• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Құю өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 380 бұйрығымен бекітілген

Құю өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құю өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар (бұдан әрі - Талап) Қазақстан Республикасы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» заңының 7-бабы 17-1) тармағына сәйкес өңделді және құю өндірісінің жобалануына, құрылысына, пайдалануына және қайта салынуына пайдаланылады.
2. Қайта салынған және қайта құрылған құю өндірісін пайдаланысқа қабылдау «Құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау. Негізгі ережелер» 3.01.04-87 СНжТ сәйкес жүргізіледі.
3. Жұмысы кезінде шаң және газ бөлетін вагранкалар, болат балқытатын агрегаттар, металлдарды ыдысқа бөліп құю және құю орындары, қағу құрылғылары, араластырғыштар, ұнтақтағыштар, бытыра лақтырғыш және бытыра ағынды камералар және басқа да жабдықтар газды ұстау және шаң тазартқыш жүйелермен және құрылғылармен жабдықталады.
4. Құю өндірісі үшін жобаланатын және жасалатын технологиялық жабдықтардың автоматтандырылған және механикаландырылған басқаруы болады, апатсыз жұмысты, автоматтық бақылауды және процесті автоматтық реттеуді қаматамасыз етеді.
Құю өндірісі үшін жасалатын технологиялық жабдықтар пайдалану мерзімі мен диагностикалау әдістері көрсетілген пайдалану құжаттарымен жеткізіледі.
5. Өндіріс қоймалары алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
6. Жеңіл тұтанатын сұйықтарды (бұдан әрі - ЖТС) қолданумен, шаңды, зиянды заттарды және жылуды шығарумен байланысты құю өндірісінің технологиялық процестері жабдықталған телімдерде өткізіледі. ЖТС және қауіпті заттарды тасымалдау үшін қолданылатын ыдыстарға қауіпсіздік белгілері салынады.
7. Құю жұмыстарын орындау үшін қолданылатын өндіріс жабдықтары 12.2.003 МЕМСТ, 12.2.046.0-90 МЕМСТ, 12.2.049 МЕМСТ сәйкес келеді.
8. Конвейерлердің құрылымы мен пайдалану Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 429 бұйрығымен бекітілген Байыту жабдықтарының өнеркәсіптік қауіпсіздігінің жалпы салалық талаптарына сәйкес келеді.
9. Қолданылатын пневматикалық қол машиналары МЕМСТ 12.2.010 сәйкес келеді.
10. Жүк көтергіш машиналар, механизмдер мен жабдықтар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы № 245 бұйрығымен бекітілген Жүк көтергіш крандардың құрылысы мен қауіпсіз пайдалану бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді.
11. Жұмыс аймағының ауасы (жұмыс орындарында) 12.1.005 МЕМСТ бойынша тексеріледі.
2-тарау. Құю өндірісінің аумағы, ғимараты және құрылысы
12. Аумақта өндірістің зиянды қалдықтары жиналатын орын болатын сайлардың, қазаншұңқырлардың немесе ойықтардың болуына жол берілмейді.
13. Құю өндірісінің аумағында орналасқан құдықтар люктармен жабылады.
14. Жолдар, өтетін жолдар, жаяужолдар, сыртқы баспалдақтар, эстакадалар және өтпе жолдар ақаусыз жағдайларға келтіріліп отырады: уақытылы жөнделеді, қысқы уақытта қардан тазаланады, көктайғақта топырақпен себіледі, ал түнгі уақытта жарықтандырылады.
15. Ғимараттан және құрылыстан темір жолдарға және автомобильді жолдарға шығу орындарында баръерлер құрылады.
16. Құю өндірісінің аумағына 12.4.026 МЕМСТ сәйкес қауіпсіздік белгілері орнатылады.
17. Сұйық металлдың және шашырандысы мен қожының түсуіне ұшырайтын арқалықтар мен тіректер оқшауланады. Жылумен оқшаулау әдісі жобамен анықталады.
18. Құю цехының бөлмелеріндегі желдету құрылғылары 12.1.005 МЕМСТ сәйкес температураны, ауаның ылғалдылығы мен қозғалыс жылдамдығын, жұмыс аймағындағы ауаның зиянды заттарының мөлшерін қамтамасыз етеді.
