11-қосымшасында келтірілген.
«Көтеру-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары
мен жабдықтарын техникалық пайдалану
(түрлері бойынша)» кәсіби стандартына
1 қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметі (кәсіп) түрлері  
 

Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының процестерін ескерумен кәсіптің атауы

ҚР 01-2005 МС сәйкес кәсіп атауы

СБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разряды

Қызмет түрінің атауы

1

Күтіп-бапталатын теміржол-құрылыс машиналарының, механизмдердің, станоктардың, саймандардың электрлік, пневматикалық және гидравликалық жабдықтарын баптау, реттеу, техникалық күтіп-баптау және алдын алып жөндеу

Жол машиналары мен механизмдерді жөндеушісі

Жол машиналары мен механизмдерді жөндеуші

3-4

4-8

2

Темір жол-құрылыс машиналарын пайдалану

Теміржол-құрылыс машиналарының машинисі

Теміржол-құрылыс машиналарының машинисі

3-4

4-8

3

Жол машиналарын пайдалану

Жол машиналарының машинисі

Жол машиналарының машинисі

3-4

4-8

Ескерту: БТБА – Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы. 
«Көтеру-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары
мен жабдықтарын техникалық пайдалану
(түрлері бойынша)» кәсіби стандартына
2 қосымша
1 кесте
Мүмкін жұмыс орындары. Жол машиналары мен механизмдерді жөндеушісінің еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар 
 

Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары

Жол және жол шаруашылығы кәсіпорындары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Электрлік тізбектегі қауіпті кернеу, адам денесі арқылы өтуі мүмкін тұйықталулар, электрлік соққы, электрдоғалы күю; зиянды заттардың туындауы (денені және көзді күйдіруі мүмкін, сонымен қатар күкірт қышқылымен ағзаны уландыруы мүмкін); ауаның төмен ылғалдылығы және жоғары температура; жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықтануы; өрт шығу қауіптері; сатыда және баспалдақта жұмыс істеу кезінде мамандардың биіктіктен құлауы; заттардың (саймандардың, жабдықтар элементінің) биіктіктен құлауы

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше шарттары

Жасы он сегізге толған, медициналық қараудан өткен, еңбекті қорғау бойынша оқу курсынан өткен және мамандығына сәйкес білімі тексерілген тұлғалар жұмысқа жіберіледі

СБШ

біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі



Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

3

Жалпы орта білімі болған жағдайда кәсіби дайындығы болуы немесе негізгі орта білім базасында техникалық және кәсіби білімі немесе еңбек тәжірибесіз жалпы орта білімі болуы

талап етілмейді

4

Еңбек тәжірибесіз орта техникалық және кәсіби білімі болуы

талап етілмейді

«Көтеру-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары
мен жабдықтарын техникалық пайдалану
(түрлері бойынша)» кәсіби стандартына
3 қосымша
 КС бірліктерінің тізбесі    
1 кесте 
Еңбек қызметінің түрі (кәсіптің) 
«Жол машиналары мен механизмдерді жөндеушісі»
 

Шифрі

Еңбек атқарымдарының атауы ( кәсіби стандарты ның бірліктері)

Ф 1

Машиналар мен механизмдерді жұмысқа дайындау. Материалдарды және қосалқы бөлшектерді іріктеу. Машиналардың және механизмдердің бұзылуларын анықтау

Ф 2

Тораптарды, механизмдерді, жүйелерді баптау, реттеу, сынау, техникалық күтіп-баптау және алдын алып жөндеу

Ф 3

Жұмыстардың сапасын тексеру. Орындалған жұмыстарды өткізу

Ескерту: Ф -функция
«Көтеру-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары
мен жабдықтарын техникалық пайдалану
(түрлері бойынша)» кәсіби стандартына
4 қосымша
КС бірліктерінің сипаттамасы
1 кесте
1. Еңбек қызметінің түрі (кәсіптің)
«Жол машиналары мен механизмдерді жөндеушісі» СБШ 3-ші деңгейлі
 

Шифрі

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Біліктілігі мен дағдысы

Білімі

Ф 1

Жол, теміржол-құрылыс машиналары және

механизмдері

Нұсқаулықтар. Электрлік және кинематикалық сызбалар.

Бақылау-өлшеу саймандары және құралдары

М 1.1: Машиналар мен механизмдерді жұмысқа дайындау

Рельстерді өңдеуге арналған станоктарды, электрлік, пневматикалық және гидравликалық саймандарды, іштен жанатын қозғалтқыштарды техникалық күтіп-баптау және жөндеу үшін пайдаланылатын тиісті бақылау-өлшеу құралдарын жұмысқа дайындау

Күтіп-бапталатын машиналардың, механизмдердің, станоктардың, саймандардың құрылымы, электрлік және кинематикалық сызбалары; Күтіп-бапталатын темір жол-құрылысы машиналарын, механизмдерін баптау, реттеу, техникалық күтіп-баптау және алдын алып жөндеу ережелері; бұзылуларды ескерту және жою әдістері; қолданылатын бақылау-өлшеу саймандары мен құралдарын тағайындау және құрылғысы; электротехника, радиотехника, электроника, механика, пневматика және гидравлика бойынша қажетті деректер; еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар

