• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы нормативтік актіні бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы нормативтік актіні бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 442 бұйрығы

«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мұнай газ өндіру саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы С. Б. Ахметовке жүктелсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр В. Божко
Қазақстан Республикасы
 Төтенше жағдайлар министрінің
 2010 жылғы 21 желтоқсандағы
 № 442 бұйрығымен бекітілген
  • 1
Мұнай газ өндіру саласындағы өнеркәсіптік  қауіпсіздік талаптар
Кіріспе
1. Осы Мұнай газ өндіру саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (бұдан әрі - Талаптар) мұнай, газ және газ конденсатты кен орындарын жобалауға, салуға, пайдалануға, жабуға және жоюға қолданылады.
2. Талаптарда қолданылатын қысқартулар қолданылған қысқартуларда көрсетілген.
3. Мұнай, газ және газ конденсатты кен орындарын (бұдан әрі - МГК) игеру объектілері үшін технологиялық регламенттер, өндірістік бақылау туралы ереже және апатты жою жоспары (бұдан әрі - АЖЖ) жасалады.
Технологиялық регламент - өндіріс әдістерін, технологиялық нормативтерді, техникалық құралдарды, технологиялық үрдісті жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейтін, сапа көрсеткіштерімен дайын өнімді алуды қамтамасыз ететін, стандарттардың талаптарына жауап беретін, сондай-ақ жұмыс жүргізуді белгілейтін және өндірістің тиімді техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізетін, кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаты.
1 - тарау. Жобалау
4. Ұңғымаларды таукен-геологиялық жағдайларда салудан тез өзгерістері жоқ кен орындарын (алаңдарды) бұрғылау кезінде келесі факторлардың жалпы болуы кезінде бірнеше ұңғымаларды бұрғылауға топтық және аймақтық жобаларды жасауға жол беріледі: 
1) ұңғыманың пайдаланылуы (іздеу, барлау, пайдалану, арнайы);
2) ұңғыма оқпаны бойынша жобалық тереңдіктер. Жұмыс жобасы бойынша орташа тереңдіктен ± 250 м шегінде ауытқулары бар ұңғыманы қосуға жол беріледі (деңгейжиек учаскесінің ұзындығы 500 м артпағанда еңісті-бағытталған бұрғылау және көлденең учаскелер үшін ± 500);
3) ұңғымалардың құрылымы - обсадты бағаналардың және олардың санының бірдей диаметрі (бағытын есепке алмағанда). Обсадты бағананың ұзындығының жұмыс жобасында көрсетілгеннен ауытқуы ± 250 м аспайды (еңісті - бағытталған бұрғылау және көлденең ұңғымалар үшін ± 500 м);
4) бұрғылау ерітіндісінің тығыздығының ауытқуы жобамен белгіленген шекті мөлшерден 0,02 г/см3  аспайды, мұнай газ су көрінулерін жою жағдайларынан басқа;
5) ұңғымаларды салу және пайдаланудың таукен-геологиялық жағдайларын;
6) жер қойнауын пайдалану жағдайларын.
