• Мое избранное
«Елді мекен аумағында объектілер құрылысы үшін жер учаскелерін беру кезіндегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Елді мекен аумағында объектілер құрылысы үшін жер учаскелерін беру кезіндегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 19 тамыздағы № 8790 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
2014 жылғы 29 шілдедегі
№ 01-2-13-2/2390-И хатқа қатысты
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Елді мекен аумағында объектілер құрылысы үшін жер учаскелерін беру кезіндегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі бұйрығының жобасын қарап, келесі ескертулер мен ұсыныстар бар екенін хабарлаймыз.
1. Бұйрық жобасының атауы келесі редакцияда жазылсын:
«Елді мекен аумағында объектілер құрылысы үшін жер учаскелерін беру кезіндегі өтініштің, келісім беретін органдардың қорытындыларының, жер учаскесін таңдау актісінің, жер-кадастрлық жоспарының нысандарын бекіту туралы».
ҚР Жер кодексінің 14-бабының 1-тармағының 7-2) тармақшасымен сәйкестікке келтіру мақсатында.
2. «Елді мекен аумағында объектілер құрылысы үшін жер учаскесін беруге өтініш» нысанында:
«Өтінішке қоса беріледі:
сұралатын жер учаскесі орналасуының ахуалдық схемасы;»
жолдарын келесі редакцияда жазуды ұсынамыз:
«Өтінішке қоса беріледі (Өтініш берушінің қарауына):
сұралатын жер учаскесі орналасуының ахуалдық схемасы;»,  
себебі Ахуалдық схема Өтініште көрсетілген жер учаскесі орналасуын міндетті түрде суреттеуге қосымша құжат болып табылады.
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес, дәлелді жауап берулеріңізді сұраймыз.
Аталған баптармен қарастырылған рәсімдер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысы бар нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың міндетті шарттары болып табылады.
Басқарма мүшесі З.Ноғайбай