М 1.2: Материалдарды және қосалқы бөлшектерді іріктеу

Рельстерді өңдеуге арналған станоктарды, электрлік, пневматикалық және гидравликалық саймандарды, іштен жанатын қозғалтқыштарды техникалық күтіп-баптау және жөндеу үшін пайдаланылатын материалдарды және қосалқы бөлшектерді іріктеу

М 1.3: Машиналардың және механизмдердің бұзылуларын анықтау

Электрлік, пневматикалық және гидравликалық саймандардың, рельстерді өңдеуге арналған станоктардың, іштен жанатын қозғалтқыштардың бұзылуларын анықтау

Ф 2

Жол, теміржол-құрылыс машиналары және

механизмдері

Нұсқаулықтар. Электрлік және кинематикалық сызбалар.

Бақылау-өлшеу саймандары және құралдары

М 2.1: Техникалық күтіп-баптау және алдын алып жөндеу

Электрлік, пневматикалық және гидравликалық саймандардың, рельстерді өңдеуге арналған станоктарды, іштен жанатын қозғалтқыштарды техникалық күтіп-баптау және алдын алып жөндеу

М 2.2: Баптау, реттеу, сынау

Электрлік, пневматикалық және гидравликалық саймандардың, рельстерді өңдеуге арналған станоктарды, іштен жанатын қозғалтқыштарды баптау, реттеу, сынау

Ф 3

Жол, теміржол-құрылыс машиналары және

механизмдері

Нұсқаулықтар. Электрлік және кинематикалық сызбалар.

Бақылау-өлшеу саймандары және құралдары

М 3.1: Жұмыстардың сапасын тексеру

Электрлік, пневматикалық және гидравликалық саймандардың, рельстерді өңдеуге арналған станоктарды, іштен жанатын қозғалтқыштарды баптау, реттеу, сынау, техникалық күтіп-баптау, алдын алып жөндеу бойынша жұмыстардың сапасын тексеру

М 3.2: Орындалған жұмыстарды өткізу

Электрлік, пневматикалық және гидравликалық саймандардың, рельстерді өңдеуге арналған станоктарды, іштен жанатын қозғалтқыштарды баптау, реттеу, сынау, техникалық күтіп-баптау, алдын алып жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды өткізу

2 кесте
2. Еңбек қызметінің түрі (кәсіптің)
«Жол машиналары мен механизмдерді жөндеушісі» СБШ 4-ші деңгейлі
 

Шифрі

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Біліктілігі мен дағдысы

Білімі

Ф 1

Жол, теміржол-құрылыс машиналары және

механизмдері

Нұсқаулықтар. Электрлік және кинематикалық сызбалар.

Бақылау-өлшеу саймандары және құралдары

М 1.1: Машиналар мен механизмдерді жұмысқа дайындау

Рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнайы құрамдарын, буындарды сөгу машиналарын, жол өлшеуіш арбаларды, тораптарды, механизмдерді және басқару жүйелерін: думпкарларды, жолсүргілеуіштер, үйме қар тазалағыштар, құрамдас жүрісті жол әмбебап машиналарын, жолжөндеуіш ұшпалар, жолтөсеуіш тар жолтабандарды, рельстөсеуіштерді, қаржинағыш және жұмыс органдарын пневматикалық және механикалық жетегі бар жинағыш машиналарды, энергетикалық қондырғылы рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнай құрамдарды, сүргіш -қартазалауыштарды, хоппер-дозаторларды, пневмоүрлеу және электроқыздырғыштар механизмдерін, пайдаланылатын сәйкес бақылау-өлшеу құралдарын жұмысқа дайындау

Күтіп-бапталатын тораптардың, басқару механизмдері мен жүйелерінің құрылымы, электрлік және кинематикалық сызбалары: думпкарлар, жолсүргілеуіштер, үйме қар тазалағыштар, құрамдас жүрісті жол әмбебап машиналар, жолжөндеуіш ұшпалар, жолтөсеуіш тар жолтабандар, рельстөсеуіштер, қаржинағыш және жұмыс органдарын пневматикалық және механикалық жетегі бар жинағыш машиналар, энергетикалық қондырғылы рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнай құрамдар, сүргіш-қартазалауыштарды, хоппер-дозаторлар, пневмоүрлеу және электроқыздырғыштар механизмдері, пайдаланылатын сәйкес бақылау-өлшеу құралдары; бұзылуларды ескерту әдістері; қолданылатын бақылау-өлшеу саймандары мен құралдарын тағайындау және құрылғысы; электротехника, радиотехника, электроника, механика, пневматика және гидравлика бойынша қажетті деректер; еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар

