• Мое избранное
«Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде беру, пайдалану және сақтау ережесiн бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде беру, пайдалану және сақтау ережесiн бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде беру, пайдалану және сақтау ережесiн бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 281-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде беру, пайдалану және сақтау ережесi бекітілсін.
Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы « »
№ қаулысымен бекітілген
Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде беру, пайдалану және сақтау ережесi  
Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде беру, пайдалану және сақтау ережесi (бұдан әрі — Ереже) «Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде беру, пайдалану тәртібі туралы нұсқау туралы» (бұдан әрі – Нұсқау) Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 494 шешімімен бекітілген Электрондық құжат түрінде кедендік декларацияны беру және пайдалану тәртібі туралы нұсқаудың 6-тармағына сәйкес, сондай-ақ кедендік декларацияны электрондық құжат (бұдан әрі – ЭҚ) түрінде беру, пайдалану және сақтау тәртібін регламенттеу мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 281-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген.
Кедендік декларацияның ЭҚ кедендік декларациялау кезінде электрондық нысанда пайдаланылады.
Кедендік декларацияның ЭҚ-сының нұсқауына жататын мәліметтер тізбесі тек кедендік төлемдермен салықтарды есептеу және өндіріп алу үшін Кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын қолдану және кедендік статистиканы қалыптастыруға қажетті мәліметтерменғана шектеледі.
Кедендік декларацияның ЭҚ-да декларант немесе оның өкілі (бұдан әрі — пайдаланушы) көрсететін мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі — ЭЦҚ) расталады.
Кедендік декларацияның ЭҚ кеден органдарының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі — АЖ) қалыптастырылады. АЖ-ның Интернеттегі мекенжайы мынадай: http://ed.customs.kz.
Кедендік декларацияның ЭҚ-сын қалыптастыру үшін пайдаланушы Ұлттық куәландыру орталығынан ЭЦҚ-ны алады және оны өз компьютеріне салады, «guest» логинімен кеден ісі саласындағы уәкілетті органның сайтына кіреді, «1» цифрімен пароль енгізеді, осы тәртіптің қосымшасына сәйкес тіркеу парағын толтырады және оған өзінің ЭЦҚ-сымен қол қояды.
Тіркеу парағын өңдеу және тіркеу АЖ-да жүзеге асырылады.
Пайдаланушы тіркеу парағында көрсетілген уақытша парольді электрондық почтасынан алады және кеден ісі саласындағы уәкілетті органның сайтына кіреді.
АЖ пайдаланушының паролін ауыстыруды ұсынады және оны ауыстырғаннан кейін пайдаланушы АЖ-да жұмыс істеуді бастайды.
Пайдаланушы кедендік декларацияның ЭҚ-сын коммерциялық және тауар-көліктік құжаттардың негізінде қалыптастырады. Пайдаланушы енгізген мәліметтер пайдаланушыға лайықты уақытта жұмысты жалғастыру мүмкіндігі үшін сақталады.
Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқауға сәйкес, АЖ форматтық-логикалық бақылауды (бұдан әрі — ФЛБ) жүргізу жолымен бағандар мен алаңдардың дұрыс толтырылуын тексеруді  автоматты түрде жүзеге асырады.
Егер кедендік декларацияның ЭҚ ФЛБ-дан өтпесе декларацияны пайдаланушы ЭЦҚ-сымен куәландыра алмайды және АЖ-да анықталған қателерді түзету үшін пайдаланушыға қайтарылады.
Кедендік декларацияның ЭҚ ФЛБ-дан сәтті өткен жағдайда тауарларды шығаруды жүзеге асыратын кеден органына келіп түседі.
Тауарлардың шығарылуын жүзеге асыратын кеден органы кедендік декларацияның ЭҚ-сын қарауға қабылдайды, кедендік декларацияның ЭҚ-сында мәлімделген мәліметтерді тексереді, кедендік декларацияның ЭҚ-сын тіркеуде  тауарларды шығару туралы шешім қабылдайды не кедендік декларацияның ЭҚ-сын тіркеуден дәлелді бас тартады.
Кеден органы кедендік декларацияның ЭҚ-ны лауазымды тұлғасының тіркеуге, берумен, тіркеуден бас тартумен, тіркеумен шығарудан бас тартумен шығарумен байланысты іс-қимылы пайдаланушының АЖ-да онлайн режимде белгілі мәртебесімен (берілді, тіркеуден бас тартылды, тіркелді, тәуекелді басқару жүйесімен тексеру, шығаруға рұқсат берілді, шығарудан бас тартылды) көрінеді.
Техникалық сипаттағы қателер туындаған кезде, пайдаланушы АЖ арқылы туындаған қателерді сипаттаумен «техникалық қолдау қызметіне» жүгінеді.
Кеден органы лауазымды тұлғасының кедендік декларацияның ЭҚ-сын пайдаланумен тауарларды шығару туралы шешімі АЖ арқылы мүдделі тұлғаға жолданады.
Кедендік декларацияның ЭҚ-сы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі — Кодекс) 21 және 24-тараулар сәйкес кедендік бақылаудың нысандарын қолдану кезінде пайдаланылады.
Бұдан басқа, АЖ-ның пайдаланушылары ұсынатын құжаттар мен мәліметтер Кодекстің 8-тарауына сәйкес кедендік статистикасы мақсаттары үшін пайдаланылуы мүмкін. Осындай пайдалану болған жағдайда, ЭҚ мұрағаттық кедендік декларациялар мұрағаттық деректер базасынан жедел деректер базасына уақытша көшірілуі мүмкін. Мұрағаттық кедендік декларацияның ЭҚ-сын пайдалану аяқталғаннан кейін олар жедел деректер базасынан жойылады.
АЖ жедел және мұрағаттық деректер базасында кедендік декларацияның ЭҚ-сын сақтауды қамтамасыз етеді.
Жедел деректер базасында кедендік декларацияның ЭҚ-сы кедендік тазарту аяқталған сәтінен бастап бір ай ішінде сақталады, сонан кейін кедендік декларацияның ЭҚ-сы жедел базадан мұрағаттық деректер базасына ауыстырылады. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мұрағаттық деректер базасында кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттарды кеден органдары тауарлардың кедендік бақылауда болуы аяқталған сәтінен бастап, кемінде бес жыл сақтауы қажет.
Кедендік 
декларацияны 
электрондық құжат түрінде беру,
пайдалану және сақтау ережесіне 
қосымша
Тіркеу парағының нысаны
 

