• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Құбыр өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 380 бұйрығымен бекітілген

Құбыр өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құбыр өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар (бұдан әрі - Талап) Қазақстан Республикасы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» заңының 7-бабы 17-1) тармағына сәйкес өңделді және белгіленген тәртіпте өңделетін және бекітілетін құбыр өндірісін жобалауға, құрылысына, пайдалануға, қайта салуға, кеңейтуге, техникалық қайта жабдықталуға, консервациялауға, таратуға пайдаланылады.
2-тарау. Құбыр өндірісі мен дайын өнімге арналған дайындау қоймалары
2. Құбыр мен дайын өнімді дайындау қоймаларындағы тиеу және түсіру жұмыстары механикаландырылған және технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
Технологиялық регламент - өндіріс тәсілдерін, технологиялық нормативтерді, техикалық құралдарды, шарттарды және технологиялық процессті жүргізу тәртібін орнататын, стандарттардың талаптарына жауап беретін сапа көрсеткіштерімен дайын өнімді алуды қамтамасыз ететін, сондай-ақ жұмысты жүргізу қауіпсіздігін және өндірістің оңтайлы техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізуін орнататын кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаты.
3. Құбыр дайындамасын тиеу технологиясы қысқа дайындамаларды ұзын дайындамалармен бір пакетке салуды болдырмайды.
4. Темір жол тұйықтары бойындағы дайындама мен дайын өнім қоймаларында ені кемінде 0,8 м эстакадалар орнатылады.
5. Дайындама қоймалары сөрелермен және дайындамаларды салатын қалталармен жабдықталады. Дайындама қатарлары арасындағы өтетін жолдар кемінде 1,0 м болады.
6. Мұзбен және қармен жабылған дайындамаларды сындыруға және кесуге рұқсат берілмейді. Мұз бен қардың еруі сумен толтырылған металл ванналарда жылытумен немесе термиялық өңдеумен, жергілікті сору құрылғыларымен жүргізіледі.
7. Сыққыш жұмыс сөрелері дайындаманы беру үшін рольгангы алдында рольгангіге бір уақытта екі дайындаманың қатар түсуін болдырмайтын ұстағыш құрылғымен жабдықталады.
8. Дайындаманы сындыруға арналған сыққыштар қысқышпен немесе сындыру кезінде дайындаманы ұстауға арналған тіреумен жабдықталады.
9. Дайындаманы өлшеу ұзындықтарына сындыру кезінде дайындама ұзындығын талап етілетін ұзындыққа реттеу үшін тіреу орнатылады, тіреу қозғалысы механикаландырылған.
10. Дайындама мен сыққыштың шығу рольгангын сұрыптауға арналған сөрелер бағыттаушы барьермен жабдықталады.
Сөрелерде қабылдау қалталары алдында дайындаманы ұстауға арналған механикаландырылған тіреулер орнатылады.
11. Дайындаманы қабылдау қалтасында дайындаманы ұзындығы бойынша сындыру мен сұрыптаудан кейін тегістеу механикаландырылған.
12. Дайындаманы қалталарға салады. Қалта ені пакеттердің қауіпсіз строповкасын қамтамасыз етеді. Пакеттерді орналастырудың шекті биіктігі қалта тіреулерінде габаритті сызықтармен белгіленеді.
13. Дайындама пакеттері қалталарға төсемдермен салынады. Төсем ұштары қала аралығындағы өтетін жерлерге шығып тұрмайды.
14. Қызмет көрсетуші персоналдың қалта тіреулері арасындағы жарыққа өту үлкендігі кемінде - 0,7 м, ал салынған дайындама бүйірлері және тіреулер арасында кемінде - 1,0 м.
Өтетін орындардың металл тірек түрінде жабыны болады. Тіректер құрылымы мен қалталардың тік тіреулеріне бекіту тәсілі тіректердің үзілу мүмкіндігін болдырмайды.
Қалта тіреулерінің биіктігі 2,2 м аспайды.
Дайындаманы қалталар арасындағы жабынға салуға рұқсат берілмейді.
15. Дайындаманы қалтаға салу биіктігі, пакеттерді салу кезіндегі қатар биіктігі 2,0 м кем болмайды.
16. Құймаларды барлық периметрі бойынша қатарластыру алаңы тірегіш тіреулерімен және қоршаулармен жабдықталады.
17. Дөңгелек құймаларды қатарластыру үйілген едендерде жүзеге асырылады.
18. Құймалардың механикаландырылған салынуы кезіндегі қатар биіктігі 2,5 м артық емес, ал салуды кран асты жұмыскері жүргізген кезде - 1,7 м.
Құймалар қатарларға олардың бүйірлері өтетін жаққа қарап тұратындай орналастырылады. Құйма қатарлары арасындағы өтетін орын ені кемінде - 1,0 м.