М 1.2: Материалдарды және қосалқы бөлшектерді іріктеу

Рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнайы құрамдарын, буындарды сөгу машиналарын, жол өлшеуіш арбаларды, тораптарды, механизмдерді және басқару жүйелерін: думпкарларды, жолсүргілеуіштер, үйме қар тазалағыштар, құрамдас жүрісті жол әмбебап машиналарын, жолжөндеуіш ұшпалар, жолтөсеуіш тар жолтабандарды, рельстөсеуіштерді, қаржинағыш және жұмыс органдарын пневматикалық және механикалық жетегі бар жинағыш машиналарды, энергетикалық қондырғылы рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнай құрамдарды, сүргіш -қартазалауыштарды, хоппер-дозаторларды, пневмоүрлеу және электроқыздырғыштар механизмдерінің материалдарын және қосалқы бөлшектерін іріктеу

М 1.3: Машиналардың және механизмдердің бұзылуларын анықтау

Рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнайы құрамдарын, буындарды сөгу машиналарын, жол өлшеуіш арбаларды, тораптарды, механизмдерді және басқару жүйелерін: думпкарларды, жолсүргілеуіштер, үйме қар тазалағыштар, құрамдас жүрісті жол әмбебап машиналарын, жолжөндеуіш ұшпалар, жолтөсеуіш тар жолтабандарды, рельстөсеуіштерді, қаржинағыш және жұмыс органдарын пневматикалық және механикалық жетегі бар жинағыш машиналарды, энергетикалық қондырғылы рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнай құрамдарды, сүргіш -қартазалауыштарды, хоппер-дозаторларды, пневмоүрлеу және электроқыздырғыштар механизмдерінің өлшеуіш арбалардың бұзылуларын анықтау

Ф 2

Жол, теміржол-құрылыс машиналары және

механизмдері

Нұсқаулықтар. Электрлік және кинематикалық сызбалар.

Бақылау-өлшеу саймандары және құралдары

М 2.1: Техникалық күтіп-баптау және алдын алып жөндеу

Рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнайы құрамдарын, буындарды сөгу машиналарын, жол өлшеуіш арбаларды, тораптарды, механизмдерді және басқару жүйелерін: думпкарларды, жолсүргілеуіштер, үйме қар тазалағыштар, құрамдас жүрісті жол әмбебап машиналарын, жолжөндеуіш ұшпалар, жолтөсеуіш тар жолтабандарды, рельстөсеуіштерді, қаржинағыш және жұмыс органдарын пневматикалық және механикалық жетегі бар жинағыш машиналарды, энергетикалық қондырғылы рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнай құрамдарды, сүргіш -қартазалауыштарды, хоппер-дозаторларды, пневмоүрлеу және электроқыздырғыштар механизмдерін техникалық күтіп-баптау және алдын алып жөндеу

М 2.2: Баптау, реттеу, сынау

Рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнайы құрамдарын, буындарды сөгу машиналарын, жол өлшеуіш арбаларды, тораптарды, механизмдерді және басқару жүйелерін: думпкарларды, жолсүргілеуіштер, үйме қар тазалағыштар, құрамдас жүрісті жол әмбебап машиналарын, жолжөндеуіш ұшпалар, жолтөсеуіш тар жолтабандарды, рельстөсеуіштерді, қаржинағыш және жұмыс органдарын пневматикалық және механикалық жетегі бар жинағыш машиналарды, энергетикалық қондырғылы рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнай құрамдарды, сүргіш -қартазалауыштарды, хоппер-дозаторларды, пневмоүрлеу және электроқыздырғыштар механизмдерін баптау, реттеу, сынау

Ф 3

Жол, теміржол-құрылыс машиналары және

механизмдері

Нұсқаулықтар. Электрлік және кинематикалық сызбалар.

Бақылау-өлшеу саймандары және құралдары

М 3.1: Жұмыстардың сапасын тексеру

Рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнайы құрамдарын, буындарды сөгу машиналарын, жол өлшеуіш арбаларды, тораптарды, механизмдерді және басқару жүйелерін: думпкарларды, жолсүргілеуіштер, үйме қар тазалағыштар, құрамдас жүрісті жол әмбебап машиналарын, жолжөндеуіш ұшпалар, жолтөсеуіш тар жолтабандарды, рельстөсеуіштерді, қаржинағыш және жұмыс органдарын пневматикалық және механикалық жетегі бар жинағыш машиналарды, энергетикалық қондырғылы рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнай құрамдарды, сүргіш -қартазалауыштарды, хоппер-дозаторларды, пневмоүрлеу және электроқыздырғыштар механизмдерінің жұмыс сапасын тексеру

М 3.2: Орындалған жұмыстарды өткізу

Рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнайы құрамдарын, буындарды сөгу машиналарын, жол өлшеуіш арбаларды, тораптарды, механизмдерді және басқару жүйелерін: думпкарларды, жолсүргілеуіштер, үйме қар тазалағыштар, құрамдас жүрісті жол әмбебап машиналарын, жолжөндеуіш ұшпалар, жолтөсеуіш тар жолтабандарды, рельстөсеуіштерді, қаржинағыш және жұмыс органдарын пневматикалық және механикалық жетегі бар жинағыш машиналарды, энергетикалық қондырғылы рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнай құрамдарды, сүргіш -қартазалауыштарды, хоппер-дозаторларды, пневмоүрлеу және электроқыздырғыштар механизмдерінің орындалған жұмыстарын өткізу

