• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 28.06.2015 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 139/НҚ бұйрығына 2-қосымша

«Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Қызмет регламенті күшін жойды 2015 жылғы 28 маусымнан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.04.2015 жылғы № 355 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 358 қаулысымен бекітілген «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметтер стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен, оның жергілікті жердегі филиалдары және аудандық бөлімшелерімен (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жер учаскесіне жеке тұрақты жер пайдалану құқығына актіні (бұдан әрі – сәйкестендіру құжаты) беру болып табылады.
Қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электронды форматта ресімделеді, басылып шығарылады, қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғасының қолтаңбасымен және мөрмен расталады;
«Электронды үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызмет алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімін (іс-қимылын) бастауға негіздеме қызмет көрсетушімен Стандарттың 4-қосымшасындағы нысанға сәйкес өтінішті Стандарттын 9-тармағында көрсетілген тиісті құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) қоса қабылдау болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
1) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызмет алушымен немесе Халыққа қызмет көрсету орталығымен (бұдан әрі – ХҚКО) ұсынған құжаттарды түскен күні, оларды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді 15 минут ішінде жүзеге асырады;
2) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері құжаттар түскен күні 30 минут ішінде қызмет көрсетушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөліміне (техникалық мұрағатқа) тапсырады;
3) қызмет көрсетушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінің (техникалық мұрағатының) қызметкері 1 жұмыс күн ішінде қабылданған құжаттарды тіркеуге алады, мұрағаттан инвентарды жер-кадастрлық істерді көтеріп, оларға материалдарды қоса тіркейді және қызмет көрсетушінің мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – МЖК ААЖ) бөліміне тапсырады;
4) МЖК ААЖ бөлімі 3 жұмыс күн ішінде тапсырыс бланкілерін толтырады, жер-кадастрлық істерді қалыптастырып тігеді, атрибутивті және графикалық деректерді МЖК ААЖ базасына енгізеді, сәйкестендіру құжатын басып шығарады және қызмет көрсетушінің басшысына қол қоюға ұсынады;
5) қызмет көрсетушінің басшысы сәйкестендіру құжатына қол қояды және оны құжаттарды қабылдау және беру бөліміне тапсырады.
6) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері 1 жұмыс күн ішінде сәйкестендіру құжатын елтаңбалы мөрмен куәландырады және тіркейді.
7) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға 1 жұмыс күн ішінде береді немесе ХҚКО-ның курьеріне 4 сағат ішінде тапсырады. Бұл ретте, ХҚКО-нің курьері құжаттарды алғаны туралы уақыты мен күнін көрсетіп белгі қояды.
ЭУП арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызмет алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі (рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесін және оның басқа құрылымдық бөлімшеге беру тәртібі көрсетілсін) қамтиды:
1) құжаттарды қабылдау және беру бөлімімен құжаттарды қабылдау және тексеру, оның нәтижесі кіріс нөмірі бар тіркелген құжат болып табылады (15 минут);
2) қабылданған құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөліміне (техникалық мұрағат) тапсыру (30 минут);
3) қабылданған құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінде (техникалық мұрағатта) тіркеу, мұрағаттан инвентарды жер-кадастрлық істерді көтеру, оларға материалдарды қоса тіркейді және МЖК ААЖ бөліміне тапсыру (1 жұмыс күн);
4) МЖК ААЖ бөлімінде тапсырыс бланкілерін толтыру, жер-кадастрлық істерді қалыптастырып тігу, атрибутивті және графикалық деректерді МЖК ААЖ базасына енгізу, сәйкестендіру құжатын басып шығару және қызмет көрсетушінің басшысына қол қоюға ұсыну (3 жұмыс күн);
5) қызмет көрсетуші басшысының сәйкестендіру құжатына қол қойып және құжаттарды қабылдау және беру бөлімімен тапсыру;
6) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінде сәйкестендіру құжатын тіркеу;
7) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға беру немесе ХҚКО-ның курьеріне тапсыру (1 жұмыс күн).
ЭУП арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызмет алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.