5. Жоба келесі мәліметтерді қамтиды:
1) жұмыс ауданының географиялық және климаттық сипаттамаларын;
2) бұрғылаудың таукен-геологиялық жағдайларын;
3) ұңғыманы салуға геологиялық-техникалық нарядты;
4) гидроүзілудің қабатты (тесікті) қысымдарының біріктірілген кестесі, ұңғыманың құрылымының негіздемесі және бұрғылау ерітіндісінің тығыздығы;
5) обсадты бағаналарды есептеу үшін шығыс мәліметтері, есептік формулар және төзімділік қорының коэффициентімен жинақтаудың қорытынды кестелері. Бағаналардың технологиялық жабдықталуының тізімі (шамшырақтар, қапсырмалар, пакер және басқалар);
6) бұрғылау әдісі және тиімді режимдері;
7) қабырғаның тобын, төзімділігін, қалыңдығын және төзімділік қорын, жинақтауларды көрсете отырып, бұрғылау құбырларын және бұрғылау бағанасының астын жинақтау;
8) ұңғыманы шаюдың гидравликалық көрсеткіштері;
9) цементтеу әдісі және гидравликалық көрсеткіштері. Тампонажды материалдың типі, оның тасының және ерітіндісінің қасиеті;
10) цементтеу үрдісін бақылау және тампонажды ерітіндіні ұстау және қатырудан кейінгі бекіту жағдайын бақылау бойынша жұмыстар тізімі;
11) ұңғыманы игеру әдістері, ұңғымада қабаттарды сынау, үлгі алу, ағындарды сәйкестендіру әдістері және геологиялық-геофизикалық зерттеулердің көлемі. Қабаттарды (перформацияларды) екінші рет аршу технологиясы және техникасы;
12) ұңғыма сағасын байлау сызбалары, тастамаға қарсы жабдықтың (бұдан әрі - ТҚЖ) типі мен мөлшері;
13) бұрғылау қондырғысының типін таңдау және оны орналастырудың қабылданған сызбасының негіздемесі, қосымша жинақтаушы механизмдер, агрегаттар, қауіпсіздік құралдары;
14) өндірістік қалдықтарды тазалау және жою, ағынды суларды қайтадан пайдалану, өңделген бұрғылау ерітіндісінің және қождың олардың пайдалану кезінде қоршаған ортаға кері әсерін бейтараптау, табиғи газдарды жою немесе қабатқа инжекция бойынша технологиялық үрдістер және техникалық құралдар.
6. Жоба кен орнын игерудің геологиялық барлау жұмыстары жобасы және технологиялық жоба (сызба) негізінде жасалатын, ұңғыманы салуға жобалауға тапсырыс негізінде жасалады. Жобалауға шығыс мәліметтерінің толықтығы мен шындығын тапсырыс беруші, жобаның сапасын - жасаушы қамтамасыз етеді.
7. Жобалық шешімдерде келесіні қарастырады:
1) қауіпсіз қашықтықтар мен тазалық-қорғаныс аумағын ескере отырып мұнай газ өңдеу объектілерінің орналасуы (1 - қосымша);
2) ұңғыма өнімін жинаудың, дайындаудың және тасымалдаудың қымталған жүйесі, зиянды заттарды және жолай кездесетін газдарды жою;
3) апатқа қарсы және өртке қарсы қорғаныс, одақтасу, қауіпті және апаттық жағдайлардың алдын алу бойынша қорғаныс және белгі беру құрылғыларының жүйесі;
4) қауіпті өндірістік факторларды анықтау, оларды пайдалану, авариялар, инциденттер кезіндегі персоналға, өмірмен қамтамасыз ету объектілеріне, қоршаған ортаға әсері, олардың қауіпті әсер етуінің алдын алу бойынша шаралар; 
5) объектілерді автоматтандыру және телеметриялық бақылау және технологиялық үрдісті бақылау орындарында ақпаратты қабылдауды және тіркеуді қамтамасыз ететін;
6) ауаның ластануын ерте анықтау үшін әуе ортасын автоматты бақылау жүйесінің құралдарымен қамтамасыз ету;
7) бұзылмайтын бақылау және жабдықты, құбыр жолдарын, металл құрылымдарды коррозияға қарсы қорғаныс әдістерін қолдану;
8) технологиялық үрдісті автоматты бақылау жүйесін құру (бұдан әрі - ТҮ АБЖ);
9) объектілерді өрт техникасымен және өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету (2 - қосымша);
10) апаттық байланыс пен құлақтандырудың тұрақты өндірістік және автономды жүйесін ұйымдастыру;
11) персоналды жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;
12) өндірістік қалдықтарды, жанатын, зиянды және улы заттарды бейтараптандыру және жою;