Ескерту: М - міндеттер
«Көтеру-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары
мен жабдықтарын техникалық пайдалану
(түрлері бойынша)» кәсіби стандартына
5 қосымша
1 кесте
Мүмкін жұмыс орындары. Теміржол-құрылыс машиналарының машинисінің еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар 
 

Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары

Жол және жол шаруашылығы кәсіпорындары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Қозғалмалы және айналмалы бөлшектер мен тораптар; кернеу астындағы контактілі сымға түсу; өндірістік шу; желілік және жалпы діріл; ауаның төмен және жоғары температурасы

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше шарттары

Жасы он сегізге толған, медициналық қараудан өткен, еңбекті қорғау бойынша оқу курсынан өткен және мамандығына сәйкес білімі тексерілген тұлғалар жұмысқа жіберіледі

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

3

Еңбек тәжірибесі және/немесе кәсіби дайындығы болуы (білім беру ұйымының базасында қысқамерзімді курстардан өтуі немесе кәсіпорында оқуы), жалпы орта білімі болған жағдайда, алайда негізгі орта білімнен төмен емес

кемінде 1жыл

4

Еңбек тәжірибесі және/немесе кәсіби дайындығы болуы (бір жылға дейін кәсіби дайындық бағдарламалары бойынша білім беру ұйымының базасында курстардан өтуі немесе кәсіпорында оқуы), жалпы орта білімі болған жағдайда немесе негізгі орта білім базасында), еңбек тәжірибесі.

2-ші деңгейде кемінде 1жыл

Ескертпе. Теміржол-құрылыс машиналарының машинисі көмекшісі бағынышты басшылығындағы машинисен бір разрядқа төмен тарифте жұмыс істейді.
«Көтеру-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары
мен жабдықтарын техникалық пайдалану
(түрлері бойынша)» кәсіби стандартына
6 қосымша
КС бірліктерінің тізбесі  
1 кесте
Еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі  
«Теміржол-құрылыс машиналарының машинисі»
 



Шифрі

Еңбек атқарымдарының атауы ( кәсіби стандарты ның бірліктері)

Ф 1

Машиналарды қабылдау. Машиналарды жұмысқа дайындау. Жанар-жағар май материалдарын құю

Ф 2

Теміржол-құрылыс машиналарын басқару. Машиналарды техникалық күтіп-баптау және ағымдағы жөндеу; машиналардың жұмыс процесінде бұзылуларды анықтау және жою

Ф 3

Машиналардың тораптарын қарау. Машиналарды өткізу. Жабдықтарды жоспарлы-алдын алып жөндеуге қатысу

Ескерту: Ф -функция
«Көтеру-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары
мен жабдықтарын техникалық пайдалану
(түрлері бойынша)» кәсіби стандартына
7 қосымша
КС бірліктерінің сипаттамасы  
1 кесте
1. Еңбек қызметінің түрі (кәсіптің) 
«Темір жол-құрылыс машиналарының машинисі» СБШ 3-ші деңгейлі
 

Шифрі

Еңбек мәні

Еңбек құралдары

Міндеттер



Біліктілігі мен дағдысы

Білімі

Ф 1

Теміржол жолдарының жоғарғы құрылыстары, жасанды үймараттар, жер қыртыстары және балластты призма

Теміржол-құрылыс машиналары



М 1.1: Машиналарды қабылдау және жұмысқа дайындау

Рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнайы құрамдарды, буындарды сөгу машиналарын қабылдау және жұмысқа дайындау; жолдың жоғарғы құрылыстарын ағымдағы жөндеу және қамсыздандыру, жаңарту, құрылысын салу кезінде қолданылатын жұмыс тораптары және механизмдері, күш қондырғылары; жасанды үймараттар және жер қыртысы, балластты призмаларды қабылдау және жұмысқа дайындау

Күтіп-бапталатын жабдықтарды пайдалану ережесі, тағайындалуы, құрылымы және олардың жұмысты орындау технологиясы; қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария, еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар

М 1.2: Жанар-жағар май материалдарын құю

Рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнайы құрамдардың, буындарды сөгу машиналарына; жұмыс тораптары және механизмдері, күш қондырғыларына жанар-жағар май материалдарын құю

Күтіп-бапталатын жабдықтарды пайдалану ережесі, тағайындалуы, құрылымы және олардың жұмысты орындау технологиясы; еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария; жанар, жағар май материалдарын шығындау нормасы

Ф 2

Теміржол жолдарының жоғарғы құрылыстары, жасанды үймараттар, жер қыртыстары және балластты призма

