Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 6 мамырдағы № 77 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 22 шілдеде № 9607 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 7 наурыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 жылғы № 304 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында 2008 жылғы 15 қарашада № 11 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу және пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есептерді ұсыну мерзімдері жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»;
«1. Қоса беріліп отырған Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу және пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есептерді ұсыну мерзімдері жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықта:
«Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу және пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есептерді ұсыну мерзімдері жөніндегі нұсқаулық»;
кіріспенің бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу және пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есептерді ұсыну мерзімдері жөніндегі нұсқаулық «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi және пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есеп беру мерзімдерін белгiлейді.»;
«10. Қызметін «өмірді сақтандыру» саласында жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерінің есебі мынадай сақтандыру сыныптары және түрлері бойынша жеке-жеке жүзеге асырылады:
1) өмірді сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру сыныбы бойынша;
2) сақтанушының сақтандыру ұйымының инвестицияларына қатысуымен өмірді сақтандыруды көздейтін сақтандыру түрі бойынша;
3) жазатайым оқиғалардан сақтандыру және ауырған жағдайда сақтандыру сыныбы бойынша.
Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерін есептеу үшін осы Нұсқаулықтың 11, 15 және 17-тармақтарына сәйкес алынған сомалар қабылданады.»;
«15. «Сақтанушының сақтандыру ұйымының инвестицияларына қатысуымен өмірді сақтандыру» сақтандырудың түрі бойынша сақтандыру ұйымы үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері мынадай шамалардың қосындысына тең мәнді білдіреді:
1) сақтандыру ұйымы инвестициялық тәуекелге ұшырайтын шарттар бойынша Норматитвтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6540 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтанушының сақтандыру ұйымының инвестицияларына немесе кірістеріне қатысу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 134 қаулысына (бұдан әрі – № 134 қаулы) сәйкес есептелген ішкі резерв қоры сомасының 4 (төрт) пайызы;
2) сақтандыру ұйымы инвестициялық тәуекелдерге ұшырамайтын және әкімшілік шығыстарды жабуға бөлінетін қаражат сомасы белгіленген шарттар бойынша № 134 қаулыға сәйкес есептелген ішкі резерв қоры сомасының 1 (бір) пайызы;
3) сақтандыру ұйымы инвестициялық тәуекелге ұшырамайтын және әкімшілік шығыстарды жабуға бөлінетін қаражат сомасы белгіленбеген шарттар бойынша алдыңғы қаржы жылындағы әкімшілік шығыстар сомасының 25 (жиырма бес) пайызы.»;
«төленуге тиіс дивидендтер шегерілген алдыңғы жылдардың бөлінбеген кірісі (оның ішінде қорлар, көзделмеген тәуекелдер резерві, тұрақтандыру резерві, өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптастырылған резервтер);»;
«3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы оны өтеуі мүмкін (толық немесе ішінара), оның ішінде, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қорытындысына сәйкес осындай өтеу кейіннен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы Нұсқаулықта белгіленген пруденциалдық нормативтерді сақтамауына әкелмейді деген шартпен мерзімнен бұрын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша ғана өтелуі мүмкін;»;
«25. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін кепілдік беру қорының ең аз мөлшері мына шамалардан кем болмауы тиіс:
«жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 600 000 000 (алты жүз миллион) теңге;
«өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 1 100 000 000 (бір миллиард бір жүз миллион) теңге;
Заңның 6-бабы 3-тармағының 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) тармақшаларында көрсетілген сақтандырудың ерікті нысанындағы сыныптары бойынша және сақтандырудың міндетті нысанындағы кез келген сыныбы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге;
қайта сақтандыруды айрықша қызмет түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы үшін - 780 000 000 (жеті жүз сексен миллион) теңге.
Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есепті күндегі міндеттемелерінің жалпы көлеміндегі Заңның 6-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген сынып бойынша міндеттемелердің үлесі 90 (тоқсан) пайыздан астам құраса сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін кепілдік беру қорының ең аз мөлшері 10 (он) пайызға азайтылады.»;
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері құнының, олардың сапа және өтімділік жіктелімін ескергендегі есебіне шарттың талаптары бойынша мерзімі өткен дебиторлық берешек, сақтандыруды (қайта сақтандыруды) қорғауды қолдану мерзімі басталмаған сақтандыру шарттары бойынша пайда болған дебиторлық берешек, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысы болып табылатын немесе қомақты қатысуы бар ұйымдардың ірі қатысушыларының, еншілес ұйымдарының, сондай-ақ өзге де аффилиирленген ұйымдардың дебиторлық берешегі кірмейді.»;
«33. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қайта сақтандырушының үлесі шегерілген, сақтандыру резервтері сомасына жоғары өтімді активтер құнының қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептелетін жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативін күнделікті сақтайды:
ЖА Нжа = ------------- 1, СР
мұнда:
Нжа – жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативі;
ЖА – осы Нұсқаулықтың 36-тармағында көрсетілген жоғары өтімді активтердің күнтізбелік күн соңындағы құны;
СР – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6293 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2014 жылғы 6 мамырдағы № 76 қаулысына (бұдан әрі – № 76 қаулы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № тіркелген) сәйкес есептелген қайта сақтандырушының соңғы есепті айдың соңындағы үлесі шегерілген сақтандыру ұйымының сақтандыру резервтерінің сомасы. Сақтандыру резервтерінің сомасы уәкілетті органға ай сайынғы қаржылық және өзге де есептілікті ұсынған күнге дейін пайдаланылады.
Жоғары өтімді активтер жеткіліктілігінің нормативі бірден кем болмайды.»;
«33-1. Осы Нұсқаулықтың 24-тармағына сәйкес активтердің сапа және өтімділік жіктелімін ескере отырып, жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативін және нақты төлем қабілеттілігі маржасын есептеген кезде сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесі сомасына Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен және Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен жасалған қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесі мына жағдайлардың бірі болғанда енгізілмейді:
Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында «Standard & Poor's» агенттігінің «B-»-тен төмен халықаралық рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар, немесе осы рейтингілік агенттіктердің рейтингілік бағасы жоқ;
қайта сақтанушыда (цедентте) Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы туралы ақпарат, оның ішінде қайта сақтандыру шартын жасаған күннің алдындағы соңғы үш қаржы жылының қаржылық есептілігі және ол тіркелген елдің уәкілетті органының қайта сақтандыру шартын жасаған күнге дейінгі соңғы есепті кезең ішінде төлем қабілеттігі маржасы (меншікті капиталы) бойынша талаптардың сақталуы туралы ақпарат жоқ;
сақтандыру тәуекелдерін тапсыру кезінде факультативтік қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, қайта сақтандыру шарты бойынша міндеттемелерді орындау валютасы бағамының өзгеруі нәтижесіндегі асып түсу жағдайын қоспағанда, сақтандыру шарты бойынша сыйлықақы мөлшерінен асып түседі;