• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Ұңғымалар мен жабдықтарды олардың ұңғылары мен сағаларын жою, консервациялау бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 380 бұйрығымен бекітілген

Ұңғымалар мен жабдықтарды олардың ұңғылары мен сағаларын жою, консервациялау бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ұңғымалар мен жабдықтарды олардың ұңғылары мен сағаларын жою, консервациялау бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар (бұдан әрі - Талап) Қазақстан Республикасы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» заңының 7-бабы 17-1) тармағына сәйкес өңделді және ұңғымаларды жобалауға, пайдалануға, параметрлік, іздеу, барлау, пайдалану, айдау, бақылау (пьезотермиялық, қадағалау), арнайы (жұтатын, су жинау), йодбромды, бальнеологиялық ұңғымаларға және басқа ұңғымаларға таратылады.
2. Ұңғымалар консервациясы, жою жобалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Ұңғымаларды жою кезінде жоба келесі бөлімдерден тұрады:
жалпы түсіндірме жазба. Ұңғыманы жою критерийлеріне негіздеме;
ұңғыманы жою бойынша технологиялық және техникалық шешімдер;
ұңғыманы жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі;
жер қойнауын, қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар.
4. Ұңғыма консервациялау кезінде жоба бөлімдерден тұрады:
жалпы түсіндірме жазба. Консервация нұсқалары (процессте және құрылыс, пайдалану аяқталған соң). Маусымдық консервация;
ұңғыма консервациясы, олардың сағасын жабдықтау бойынша технологиялық және техникалық шешімдер;
ұңғыма консервациясы және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі;
жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар.
5. Ұңғыманы консервациялау, жою бойынша жұмыстар олардың техникалық жағдайының нәтижесін есепке алумен, жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жобалық шешімдерді орындауды қамтамасыз етумен оқшаулау-жою жұмыстары жоспары бойынша жүргізіледі.
6. Құрылысы біткен ұңғыманы жою мен консервациясы жер қойнауын пайдаланушының жою мен консервациялау туралы қабылдау комиссиясы актісіне қол қойғаннан кейін аяқталған болып есептеледі.
7. Егер ұңғыма консервациясының ұзақтығы өңдеу жобасымен қарастырылған мерзімінен асса (немесе асуы мүмкін) немесе 15 жылдан артық болса және сараптама қорытындысы бойынша қоршаған табиғи ортаға, мүлікке, жергілікті халықтың денсаулығы мен өміріне нақты зиян тигізу қаупі туындаса, онда өздігінен немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспектордың талабы бойынша жер қойнауын пайдаланушы авариялық жағдайдың туындау қатерін болдырмайтын қауіпсіздіктің шараларын өңдейді және іске асырады немесе ұңғыманы жояды.
2. Ұңғыманы жою
2.1. Жойылуға жататын ұңғымалар санаты
8. Барлық жойылатын ұңғымалар жою себебіне байланысты 4 санатқа бөлінеді:
I - өзінің тағайындалуын орындаған ұңғымалар;
II - геологиялық себептер бойынша жойылатын ұңғымалар;
III - техникалық себептер бойынша жойылатын ұңғымалар;
IV - технологиялық, экологиялық және басқа себептер бойынша жойылатын ұңғымалар.
9. I санат - өзінің тағайындалуын орындаған ұңғымалар. Оған:
I-а) құрылыс жобасымен көзделген міндеттерді орындаған ұңғымалар;
I-б) жобамен белгіленген, дебиттердің төменгі шегіне жеткен, қабатты, айдалатын сумен суландырылған, қайтару немесе қосу объектісі жоқ, қажеттілігі болғанда оларды бақылау (қадағалау, пьезометриялық) қорына ауыстыратын ұңғымалар;
I-в) жобамен белгіленген міндеттерді орындағаннан кейін, әртүрлі технологияны сынау бойынша тәжірибелік және тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстарды жүргізу үшін бұрғыланған ұңғымалар;
I-г) табушы ретінде бұрғыланған, суландырғаннан кейін, оларды одан әрі пайдалану қажеттілігі жоқ кезде қадағалау, айдау және басқасына ауыстырылған ұңғымалар;
I-д) мұнай мен газдың жер асты қоймаларында әрі термальды және өнеркәсіпті сулар орындарында өз міндеттерін орындаған ұңғымалар жатады.