Теміржол-құрылыс машиналары



М 2.1: Машиналарды басқару

Рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнайы құрамдардың, буындарды сөгу машиналарына; жұмыс тораптары және механизмдері, күш қондырғыларын басқару

Күтіп-бапталатын жабдықтарды пайдалану ережесі, тағайындалуы, құрылымы және олардың жұмысты орындау технологиясы; еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария; жол жұмыстарын орындау кезінде пойыздардың қауіпсіз қозғалуын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтар; Теміржолда маневр жасау жұмыстарында және пойыздардың қауіпсіз қозғалысы жөніндегі нұсқаулықтар; Теміржолдардағы сигнализация жөніндегі нұсқаулықтар; Теміржолдарды техникалық пайдалану ережелері

М 2.2: Машиналардың жұмыс процесінде бұзылуларды анықтау және жою

Рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнайы құрамдардың, буындарды сөгу машиналарына; жұмыс тораптары және механизмдері, күш қондырғыларының жұмыс процесінде бұзылуларды анықтау және жою

Күтіп-бапталатын жабдықтарды пайдалану ережесі, тағайындалуы, құрылымы және олардың жұмысты орындау технологиясы; бұзылулардың шығу себептері және оларды ескерту және жою әдістері; еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария; жанар, жағар май материалдарын және электр қуатын шығындау нормасы

М 2.3: Машиналарды техникалық күтіп-баптау

Рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнайы құрамдардың, буындарды сөгу машиналарына; жұмыс тораптары және механизмдері, күш қондырғыларын техникалық күтіп-баптау

Күтіп-бапталатын жабдықтарды пайдалану ережесі, тағайындалуы, құрылымы және олардың жұмысты орындау технологиясы; бұзылулардың шығу себептері және оларды ескерту және жою әдістері; электрлік, пневматикалық, гидравликалық, механикалық жабдықтарды баптау және реттеу ережелері және орындалатын жұмыстың сапасына қойылатын техникалық талаптар; еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария; жанар, жағар май материалдарын және электр қуатын шығындау нормасы

Ф 3

Теміржол жолдарының жоғарғы құрылыстары, жасанды үймараттар, жер қыртыстары және балластты призма

Теміржол-құрылыс машиналары



М 3.1: Қарау және машиналарды өткізу

Рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнайы құрамдардың, буындарды сөгу машиналарына; жұмыс тораптары және механизмдері, күш қондырғыларын қарау және машиналарды өткізу

Күтіп-бапталатын жабдықтарды пайдалану ережесі, тағайындалуы, құрылымы және олардың жұмысты орындау технологиясы; еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария; жанар, жағар май материалдарын және электр қуатын шығындау нормасы



М 3.2: Жабдықтарды жоспарлы-алдын алып жөндеуге қатысу

Рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнайы құрамдардың, буындарды сөгу машиналарына; жұмыс тораптары және механизмдері, күш қондырғыларын жоспарлы-алдын алып жөндеуге қатысу

Күтіп-бапталатын жабдықтарды пайдалану ережесі, тағайындалуы, құрылымы және олардың жұмысты орындау технологиясы; бұзылулардың шығу себептері және оларды ескерту және жою әдістері; электрлік, пневматикалық, гидравликалық, механикалық жабдықтарды баптау және реттеу ережелері және орындалатын жұмыстың сапасына қойылатын техникалық талаптар; қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария, еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар

2 кесте
2. Еңбек қызметінің түрі (кәсіптің) 
«Темір жол-құрылыс машиналарының машинисі» СБШ 4-ші деңгейлі
 

Шифрі

Еңбек мәні

Еңбек құралдары

Міндеттер



Біліктілігі мен дағдысы

Білімі

Ф 1

Теміржол жолдарының жоғарғы құрылыстары, жасанды үймараттар, жер қыртыстары және балластты призма

Теміржол-құрылыс машиналары



М 1.1: Машиналарды қабылдау және жұмысқа дайындау

Жол-құрылыс машиналарын қабылдау және жұмысқа дайындау

Күтіп-бапталатын жабдықтарды пайдалану ережесі, тағайындалуы, құрылымы және олардың жұмысты орындау технологиясы; еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария

М 1.2: Жанар-жағар май материалдарын құю

Теміржол-құрылыс машиналарына жанар-жағар май материалдарын құю

Күтіп-бапталатын жабдықтарды пайдалану ережесі, тағайындалуы, құрылымы және олардың жұмысты орындау технологиясы; еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария; жанар, жағар май материалдарын шығындау нормасы

Ф 2

Теміржол жолдарының жоғарғы құрылыстары, жасанды үймараттар, жер қыртыстары және балластты призма

Теміржол-құрылыс машиналары



М 2.1: Машиналарды басқару

Машиналарды басқару

Күтіп-бапталатын жабдықтарды пайдалану ережесі, тағайындалуы, құрылымы және олардың жұмысты орындау технологиясы; еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария; жол жұмыстарын орындау кезінде пойыздардың қауіпсіз қозғалуын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтар; Теміржолда маневр жасау жұмыстарында және пойыздардың қауіпсіз қозғалысы жөніндегі нұсқаулықтар; Теміржолдардағы сигнализация жөніндегі нұсқаулықтар; Теміржолдарды техникалық пайдалану ережелері