19. Құймаларды жөндеуге арналған бағыттаушы сөрелер сөре деңгейінен кемінде 1,0 м биіктікте жоғары болады.
20. Құймаларды орталықтандыру операциясы механикаландырылған.
21. Сауыттарды (гильзаларды) қатарластыру тірегіш тіреулері арасындағы қалталарда немес қатарларда жүргізіледі. Сауыттарды (гильзаларды) қатарластыру кезіндегі қатар биіктігі осы Талаптың 18-тармағына сәйкес болады.
22. Орамдар қатарларға 4,0 м дейінгі биіктікпен қойылады.
23. Орамдарды қоймадан цехтың жұмыс аралығына және лентаны кесу аралығындағы машинаға беру орамдарды домалатқышпен жабдықталған механизм көмегімен немесе жүк қарпығыш кранмен жабдықталған электр мосты крандармен жүргізіледі.
24. Орамдарды тасымалдауға арналған механизм дыбыстық сигналмен жабдықталады.
25. Үлкен және кіші диаметрлі ораулар бөлек қатарланады.
26. Қатарластыруға арналған сөрелер құрылымы орауларды түсіру кезінде олардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
27. Штрипсілер пакеттері оларды тиеу мен тасымалдау кезінде пакеттердің шашылу және штрипстердің қысқа жолақтары түсіп қалу мүмкіндігін болдырмайтындай байланады.
28. Штрипсілер жалпағымен немесе бүйір бетке байланып салынады, бұл ретте қатарлар тіреулермен бекітіледі.
29. Сыққыш-қайшыларға ұштарын кесуге штрипстерді беру және оларды жинау операциясы механикаландырылған.
30. Дұрыс машинаның иіндері саңылауы бар сақтандырғыш қабатпен және лента мен штрипстерді иінге беруге арналған бағыттағыштармен жабылады.
31. Дұрыс машинаның штрипстердің орамдарын орауға арналған орағыштары тормен немесе металл табақтармен қоршалады.
32. Кесілген штрипстерді салуға арналған қайшылардың қалталарының кесілетін штрипстің ұзындығын реттеу үшін тіреуі, бүйір қабырғалары болады.
33. Табақтар қорабын қатарға жүкқарпығыш жабдықтармен салуды төсемдермен, электр магниттермен салуды - төсемсіз жүргізеді. Табақтарды электр қатармен қатарластыру кезінде қатар биіктігі кемінде 3,0 м, ал кран асты жұмыскерімен қатарластыру кезінде - 1,5 м. Бұл ретте табақ қорабын көлденең қатарластыру және қатар тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.
34. Дайын өнім қоймасы құбырлардың домалауын болдырмайтын қалталармен жабдықталады. Қалта тіреулері арасындағы қашықтық барынша аз ұзындықтағы құбырларды қатарластыруға мүмкіндік береді. Жекелеген қалталар арасындағы өту ені 1,0 м кем болмайды.
35. Әр түрлі диаметрлі құбырларды қатардың бір қатарына қатарластыруға рұқсат берілмейді.
36. Диаметрі 500 мм дейінгі құбыр штабелінің биіктігі оларды жүк қарпығыш жабдықпен қатарластыру кезінде 2,0 м артық болмайды. Қалта тіреулері арасындағы еден деңгейінен 1,0 м дейінгі белгімен төсем (алаң) құрылғысы кезінде стропшының (сұрыптаушы-тапсырушы) өтуі үшін құбырларды биіктігі 3,0 м дейінгі қатарға қатарластыруға, ал құбырларды механикалық қатарластыру кезінде (кран асты жұмыскерінің қатысуынсыз) қатарластыру биіктігі пайдаланылатын механикаландыру құрылғысы мүмкіндігіне қарай анықталады. Құбырлар пакетін қатарластыру төсемдермен жүргізіледі. Қалта ені жекелеген құбырларды немесе құбырлар пакетін ыңғайлы және қауіпсіз қарпуды қамтамасыз етеді.
Диаметрі 500 мм артық құбырларды тіреу аралығына қатарластырады. Қалта мен сөрелер тіреулерінде құбырларды қатарластыру үшін қатарластырудың шекті биіктігін көрсететін габаритті сызықтар жүргізіледі.
Құбырлар қатарлары арасында өтетін орындар туғызатын көршілес қалталар (сөрелер) тіреулері жоғары бөлігінде көлденең бекітіледі. Құбырларды қалталар мен сөрелерге көлденең, аталған көлденеңдерге қатарластыруға рұқсат берілмейді.
37. Жылжымалы қалталар құрылымы олардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
38. Пакеттеу және құбырларды байлау операциясы механикаландырылған.