Пайдаланушының тіркеу парағы



Тіркеу күні:

Пайдаланушыны тіркейтін кеден органының коды:

ҚР резиденті ҚР резиденті емес

Ұйым Жеке тұлға

Ұйымның түрі:



БСН:







Тұлға санаты:

Тұлғаның цифрлық коды:



Бөлімше:



Лауазымы:



Пайдаланушының ЖСН:



Байланыс телефонының нөмірі:



Электрондық почтаның мекенжайы:



Кедендік процесстердегі рөлі:



Пайдаланушының логині:













Қазақстан Республикасы
Қаулы 
жобасының түсіндірме
 жазбасына қосымша
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қаулының жобасын қолданысқа енгізуге байланысты шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есептеулер нәтижесі
Осы қаулы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін тікелей қозғайды және оның нормалары электрондық декларациялауды енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығынын азайтады.  
Электрондық декларациялау рәсімі кедендік декларацияны кеден органдарының ақпараттық жүйелері арқылы электрондық құжат түрінде беру мүмкіндігін көздейді. Электрондық декларация оны толтыру кезеңінде форматты-логикалық бақылаудан, кеден органдарының ақпараттық жүйесі «Заңды тұлғалар», «Жеке тұлғалар», «Электрондық лицензиялау», Ұлттық куәландыру орталығы, «Электрондық үкімет төлем шлюзі» сияқты мемлекеттік деректер базасынан алынған мәліметтердің сәйкестігін тексеруден өтеді, кейін декларанттың немесе кеден өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады. Кеден органдарының ақпараттық жүйесі электрондық құжат түрінде кедендік декларацияны тіркеуді жүзеге асырады және егер кеден органдарының тәуекелдерді бағалау жүйесі ешқандай қосымша шараларды анықтамаса, электрондық декларацияның шығарылуын жүргізеді.
Аталған декларацияны кеден органының лауазымды адамы өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырады және кеден органдарының ақпараттық жүйелері арқылы декларантқа, салық органдарына және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамына тауарларды шығару туралы электрондық хабарламаны жолдайды.
Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік операциялар ақпараттық жүйе мен ақпараттық технологияларды, оның ішінде ақпарат берудің электронды тәсіліне негізделген технологияларды, сондай-ақ оларды қамтамасыз ету құралдарын пайдалана отырып жасалынуы мүмкін.
Бүгінгі күні кеден мақсаттарында декларанттардың немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың (кеден өкілдерінің) меншігіндегі бағдарламалық өнімдер пайдаланылады. Құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдер сәйкес болуға тиіс талаптарды  Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Декларанттар және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерді жеке коммерциялық ұйымдар әзірлейтінін және ол аз ақша тұрмайтындығын атап өту керек.
Қазіргі уақытта кеден органдарының кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен өзара қарым-қатынасы бөлігінде кеден маңы қызметі институты кеңінен қолданылатынын практика көрсетіп отыр.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың 90 %-нан астамы бүгінгі күні кедендік декларацияларды қалыптастыру үшін кеден өкілдерінің ақылы қызметіне жүгінеді, ол үшін тиісінше сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар қомақты ақша төлейді.
  Мәселен, кедендік декларацияны қалыптастыру кезінде оның күрделі болуына қарай сыртқы экономикалық қызметке қатысушы 15 000-нан            100 000-ға дейін және одан да артық теңге жұмсайды, бұл ретте күрделілік тауарларға арналған декларацияда мәлімделген тауарлардың атауының санына қарай, оларға қолданылатын тарифтік және тарифтік емес реттеу, тыйым салулар мен шектеулер және т.б. бойынша айқындалады.