М 2.2: Машиналардың жұмыс процесінде бұзылуларды анықтау және жою

Машиналардың жұмыс процесінде бұзылуларды анықтау және жою

Күтіп-бапталатын жабдықтарды пайдалану ережесі, тағайындалуы, құрылымы және олардың жұмысты орындау технологиясы; бұзылулардың шығу себептері және оларды ескерту және жою әдістері; еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария; жанар, жағар май материалдарын және электр қуатын шығындау нормасы

М 2.3: Машиналарды техникалық күтіп-баптау

Балласттау және балластты-тығыздауыш, түзулегіш-қадағыш-бөлгіш және рихталы, буынжинағыш және буынбөлгіш, клеммалары және енгізілетін бұрамаларды бекіту және майлауға арналған, балдақтарды қағуға (сығымдауға) арналған, буындарды тегістеуге арналған, жол решеткаларын және бағыттауыш аудармаларын арту және тасымалдау, клеммалық және бекіткіш бұрандаларды бекітуге және майлауға арналған, кюветтерді өңдеу және кесуге арналған, жолдағы рельстерді өңдеуге арналған, жол рельстерін дәнекерлеуіш, өзі жүретін рихталы, балластты жоспарлау және бөлуге арналған, өзі жүретін рельс тазалағыш және қаржинауыш, өзі жүретін шпал алмастырғыш, электрлі жетекті жұмыс органдарының қаржинауышы және тазалауышы, шпал қадағыш, шпал жөндегіш, ұсақ тас тазалағыш; қазандық қазғыш; бұталар кескіш; суқұйғыш пойыз; кең қуыстарға жол төсегіш; рельс тегістегіш пойыз; өзі жүретін жолжөндеу ұшпалары; қаржинағыш пойыз;энергетикалық қондырғылы арнайы құрамдар: механикаландырылған артуға, түсіруге, аударуға арналған және балласт тасымалдауыш және бітеуіштер; хоппер-дозаторлар, қазандыққазғыштар, бағыттауыш аударуларын тасымалдауға арналған; рихталы агрегаттары бар электробалластерлерді техникалық күтіп-баптау

Ф 3

Теміржол жолдарының жоғарғы құрылыстары, жасанды үймараттар, жер қыртыстары және балластты призма

Теміржол-құрылыс машиналары



М 3.1: Қарау және машиналарды өткізу

Машиналарды қарау және өткізу

Күтіп-бапталатын жабдықтарды пайдалану ережесі, тағайындалуы, құрылымы және олардың жұмысты орындау технологиясы; еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария; жанар, жағар май материалдарын және электр қуатын шығындау нормасы

М 3.2: Жабдықтарды жоспарлы-алдын алып жөндеуге қатысу

Жабдықтарды жоспарлы-алдын алып жөндеу

Күтіп-бапталатын жабдықтарды пайдалану ережесі, тағайындалуы, құрылымы және олардың жұмысты орындау технологиясы; бұзылулардың шығу себептері және оларды ескерту және жою әдістері; электрлік, пневматикалық, гидравликалық, механикалық жабдықтарды баптау және реттеу ережелері және орындалатын жұмыстың сапасына қойылатын техникалық талаптар; қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария, еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар

Ескерту: М - міндеттер
«Көтеру-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары
мен жабдықтарын техникалық пайдалану
(түрлері бойынша)» кәсіби стандартына
8 қосымша
1 кесте
Мүмкін жұмыс орындары. Жол машиналарының машинисінің еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар 
 

Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары

Жол және жол шаруашылығы кәсіпорындары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Қозғалмалы және айналмалы бөлшектер мен тораптар;

кернеу астындағы контактілі сымға түсу; өндірістік шу; желілік және жалпы діріл; ауаның төмен және жоғары температурасы

Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары

Жасы он сегізге толған, медициналық қараудан өткен, еңбекті қорғау бойынша оқу курсынан өткен және мамандығына сәйкес білімі тексерілген тұлғалар жұмысқа жіберіледі

СБШ

біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

3

Еңбек тәжірибесі және/немесе кәсіби дайындығы болуы (білім беру ұйымының базасында қысқамерзімді курстардан өтуі немесе кәсіпорында оқуы), жалпы орта білімі болған жағдайда, алайда негізгі орта білімнен төмен емес

кемінде 1жыл

4

Еңбек тәжірибесі және/немесе кәсіби дайындығы болуы (бір жылға дейін кәсіби дайындық бағдарламалары бойынша білім беру ұйымының базасында курстардан өтуі немесе кәсіпорында оқуы), жалпы орта білімі болған жағдайда немесе негізгі орта білім базасында білімі), еңбек тәжірибесі

