• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Түтін және желдеткіш өнеркәсіптік құбырларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 380 бұйрығымен бекітілген

  • 1
Түтін және желдеткіш өнеркәсіптік құбырларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы Түтін және желдеткіш өнеркәсіптік құбырларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар бұдан әрі - Талап) Қазақстан Республикасы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» заңының 7-бабы 17-1) тармағына сәйкес өңделді және түтін және желдеткіш өнеркәсіптік құбырларының құрылысына, пайдалануға, тексеруге, жөндеуге және таратуға пайдаланылады.
2. Пайдаланудағы кәсіпорындарда қайтадан салынған, қайтадан конструкцияланған немесе қайтадан консервацияланған құбырлар пайдалануға күрделі жөндеуден немесе қайтадан таратылғаннан кейін қабылданады.
3. Бұру газдарының температурасы 100 °С артық кірпіш футеровкалы кірпіш, темір бетон және металл құбырларды іске қосу алдында, жұмыстарды ұйымдастыру жоспарына сәйкес, күрделі жөндеуден немесе жұмыста 10 тәуліктен артық үзілістен кейін жобалық құжаттамаға сәйкес іске қосу алдында кептіріледі.
4. Өндірістік құбырлардың таңбаланған бояуы және жарықтан қоршауы болады. Құбырларды күндізгі таңбалау мен жарықтан қорғау олардың болуы туралы ақпаратқа арналған және жергілікті орында анық ерекшеленеді, барлық бағыттан көрінеді және бір-бірінен бірден ажыратылатын екі түсі: қызыл (қызғылт сары) және ақ болады.
Түтін құбырларында жоғары шамдар құбыр кесігінен 1,5-3,0 м төмен орналастырылады. Қоршау шамдарының саны мен орналасуы әр қабатта ұшудың (азимуттың кез келген бұрышымен) кез келген бағытында кемінде екі қоршалатын шам көрінетіндей болып орналасады. Жарықтық қоршау тәуліктің қараңғы уақытындағы (күн батқаннан шыққанға дейін), сондай-ақ тәуліктің жарық уақытында көріну нашар (тұман, түтін, қар, жаңбыр және т.б.) болған кездегі жұмысқа арналған. Құбырлардың жоғарғы орындарында екі шамнан, негізгі шамның қатардан шыққан жағдайында резервті шамды автоматты іске қосатын құрылғы болған кезде бір шам орнатылады.
5. Құбырларды пайдалану және техникалық қызмет көрсету өндіріс ерекшелігін есепке алатын, технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
Технологиялық регламент - өндіріс тәсілдерін, технологиялық нормативтерді, техикалық құралдарды, шарттарды және технологиялық процессті жүргізу тәртібін орнататын, стандарттардың талаптарына жауап беретін сапа көрсеткіштерімен дайын өнімді алуды қамтамасыз ететін, сондай-ақ жұмысты жүргізу қауіпсіздігін және өндірістің оңтайлы техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізуін орнататын кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаты.
2-тарау. Техникалық жағдайды ұстау мен бақылау
1-параграф. Жалпы ережелер
6. Технологиялық агрегаттардың (құрылғылардың) түтін және желдеткіш өнеркәсіптік құбырларын пайдаланатын ұйымның басшылығы қауіпсіз пайдалануды, тексерісті уақытылы жүргізуді және құбырларды жөндеуді қамтамасыз етеді.
7. Ұйымда құбырларға техникалық қызмет көрсету, қауіпсіз пайдалану және уақытылы жөндеу жүргізуге өндірістік бақылау қызметі ұйымдастырылып, қызмет жасайды.
Ұйымдастыру бойынша бұйрықпен технологиялық агрегаттарды (құрылғыларды) қауіпсіз пайдалану мен техникалық жағдайын тексеруді жүргізу үшін арнайы дайындықтан өткен тұлға тағайындалады.
8. Ұйымда білікті мамандар болмаған және меншікті қызмет құру мүмкін болмаған жағдайда құбырларға техникалық қызмет көрсету, қауіпсіз пайдалану және уақытылы жөндеу жүргізуді қадағалау мамандандырылған ұйымдар күшімен жүргізіледі.
Бұл жағдайда ұйым жетекшісі мамандандырылған ұйыммен өзара әрекер ететін тұлға тағайындайды.
9. Әр ұйымда ұңғылардың тіктігін және құбыр іргетастарының шөгулерін кезеңді қарау, тексеру және қадағалау кестесі өңделеді.
10. Ұйым әрбір құбырға құбырдың техникалық сипаттамасын, құбырды пайдалануға енгізу мерзімін, шығарылатын газдар сипаттамасын, жөндеу жүргізу кезіндегі тексеру нәтижесі бойынша құбырлардың жағдайын және барлық құрылымдық өзгерістер туралы 1-қосымшаға сәйкес паспорт дайындайды.
11. Құбырды пайдаланатын ұйым әр құбырға төмендегідей техникалық құжаттама сақтайды:
1) құрылысы біткен құбырды пайдалануға қабылдау актісі. Актіге:
жоба авторымен келісілген, осы сызбалармен орындалған жұмыстардың сәйкестігін растаумен немесе оған енгізілген өзгерістерді көрсетумен құбырдың жұмыс сызбаларының жиынтығы. Жұмыс сызбаларының аталған жиынтығы атқару құжаттамасы болып табылады;
сертификаттар, құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланылған материалдар, құрылымдар және бөлшектер сапасын куәландыратын техникалық паспорттар мен басқа да құжаттар;
жабық жұмыстарды куәландыру актісі;
жұмыс өндірісі журналы.
