Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің
2014 жылғы 16 мамырдағы
№ 139/НҚ бұйрығына
5-қосымша
Toggle Dropdown
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Toggle Dropdown
1. «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 358 қаулысымен бекітілген «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік қызметтер стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен, оның жергілікті жердегі филиалдары және аудандық бөлімшелерімен (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жер учаскенің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісін (бұдан әрі – кадастрлық құнның актісі) беру болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет ету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімін (іс-қимылын) бастауға негіздеме қызмет көрсетушімен Стандарттың 4-қосымшасындағы нысанға сәйкес өтінішті Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тиісті құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) қоса қабылдау болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
Toggle Dropdown
1) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызмет алушыдан құжаттарды қабылдаған күні, толықтығын тексеруді, қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады (15 минут);
Toggle Dropdown
2) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімі қызметкері қабылданған құжаттарды жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау және акті дайындау үшін қызмет көрсетушінің жерді бағалау бөліміне береді (30 минут);
Toggle Dropdown
3) қызмет көрсетушінің жерді бағалау бөлімінің қызметкері қабылданған құжаттарды тіркейді, жер учаскесін Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – МЖК ААЖ) деректер базасы бойынша сәйкестендіреді, қажет болған жағдайда қызмет көрсетушінің құжаттарды сақтау және жүйелеу бөлімінен (техникалық мұрағаттан) инвентарлық жер-кадастрлық істерді сұратады, бағалы аймақтарды және аймақтылық коэффициентін анықтайды, кадастрлық бағалау актісін дайындайды (12 жұмыс күн);
Toggle Dropdown
4) дайындалған кадастрлық құнның актісін қызмет көрсетушінің жерді бағалау бөлімінің қызметкері қызмет көрсетушінің басшысына қол қоюға береді (1 жұмыс күн);
Toggle Dropdown
5) қызмет көрсетушінің басшысы кадастрлық құнның актісіне қол қояды және қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау және беру бөліміне береді (1 жұмыс күн);