2-ші деңгейде кемінде 1жыл

Ескертпе. Жол машиналарының машинис көмекшісі бағынышты басшылығындағы машинистен бір разрядқа төмен тарифте жұмыс істейді.
«Көтеру-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары
мен жабдықтарын техникалық пайдалану
(түрлері бойынша)» кәсіби стандартына
9 қосымша
КС бірліктерінің тізбесі
1-кесте
Еңбек қызметінің түрі (кәсіптің) 
«Жол машиналарының машинисі»
 



Шифрі

Еңбек атқарымдарының атауы

Ф 1

Машиналарды қабылдау. Машиналарды жұмысқа дайындау. Жанар-жағар май материалдарын құю

Ф 2

Жол машиналарын басқару. Машиналарды техникалық күтіп-баптау және ағымдағы жөндеу; машиналардың жұмыс процесінде бұзылуларды анықтау және жою

Ф 3

Машиналардың тораптарын қарау. Машиналарды өткізу

Ескерту: Ф -функция
«Көтеру-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары
мен жабдықтарын техникалық пайдалану
(түрлері бойынша)» кәсіби стандартына
10 қосымша
КС бірліктерінің сипатаммасы  
1 кесте
1. Еңбек қызметінің түрі (кәсіптің) 
«Жол машиналарының машинисі» СБШ 3-ші деңгейлі
 

Шифрі

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Біліктілігі мен дағдысы

Білімі

Ф 1

Теміржол жолдарының жоғарғы құрылыстары, жасанды үймараттар, жер қыртыстары және балластты призма

Жол машиналары



М 1.1: Машиналарды қабылдау және жұмысқа дайындау

Рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнайы құрамдарды жұмысқа қабылдау және дайындау

Сәйкес машиналардың тағайындалуы және құрылымы, оларды пайдалану және тасымалдау жөніндегі нұсқаулықтар мен ережелер; жұмыстарды орындау әдістері және олардың сапасына қойылатын техникалық талаптар

М 1.2: Жанар-жағар май материалдарын құю

Рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнайы құрамдар ға жанар-жағар май материалдарын құю

Сәйкес машиналардың тағайындалуы және құрылымы, оларды пайдалану және тасымалдау жөніндегі нұсқаулықтар мен ережелер; материалдар мен қосалқы бөлшектерді шығындау нормалары; қолданылатын майлардың және отындардың сұрыптары мен қасиеттері, олардың технологиялық сипаттамалары, сақтау ережелері; жүргізу аясы бойынша нұсқаулықтары және ережелері

Ф 2

М 2.1: Машиналарды басқару

Рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнайы құрамдардың м ашиналарын басқару

Сәйкес машиналардың тағайындалуы және құрылымы, оларды пайдалану және тасымалдау жөніндегі нұсқаулықтар мен ережелер; жұмыстарды орындау әдістері және олардың сапасына қойылатын техникалық талаптар; жол жұмыстарын орындау кезінде пойыздардың қауіпсіз қозғалуын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтар; Теміржолда маневр жасау жұмыстарында және пойыздардың қауіпсіз қозғалысы жөніндегі нұсқаулықтар; Теміржолдардағы сигнализация жөніндегі нұсқаулықтар; Теміржолдарды техникалық пайдалану ережелері

М 2.2: Машиналардың жұмыс процесінде бұзылуларды анықтау және жою

Рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнайы құрамдар м ашиналарының жұмыс процесінде бұзылуларды анықтау және жою

Сәйкес машиналардың тағайындалуы және құрылымы, оларды пайдалану және тасымалдау жөніндегі нұсқаулықтар мен ережелер; бұзылуларды анықтау және жою әдістері

М 2.3: Машиналарды техникалық күтіп-баптау

Рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнайы құрамдар м ашиналарын техникалық күтіп-баптау

Сәйкес машиналардың тағайындалуы және құрылымы, оларды пайдалану, техникалық күтіп-баптау жөніндегі нұсқаулықтар мен ережелер

Ф 3

М 3.1: Қарау және машиналарды өткізу

Рельс өрмелерін тасымалдауға арналған арнайы құрамдар м ашиналарын қарау және өткізу

Сәйкес машиналардың тағайындалуы және құрылымы, оларды пайдалану және тасымалдау жөніндегі нұсқаулықтар мен ережелер; жұмыстарды орындау әдістері және олардың сапасына қойылатын техникалық талаптар; материалдар мен қосалқы бөлшектерді шығындау нормалары; қолданылатын майлардың және отындардың сұрыптары мен қасиеттері, олардың технологиялық сипаттамалары, сақтау ережелері

2 кесте
2. Еңбек қызметінің түрі (кәсіптің) 
«Жол машиналарының машинисі» СБШ 4-ші деңгейлі
 

Шифрі

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Біліктілігі мен дағдысы

Білімі

Ф 1

Теміржол жолдарының жоғарғы құрылыстары, жасанды үймараттар, жер қыртыстары және балластты призма