19. Барлық екі жақты ашылатын терезелер мен шам жақтаулары қажетті жағдайда ашылуы мен құрылуы жеңіл басқарылатын және пайдалануға тұрақты аспаптармен жабдықталады.
20. Вагранкалардың, металл балқыту пештерінің алаңдары, сұйық металлды өңдеуде пештен тыс алаңның және құю алаңдарының едендері тегіс болады.
21. Жұмыс алаңдарындағы темір жолдардың арасындағы кеңістік рельстердің басына дейіңгі деңгейде сырғымайтын беті бар берік материалмен төселеді.
22. Өту жолдары мен өтпелердің ені, жабдықтар мен ғимараттың элементтері арасындағы қашықтық технологиялық жобалаудың нормаларына сәйкес келеді.
1-параграф. Жарықтандыру
23. Табиғи және жасанды жарықтандыру құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес орындалады.
24. Құю цехында келесі жарықтандыру түрлері жабдықталады:
жұмыстық;
жұмысты жалғастыру үшін апаттық;
адамдарды шығару үшін апаттық.
Апаттық жарықтандыру құрылғысы электр қондырғылар құрылғыларына қойылатын талаптарға сәйкес орындалады.
Кернеулігі 12 В жоғары емес ажыратулар құрылғысына рұқсат беріледі.
Тасымалданатын шамдар желіге құбыршекті кабельмен немесе резеңке құбыршекпен жасалған кернеулігі 500 В төмен емес оқшаулаумен ұзаққа шыдайтын иілгіш сымдармен жалғанады.
25. Жұмыстық және апаттық жарықтандырудың шамдалдары қажетті жарықтану, бекіту сенімділігі, оларға ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсету қамтамасыз етілетіндей орнатылады.
26. Тасымалдау баспалдақтарынан қызмет көрсетілетін шамдалдар еден деңгейінен 4,5 м жоғары емес биіктікке ілінеді және жабдықтар мен конвейерлер ленталарының үстіне орнатылмайды. Егер баспалдақтан шамдалдарға қызмет көрсету қиындық тудырса, алаңдар орнатылады.
Крандар мен кран-арқалықтардың үстінде орналасқан шамдалдарға қызмет көрсету үшін арнайы алаңдар қарастырылады.
2-параграф. Желдету
27. Желдету қондырғылары өнеркәсіптік кәсіпорындарды жобалаудың құрылыс нормалары мен ережелеріне және санитарлық нормалары талаптарына сәйкес болады.
28. Желдету жүйелері құрылыс және монтаждау аяқталғаннан кейін жоба қуаттылығы ретіне келтіріледі және тиімділікке сыналады. Желдету жүйелерін тиімділікке тексеру жұмыстары жылына бір реттен кем емес қайта құру және күрделі жөндеуден кейін жүргізіледі. Тексеру және ақауларды жою бойынша шаралар актілерін ұйымның техникалық басшысымен бекітеді.
29. Желдету қондырғыларын сынау, реттеу және пайдалануға қабылдау құрылыс нормалары мен ережелері талаптарына сәйкес жүргізіледі.
3-тарау. Балқыту агрегаттары
1-параграф. Жалпы талаптар
30. Технологиялық процестер ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен технологиялық регламент бойынша жүргізіледі. \
31. Балқыту агрегаттарына және сұйық металлды өңдеуде пештен тыс агрегаттарға негізгі техникалық мәліметтерді, қызмет мерзімін және оларға техникалық қызмет көрсету тәртібін құрайтын паспорттар жасалады.
Агрегаттарды (жабдықтарды) пайдалану кезінде агрегатта (жабдықта) болған барлық өзгерістер туралы мәліметтер, жүргізілген күрделі жөндеулер туралы, апаттар, оқиғалар болған орындар туралы, олардың салдарын жою бойынша қолданылған шаралар паспорттарға енгізіледі.
32. Агрегаттарда немесе қызмет көрсетуші персоналдың жұмыс орындарында орналастыру және агрегаттар мен жанғыш газдар, мазут, оттек, ауа, бу, су және т.б. құбырлар сызбасының технологиялық байланысының схемасы ілінеді. \
33. Тиекті құрылғылар нөмірленген. Сызбадағы тиекті құрылғылар мен басқа да белгілер технологиялық регламенттегі нөмірлер мен белгілерге сәйкес келеді.