Мысалға, кедендік декларацияда бір күрделі емес тауардың атауын (кірпіш) мәлімдеген кезде кедендік декларацияны қалыптастыру үшін (кеден өкілінің қызметі) баға шамамен 20 000 мың теңгені құрайды.  
  Тауарларға арналған декларацияда 1-ден 10-ға дейін әртүрлі тауар атауын мәлімдеген кезде қызмет көрсету (кеден өкілінің) үшін баға шамамен               25 000-нан 50 000 мың теңгеге дейін соманы құрайды.  
Электрондық декларациялауды енгізудің басымдықтары:
 сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға олардың негізінде кедендік декларация толтырылатын құжаттарды берудің қажет болмауы. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы кедендік декларацияны қалыптастыру үшін қажетті мәліметтерді ғана мәлімдейді; 
сыртқы экономикалық қызметке қатысушының қаржылық шығынының болмауы;
тауарларға арналған декларацияны қалыптастыру және оны кеден органдарына беру үшін декларациялаудың электронды нысаны кезінде кеден органдарының ақпараттық жүйесін пайдалану мүлде тегін негізде болады;
 барлық тұлғалар үшін сөзсіз қол жетімді болатын «WEB – ортада» (кеден органдарының порталы) интерфейсі қарапайым және күрделі емес (көрнекі) декларациялаудың электронды нысаны кезінде кеден органдарының ақпараттық жүйесін пайдалану, бұл оның ақпараттық технологиялар саласында арнайы білімі жоқ тұлғалар үшін де қол жетімді етеді; 
 кеден және өзге де мемлекеттік органдармен әрі ұйымдармен электрондық құжаттармен алмасу кезінде уақытты үнемдеу. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының кеден және өзге де мемлекеттік органдарға әрі ұйымдарға кедендік құжаттарды физикалық түрде жолдау қажеттілігі болмайды. Ақпарат алмасу және кедендік құжаттарды мүдделі мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жолдау декларациялаудың электрондық нысаны кезінде кеден органдарының ақпараттық жүйесін мемлекеттік деректер базасымен (электрондық лицензиялау, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының, салық органдарының ақпараттық жүйесі және т.б.) интеграциялау жолымен жүзеге асырылатын болады;
кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдердің алдын алу және азайту бойынша сол және басқа шаралар туралы сыртқы экономикалық қызметке қатысушымен хабарламаларды автоматтандырылған түрде алмасу есебінен тауарларды кедендік тазарту жүргізу уақытын азайту;
сыртқы экономикалық қызметке қатысушының кеден органдарының лауазымды тұлғаларымен тікелей байланысын болдырмау жолымен сыбайлас жемқорлық құрамдасын азайту;
8) шығыстарға кететін шығынды азайту есебінен тауарлардың құнын төмендету (кеден өкілдерінің қызмет көрсетулері және т.б.) болып табылады.
Мәселен, электрондық декларациялау кезінде тауарларды кедендік тазартуға кететін уақытты азайту бөлігінде тауарларға арналған декларацияның мынадай күрделілік санаттарын қарастырамыз:
1) егер тәуекелдерді басқаруды бақылау жүйесі тәуекелдерді бағалау кезінде тәуекелдердің алдын алу және азайту бойынша шараларды шығармаған және кедендік-тарифтік, тарифтік емес реттеу шараларын, тыйым салулар мен шектеулерді сақтау жөніндегі шарттарға жатпайтын біртекті тауар мәлімделген жағдайда (тауарларды кедендік тазартуға кететін болжамды уақыт 15-тен 30 минутқа дейін, бірақ 4 сағаттан артық емес уақытты алады).
2) жоғарыда көрсетілген шарттарды сақтаған кезде бір автокөлік құралымен өткізілетін тауарларды кедендік тазартуға кететін болжамды уақыт мәлімделген тауарлардың, көлік құралдарының және т.б. санына қарай 4 сағаттан аспайтын уақытты алады.
  Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Р. Дәленов                                              
«Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде беру,  пайдалану және сақтау ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші

мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі



«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 281-бабының 3-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімінің ___ тармағын іске асыру мақсатында

3.

Жобаны қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік- экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды болжамайды

5.

Жоба қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

Жобаны қабылдау:

1) электрондық декларациялау кезіндегі құжаттардың санын қысқартуға, кедендік операциялардың уақытын қысқартуға, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың кедендік операциялармен байланысты уақыт және қаржы шығындарын қысқартуға;

2) тауарларды кедендік тазарту кезінде декларациялаудың электрондық нысанын енгізуге;

3) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, кеден органдары, Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары арасындағы электрондық алмасуды енгізуге;

4)кеден органдарының бірыңғай ақпараттық жүйелерінде тауарларды кедендік тазарту процесіне барлық қатысушылардың біріккен жұмысты қамтамасыз етуге;

5)автоматтандырылған процестің тараптарының белгіленген жұмыс регламентінің (мерзімі және уақыты) сақталуын автоматтандырылған қадағалаудың мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

6) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды тұлғаларымен жеке байланыста болу қажеттілігін жоққа шығаруға ;

7)кедендік декларацияны қалыптастыру және беру уақытын қысқарту және қарапайымдылығын қамтамасыз етуге;

8) сыртқы экономикалық қызметке барлық қатысушылардың атоматтандырылған процеске тегін қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ



7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру кажеттігі

Талап етпейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жоқ

9.

Өзге мәліметтер

Жоқ



10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғысына материалдарды (үзінді) беру рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Мемлекеттік органның интернет-ресурстарында (веб-сайт, интранет-портал немесе басқа ақпараттық жүйелерінде) қаулы жобасын орналастыру туралы рұқсат (нөмірі мен күні) және ақпарат

Қаулының жобасы 2014 жылғы ___ маусымда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, 2014 жылғы ___ маусымда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің, ____ Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасында, интернет-ресурсында, 2014 жылғы ___ маусымда мемлекеттік органдардың интранет-порталында _____МБ (_____ байт) орналасқан.

1 2 .

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

http//www.palata.kz

http//www.minfin.gov.kz

http//www.e.customs.kz

«Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде беру,

пайдалану және сақтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі 2014 жылғы ______ қаулысының жобасына баспасөз- релиз

  Қазақстан Республикасының Қаржы Вице-министрі   Р. Дәленов
  2014 жылғы  «       »