Жол машиналары



М 1.1: Машиналарды қабылдау және жұмысқа дайындау

Жол машиналарын қабылдау және жұмысқа дайындау

Сәйкес машиналардың тағайындалуы және құрылымы, оларды пайдалану және тасымалдау жөніндегі нұсқаулықтар мен ережелер; жұмыстарды орындау әдістері және олардың сапасына қойылатын техникалық талаптар

М 1.2: Жанар-жағар май материалдарын құю

Тиісті жол машиналарына жанар-жағар май материалдарын құю

Сәйкес машиналардың тағайындалуы және құрылымы, оларды пайдалану және тасымалдау жөніндегі нұсқаулықтар мен ережелер; материалдар мен қосалқы бөлшектерді шығындау нормалары; қолданылатын майлардың және отындардың сұрыптары мен қасиеттері, олардың технологиялық сипаттамалары, сақтау ережелері; жүргізу аясы бойынша нұсқаулықтары және ережелері

Ф 2

М 2.1: Машиналарды басқару

Машиналарды басқару: пойыздарды (қаржинағыш, рельстүзілегіш); түзулегіш-қадағыш-бөлгіш және рихталы, буынжинағыш және буынбөлгіш, клеммалары және енгізілетін бұрамаларды бекіту және майлауға арналған, балдақтарды қағуға (сығымдауға) арналған, буындарды тегістеуге арналған, жол решеткаларын және бағыттауыш аудармаларын арту және тасымалдау, клеммалық және бекіткіш бұрандаларды бекітуге және майлауға арналған, кюветтерді өңдеу және кесуге арналған, жолдағы рельстерді өңдеуге арналған, жол рельстерін дәнекерлеуіш, өзі жүретін рихталы, балластты жоспарлау және бөлуге арналған, өзі жүретін рельс тазалағыш және қаржинауыш, өзі жүретін шпал алмастырғыш, электрлі жетекті жұмыс органдарының қаржинауышы және тазалауышы, шпал қадағыш, шпал жөндегіш, ұсақ тас тазалағыш; қазандық қазғыш; бұталар кескіш; суқұйғыш пойыз; кең қуыстарға жол төсегіш; рельс тегістегіш пойыз; өзі жүретін жолжөндеу ұшпалары; қаржинағыш пойыз;энергетикалық қондырғылы арнайы құрамдар: механикаландырылған артуға, түсіруге, аударуға арналған және балласт тасымалдауыш және бітеуіштер; хоппер-дозаторлар, қазандыққазғыштар, бағыттауыш аударуларын тасымалдауға арналған; рихталы агрегаттары бар электробалластерлерді, рельстерді балшықтан тазалауға, жолдарды рельстерді өңдеуге, жолды тұрақтандыруға арналған, өндірістік электроникамен, машинаның жеке жұмыс тораптарымен, механизмдерімен жабдықталған машиналарды басқару

Сәйкес машиналардың тағайындалуы және құрылымы, оларды пайдалану және тасымалдау жөніндегі нұсқаулықтар мен ережелер; жұмыстарды орындау әдістері және олардың сапасына қойылатын техникалық талаптар; жол жұмыстарын орындау кезінде пойыздардың қауіпсіз қозғалуын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтар; Теміржолда маневр жасау жұмыстарында және пойыздардың қауіпсіз қозғалысы жөніндегі нұсқаулықтар; Теміржолдардағы сигнализация жөніндегі нұсқаулықтар; Теміржолдарды техникалық пайдалану ережелері

М 2.2: Машиналардың жұмыс процесінде бұзылуларды анықтау және жою

Жол машиналарының жұмыс процесінде бұзылуларды анықтау және жою

Сәйкес машиналардың тағайындалуы және құрылымы, оларды пайдалану және тасымалдау жөніндегі нұсқаулықтар мен ережелер; бұзылуларды анықтау және жою әдістері

М 2.3: Машиналарды техникалық күтіп-баптау

Жол машиналарын техникалық күтіп-баптау

Сәйкес машиналардың тағайындалуы және құрылымы, оларды пайдалану, техникалық күтіп-баптау жөніндегі нұсқаулықтар мен ережелер

Ф 3

М 3.1: Қарау және машиналарды өткізу

Жол машиналарын қарау және өткізу

Сәйкес машиналардың тағайындалуы және құрылымы, оларды пайдалану және тасымалдау жөніндегі нұсқаулықтар мен ережелер; жұмыстарды орындау әдістері және олардың сапасына қойылатын техникалық талаптар; материалдар мен қосалқы бөлшектерді шығындау нормалары; қолданылатын майлардың және отындардың сұрыптары мен қасиеттері, олардың технологиялық сипаттамалары, сақтау ережелері

«Көтеру-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары
мен жабдықтарын техникалық пайдалану
(түрлері бойынша)» кәсіби стандартына
11 қосымша
Келісу парағы  
 

Ұйым атауы

Келісу күні

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі



 Осы КС ____________________________________________тіркелді
 КС Кәсіби стандарттар тізіліміне енгізілді, тіркеу №____________________
 Хат (хаттама) № ___________ Күні__________________