10. II санат - геологиялық себептерге байланысты жойылған ұңғымалар немесе олардың бағандарының бөлігі. Оларға:
II-а) жобалық тереңдікке дейін жеткізілген, бірақ жағымсыз геологиялық жағдайда, яғни коллекторлар жоқ аумақта болатын, мұнай және нәтиже бермеген ағынды интенсификация бойынша жұмыстар жүргізілген газ орындарының контурлы облысынан тыс, мұнай, газ, судың өнеркәсіптік емес ағындарын беретін ұңғымалар;
II-б) алдыңғы ұңғымаларды бұрғылау нәтижесі бойынша одан әрі жұмысты жүргізудің мақсатсыздығы салдарынан құрылысы тоқтатылған ұңғымалар;
II-в) жобалық горизонтты жаппаған және жобалық тереңдікке анықталмаған кедергілер (жұтылудың апатты аймағы, үйілулер, жоғары қабатты жыныстар) кесілуінде ашылуы нақты геологиялық жобалық кесілуіне сәйкессіздігі салдарынан жетпеген ұңғымалар;
II-г) мұнай, газдың жер асты қоймалары мен жылу энергетикалық және өнеркәсіптік сулар орындарында құрылысы аяқталған және жағымсыз геологиялық жағдайлардағы («құрғақ», ағын бермейтін және т.б.) ұңғымалар;
II-д) айдау, қадағалау, пайдалану, йодобромды, жылу энергетикалық, бальнеологиялық ұңғымалар, кәсіпшілік суды және басқа да өнеркәсіптік қалдықтарды құю үшін, жағымсыз географиялық жағдайдағы, оларды басқа шаруашылық мақсатта пайдалану қажеттілігі жоқ кезде, мұнай мен газдың жер асты қоймаларын сақтау үшін бұрғыланған ұңғымалар жатады.
11. III санат - техникалық себеп (авариялық) бойынша жойылатын ұңғымалар немесе олардың бағанының бөлігі. Оған құрылысы, күрделі жөндеу бойынша жұмыстар немесе қолданыстағы әдістермен жою мүмкін емес немесе экономикалық тиімсіз авария, себептер мен асқынулар салдарынан пайдалануы тоқтатылған ұңғымалар жатады.
III-a) салдарынан ұңғыма бағаны жоғалған, бұрғылау аспабымен авариялар, техникалық және пайдалану колонналарымен, ұңғыма ішілік және сағалық жабдықпен, геофизикалық аспаптармен және кабельмен, сапасыз цементтеу салдарынан болған авариялар, ашық атқымалар, өрттер туындаған ұңғымалар. Ұңғыма бағанының ақаусыз бөлігінде (авариялық бөліктен жоғары) осы ұңғыма орнын өңдеуге технологиялық құжаттамаға сәйкес өнеркәсіптік мәндегі өнімділік горизонты бар болатын жағдайда ұңғының авариялық бөлігі ғана жойылады, ал ақаусызы өндіруші кәсіпорынға беріледі;
III-б) игеру, сынау немесе пайдалану кезінде қабатты сулар ағыны болған, оқшаулау мүмкін болмайтын ұңғымалар;
III-в) агрессиялы ортада ұзақ уақыт пайдалану салдарынан тоттана тозуы нәтижесінде пайдалану колоннасының герметикалы еместігі анықталған ұңғымалар;
III-г) табиғи апат (жер сілкіну, көшкіндер) нәтижесінде бұзылған немесе көшкін салдарынан немесе су басудан нақты қауіп туындаған бағаналы ұңғымалар;
III-д) ұйпалану, тұздар, балшықтардың орналасу интервалында қоршаулы колоннаның сынған кезіндегі ұңғымалар;
III-е) бұрғылау құрылғыларының апатты кетуі, гидротехникалық құрылыстың бұзылуы, оларды қалпына келтірудің техникалық мүмкін еместігі мен экономикалық қажетсіздігі жағдайында теңіз орындарында бұрғыланған ұңғымалар;
III-ж) қабатты ашудың жобалық нүктесінен рұқсат берілмейтін ауытқулармен бұрғыланған ұңғымалар.
12. IV санат - технологиялық, экологиялық және басқа себептер бойынша жойылатын ұңғымалар. Оларға:
IV-а) құрылысы біткен және пайдалану колоннасының нақты жағдайға беріктілік пен тоттану сипаттамасының сәйкессіздігінен пайдалануға жарамсыз ұңғымалар;
IV-б) қабатқа әсер етудің жылу және газ әдістерін жүргізу жағдайында пайдалануға жарамсыз ұңғымалар;
IV-в) егер консервациялау мерзімі 10 және одан жоғары жылды құраса және таяу 5 жылда оны пайдалануға енгізу көзделмесе немесе колоннаның техникалық жағдайы мен цемент тасын қадағалау дерегі бойынша бұдан әрі консервациялау тиімді болмаса, шығарылымды ұйымдастыруды күтуде консервацияланған ұңғымалар;
IV-г) уәкілетті органның негізді талабы бойынша тұрғылықты жердегі санитарлы-қорғаныс аймақтарында, өзендердің, су айдыны, тыйым салынған аймақтарда су қорғау аймақтарында орналасқан ұңғымалар;