• Мое избранное
«Тағайындалған операторды тағайындау және өкілеттігін кері қайтарып алу тәртібін бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Тағайындалған операторды тағайындау және өкілеттігін кері қайтарып алу тәртібін бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 19 тамыздағы № 8819 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрлігі
2014 жылғы 23 шілдедегі
№ 03-07/2663-и хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Тағайындалған операторды тағайындау және өкілеттігін кері қайтарып алу тәртібін бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» (бұдан әрі – Қаулы жобасы) Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарап, келесіні хабарлайды.
  Қаулы жобасының 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес, Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидалары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 72 қаулысы) 8-3 тармағымен толықтырылады, оған сәйкес «халықаралық почта жөнелтімін қабылдау, өңдеу, тасымалдау және (немесе) тапсыру, жеткізу және (немесе) табыс ету бойынша операциялардың жиынтығын тағайындалған оператор жүзеге асырады».  
  Осы тармаққа сәйкес халықаралық почта жөнелтімімен байланысты іс-әрекеттер тағайындалған оператормен ғана жүзеге асырылады. Сонымен бірге жасаушы, негіздеме ретінде, «Пошта туралы» Заңының 6-1-бабына сілтеме жасайды.
  Атап өткен жөн, жоғарыда көрсетілген қағида тағайындалған операторды халықаралық почта жөнелтімін қабылдау, өңдеу, тасымалдау және (немесе) тапсыру, жеткізу және (немесе) табыс ету бойынша операцияларды жүзеге асыруының ерекше құқығын бермей, оның қызметті көрсетуді қамтамасыз ету міндетін анықтайды.
Оған қоса, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 4-бабының 3-тармағына сәйкес төменгi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс.
  Көрсетілген ұсыныс жұмыс деңгейінде талқыланған.
  Басқа ұсыныстар мен ескертулер жоқ.
 Басқарма мүшесі Р. Ошакбаев