2) құбырды пайдалануға іске қосар алдында және құрылыс, консервациялау немесе жөндеу жұмыстары аяқталған соң, құбырды кептіру мен қыздыру жұмыстарына актілер;
3) жұмыстың нақты режимі (температура, көлем және шығарылатын газдардың құрамы және т.б.) туралы мәліметтерімен құбырды пайдалану журналы, мамандандырылған ұйымдар тексерісі нәтижесі бойынша қарау, жүргізілген жөндеулер мен қорытындылар актілері;
4) атқару схемаларымен құрылыс процесінде құбыр қисаюлары мен шөгулерді бақылау журналы қоса беріледі.
12. Құбыр бойынша құжаттаманың болуы мен жүргізілуін объекті пайдаланушы ұйым жүргізеді.
13. Ұйым құбырды пайдаланудың жобалық температура-ылғалдық режимін сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл ретте:
отынның жылу агрегаттарында (құрылғыларда) толық жануы;
сақтандырғыш клапандар мен түтін сорғылар және түтіндік құрылғылардың ақаусыз жағдайы;
газдың құбырда толық және шартсыз жануын болдырмау;
шиберлер, газ жүргізгіштердің және олардың қиысуларының тығызсыздығы арқылы ауаның сорылуын түзету;
құбырға ылғалдылығы жоғары және температурасы төмен немесе жобалық мәннен жоғары химиялық агрессивті газдардың түсу мүмкіндігін болдырмау қамтамасыз етіледі.
14. Ұйым шығарылатын газдардың химиялық құрамы мен олардың технологиялық агрегаттардың (құрылғылардың) жұмысы кезінде температурасына жүйелі бақылау қамтамасыз етеді, құбырды пайдаланудың жобалық режимін қалпына келтіру бойынша шаралар уақытылы қабылданады.
Отын түрін өзгерткен, шығарылатын газдардың температурасын, көлемін немесе химиялық құрамын ұстау мүмкін болмаған кезде жобалық мән диапазонында технологиялық агрегаттардың (құрылғының) толық жылу техникалық жөндеуі немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы жүргізіледі.
15. Күл, күлдік бөліктерді көп шығарумен сипатталатын түтіндік газдарды шығару кезінде түтін құбырларының ұштары оған тұрып қалған күлден кезең сайын тазартылады. Тазалау технологиялық агрегаттардың жөндеуге тоқтатылған кезінде жүргізіледі.
Өндірістік құбырларды қарау, тексеру, қызмет көрсету мен жөндеу міндетті түрде жеке қорғаныс құралдарын (каска, көзілдірік, монтаждау белдігі, респиратор) және жұмысты ұйымдастыру жоспарында көрсетілген басқа құралдарды пайдаланумен жүргізіледі.
16. Өндірістік құбыр іргетасы астында тегіс емес шөгінділерді болдырмау үшін:
құрылыс кезінде қазылған құбыр іргетасына арналған қазан шұңқырлар топырақпен толтырылады және іргетас тұрғызылғаннан кейін тығыздалады;
түтін құбырының және артық суларды ағызуға арналған жауын канализациясының периметрі бойынша белдік жағдайының ақаусыздығын қадағалау;
құбыр іргетасынан кемінде 100 м қашықтықта орналасқан су және канализация жүйесі жағдайының ақаусыздығын қадағалау және қажетті жағдайларда оларды су өтпейтін тоннельдерге орналастыру;
өндірістік құбырдан кемінде 40 м жақын қашықтықта орналасқан темір жолдар арқылы өтетін поездар мен басқа да механизмдердің қозғалыс жылдамдығын шектеу (5 км/сағ дейін);
темір жол составтарының өту немесе жарылыс жұмыстары, топырақтың ритмді тербелуін туғызатын құбырларға жақын жердегі машиналар мен механизмдерге жұмыс жағдайында сейсмикалық әсерге, тербелуді өткізбейтін борпылдақ материалдармен толтырылатын іргетас негізіне дейін тереңдікте траншея түрінде тұншықтырғыш құрылғылар есебін жобамен қарастыру;
құбырға жақын жерде жаңа құрылыстар жүргізу кезінде іргетас астында құбыр негізінің салмақ түсу қабілетінің бұзылу немесе олардың тегіс болмай шөгу мүмкіндігін болдырмайтын тиісті шаралар қабылданады. Қиысатын іргетастардың орындарында және есепті жолмен анықталатын осы іргетастар қазаншұңқырларының әсер ету аймақтарында іргетас астарымен олардың астары бір деңгейде құбыр іргетасы асты деңгейінен 0,4 - 1,0 м тереңдікте шпунтті қатарға бекітіледі.
17. Құбырға газ жеткізгіштерді қосу орындарында құбыр ұңғымасын (іргетасын) газ жеткізгіштерден ажырататын бұзылған тігістердің сапасы және олардың герметикалығы тексеріледі.
18. Күлдік түбіндегі белгіден асатын жер асты суларының жоғары деңгейінде іргетас материалдарына қатысты агрессиялы жер асты сулары болған кезде, оның сыртқы жағына жер асты суларының барынша көп деңгейінен 0,5 м асатын белгіге дейін гидро оқшаулау орнатылады.
19. Рұқсат берілмейді:
құбырға қосымша жылу агрегаттарын немесе желдеткіш каналдарын қосуға, пайдаланудың температура-ылғалдық режимін өзгертуге, ұңғыны реттеуге, іргетас пен құбыр айналасында қосымша саңылаулар мен тесіктер орнатуға, құбырларда жарнама, антенна және басқа да құрылғыларды орнатуға;