• Мое избранное
«Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
 Жоба
 Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің  
 2014 жылғы « »  
 № қаулысымен бекітілген
Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесі
 

Балық аулау құралдарының кәсіпшілік түрлері

1

Бірінші топты ұяшықтайтын аулау құралдары құрайды:

Қойылмалы және жүзбелі аулар

2

Екінші топты белсенді сүзетін аулау құралдары құрайды:

Лақтырмалы жылымдар (өзенде, көлде және теңізде)

Бұрап лақтырма жылымдар (шиланды)

3

Үшiншi топты тралдық аулау құралдары құрайды:

Тралдар

Ысырғыштар

4

Төртінші топты кіші топтарға бөлінетін стационарлық аулау құралдары құрайды:

Бірінші кіші топты ашық тұзақтар құрайды:

Қойылмалы жылымдар (скипаскалар, мадрагалар, каравиялар)

Екінші кіші топты жабық тұзақтар құрайды:

Вентерлер (секреттер, мереждер, рюжидер, нередтер, сижидер, тальяндар, құрмалар, кішкентай шаянұстағыштар)

Үшiншi кіші топты бекітіліп тасталатын тұзақтар құрайды:

Ілмекті қабырғалар (ілікпетас, торлы дуалдар, сырғауыл дуалдар)

5

Бесінші топты жемделетін және жемделмейтін қармақ аулау құралдары құрайды:

Жемделетін (троллдар, ярустар)

Жемделмейтін (гарпундар)



6

Алтыншы топты «басқа» аулау құралдары құрайды:

Балық сору қондырғылары

Конустық торлар

Артемия жұмыртқаларын жинауға (торлы дорбалар, асауыштар)

Балық аулау құралдарының кәсіпшілік емес түрлері**

1

Қармақ:

(қалтқылы, тереңдік, жерлицалар, үйірме)

2

Кішкентай жылтырағы бар қармақ - мормышка

3

Қапты ілмек

4

Су астыңдағы аңшылыққа арналған қару

5

Әр түрлі модификацияланған спиннингтер

Балық аулау әдістері

1

Балықты ұяшықтау арқылы аулау.

Бұл әдіс торлы қабырға түріндегі аулау құралы балықтардың қозғалу жолдарына қоюмен түсіндіріледі. Торлы қабырғалардан өтпекші болған балықтар торлы ұяшықтарда тұрып қалады.

2

Балықты сүзгіштер арқылы аулау.

Бұл әдіс торлы кенеп су қойманың бір бөлігіне лақтырылып, кейін аулау құралы жағалауға немесе кеме бортына тартылумен түсіндіріледі. Басқа кең таралған атауы – жылымдар.

3

Тралдау арқылы балық аулау.

Бұл әдіс ерекше құрылымы бар торлы қапшық түріндегі аулау құралы су қоймасына тартылып, тралданып жолда кездескен балықтарды ұстаумен түсіндіріледі.

4

Қозғалмайтын (стационарлық) тұзақтар көмегімен балық аулау.

Бұл әдіс балықтың еркін кіріп, кейін кері шығуына шығудың ерекше құрылымы қиындататын әр түрлі қозғалмайтын тұзақтар қойылумен түсіндіріледі.

5

Қармақтық аулау құралымен балық аулау жергілікті халықтың жеке тұтынуына арналған немесе әуесқойлық (спорттық) балық аулау құралы болып табылады.

6

Балық сорғыш қондырғылар көмегімен балық аулау.

Аулау принципі балық сорғыш қондырғысының қабылдау шлангысы суға тасталып, оны балықпен бірге кемеге сорып алумен түсіндіріледі.

  Ескертпе:  
  *әр түрлі модификацияланған аулау құралдары жіберіледі, алайда бұл ретте оның негізгі құрамдас бөліктері өзгермеуі тиіс.
  **барлық кәсіпшілік емес қармақтық аулау құралдары көлемі №12 кем емес қармақтармен жабдықтандырылады.  
 «Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттілігін негіздеу

2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 8 бабы 24-16) тармақшасына сәйкес

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанып отырған әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулысы жобасын қабылдаған жағдайда теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқтырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанып отырған қаржы шығындары

Осы қаулы жобасын жүзеге асыру барысында қаржы шығындары талап етілмейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімдері және болжанып отырған тиімділігі

Қаулы жобасының қабылдануы Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін белгілейді

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған Президенттің және /немесе Үкіметтің актілері және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер







Жоқ

7.

Заңнаманы кейіннен жобамен сәйкес келтірудің қажеттілігі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 296 бұйрығының күші жойылды деп тану қажет

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелерi

Қажет етілмейді

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұтқыр кеңсесі» ақпараттық жүйе арқылы Үкімет мүшелерінің ұтқыр құрылғыларын материалдарды (көшірмелер) беруге рұқсат етіледі



11.

Жобаның интернет - ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Қоршаған

орта және су ресурстары Министрлігінің арнайы сайтында ( www.eco.gov.kz ) және мемлекеттік органдардың интранет желісінде жарияланған

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

2014 жылғы 19 маусымда № 16-01-24/2412 Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары Министрлігінің арнайы сайтында ( www.eco.gov.kz ) баспасөз релизі жарияланған

  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков