• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1355 Қаулысы

Осы редакция 18.04.2007 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 15 тамыздағы N 1165 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған  бағдарламасын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДI:  
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекiтiлсiн. 
2. Орталық және жергіліктi атқарушы органдар, өзге де мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) Бағдарламаны орындауды қамтамасыз етсiн, жыл сайын 30 маусымнан және 30 желтоқсаннан кешiктірмей Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігіне оның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі 10 қаңтарға және 10 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасының Yкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн. 
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 24 желтоқсандағы
 N 1355 қаулысымен
 БЕКІТІЛГЕН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫҚ  
  БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ  
  МЕН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ  
  2005-2007 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН  
  БАҒДАРЛАМАСЫ 
Астана, 2004 жыл
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ 
Бағдарламаның атауы         Қазақстан Республикасында құқық 
                     бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа 
                     қарсы күрестiң 2005-2007 жылдарға 
                     арналған бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн негiздеме      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 
                     2003 жылғы 15 тамыздағы N 1165 
                     Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан 
                     Республикасы Үкiметiнің 2003-2006 
                     жылдарға арналған  бағдарламасы, 
                     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
                     2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 903 
                     қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан 
                     Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 
                     жылдарға арналған бағдарламасын iске 
                     асыру жөнiндегі іс-шаралар  жоспары 
                     (10.3-тармақ), Қазақстан Республикасында 
                     құқық бұзушылықтың алдын алудың және 
                     қылмысқа қарсы күрестің 2005-2006 
                     жылдарға арналған бағдарламасын әзiрлеу 
                     жөнiндегі жұмыс тобын құру туралы" 
                     Қазақстан Республикасы Премьер- 
                     Министрiнiң 2004 жылғы 11 мамырдағы 
                     N 135-ө  өкiмi
Әзірлеушілер                 Iшкi iстер министрлiгi, Бас прокуратура, 
мен орындаушылар            Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Әдiлет 
                     министрлігі, Денсаулық сақтау 
                     министрлігі, Мәдениет, ақпарат және 
                     спорт министрлiгi, Білiм және ғылым 
                     министрлігі, Көлiк және коммуникация 
                     министрлігі, Еңбек және халықты 
                     әлеуметтік қорғау министрлiгi, 
                     Экономикалық және сыбайлас жемқорлық 
                     қылмысқа қарсы күрес агенттiгi (қаржы 
                     полициясы), Ақпараттандыру және 
                     байланыс агенттігі, Қаржы министрлігінiң