• Мое избранное
«Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 25.08.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 227 бұйрығына 1-қосымша

«Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 25 тамыздан бастап ҚР Қаржы министрінің 02.07.2015 жылғы № 394 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Бухгалтерлерді кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық және (немесе) қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік), куәлікті қайта ресімдеу немесе мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы уәжделген жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелердің көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлердің) әрекеттері тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1448 қаулысымен бекітілген «Бухгалтерлерді кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (әрекеттер) мазмұны:
1) электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) тіркеу нөмірін бере отырып, көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау, басшылыққа бөлу үшін беру – жиырма минуттан кем емес;
2) жауапты құрылымдық бөлімшеге көрсетілетін қызметті алушы ұсынған Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды бөлу – бір жұмыс күні;
3) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау – жиырма екі жұмыс күні;
4) Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есепшілік туралы заңнама талаптарына Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың сәйкес келуі туралы қорытындыны (бұдан әрі - қорытынды) және куәлікті беру немесе куәлікті қайта ресімдеу туралы бұйрықты (бұдан әрі - бұйрық) көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметімен келісуі және дайындауы, сондай-ақ оларды бекіту мен тіркеу не мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты дайындауы – бір жұмыс күні;
5) куәлікті не бас тартуы туралы уәжделген жауапты беру – жиырма минут.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелердің көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлердің) өзара іс-әрекеттері тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы орынбасары;
3) көрсетілетін қызметті берушінің Бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет саласындағы бақылау, аккредиттеу және лицензиялау басқармасының басшысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің Заң қызметі басқармасының басшысы;
5) көрсетілетін қызметті берушінің Бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет саласындағы бақылау, аккредиттеу және лицензиялау басқармасының қызметкер(лер)і;
6) көрсетілетін қызметті берушінің Заң қызметі басқармасының қызметкер(лер)і;
7) көрсетілетін қызметті берушінің Ішкі әкімшілендіру және персоналмен жұмыс басқармасының қызметкер(лер)і.
7. Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) өзара іс-әрекеттер тәртібінің жүйелілігін сипаттау:
1) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің Ішкі әкімшілендіру және персоналмен жұмыс басқармасы қабылдайды және ЭҚАБЖ тіркеу нөмірін береді;
2) тиісті түрде тіркелген, ресімделген құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бір жұмыс күні ішінде кейіннен орындай отырып бөлу үшін беріледі;
3) құжаттар қарастырады және қорытынды мен бұйрық жобасы немесе мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы уәжделген жауап дайындайды;
4) қорытынды мен бұйрық көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметімен келісіледі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен бекітіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің Ішкі әкімшілендіру және персоналмен жұмыс басқармасы бұйрықты тіркейді. Орындаушы бұйрық негізінде куәлікті дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға беріледі. Уәжделген бас тарту жауабын көрсетілетін қызметті берушінің Ішкі әкімшілендіру және персоналмен жұмыс басқармасы тіркейді және бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметте алушының мекенжайына почта арқылы жіберіледі;
Мемлекеттік қызметті алу блок - схемасы қызмет берушіге жүгіну кезінде Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызметті www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсеткен кездегі көрсетілетін қызметті беруші және қызмет алушының өзара іс-әрекеттер тәртібін сипаттау:
1) Көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» порталында немесе «Е-лицензиялау» порталында тіркеледі және ЭЦҚ қол қою арқылы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды жібереді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің Ішкі әкімшілендіру және персоналмен жұмыс басқармасының қызметкері келіп түскен құжаттарды тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің Бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет саласындағы бақылау, аккредиттеу және лицензиялау басқармасының басшысына жібереді. Бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет саласындағы бақылау, аккредиттеу және лицензиялау басқармасының басшысы орындаушыға міндетті белгілейді - бір жұмыс күн ішінде;
3) орындаушы құжаттарды қарастырады және қағаз нысанында көрсетілетін қызметті берушінің Бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет саласындағы бақылау, аккредиттеу және лицензиялау және заң қызметі басқармаларының басшысымен келісілетін қорытынды мен бұйрық жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшыларымен бекітіледі – жиырма үш жұмыс күн ішінде;
4) орындаушы куәлікті беру туралы «шешім жобасын» не көрсетілетін қызметті берушінің Бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет саласындағы бақылау, аккредиттеу және лицензиялау басқармасының басшысымен және көрсетілетін қызметті берушінің төраға орынбасарымен келісілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы уәжделген жауапты шығарады;
5) куәлік берілген жағдайда «шешім жобасы» көрсетілетін қызметті берушінің төрағасына келісу мен ЭЦҚ қол қою үшін жіберіледі;
6) куәліктің «шешім жобасына» қол қойылғаннан кейін не бас тарту туралы уәжделген жауап көрсетілген қызметті алушының «жеке кабинетіне» автоматты түрде жіберіледі бір жұмыс күн аралығында.
Мемлекеттік қызметті алу диаграммасы «электронды үкімет» веб-порталы және «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
«Бухгалтерлерді кәсіби ұйымын
аккредиттеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік қызмет
регламентіне 1-қосымша
Мемлекеттік қызметті алу блок - схемасы қызмет берушіге жүгіну кезінде
 
«Бухгалтерлерді кәсіби ұйымын
аккредиттеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік қызмет
регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік қызметті алу диаграммасы «электронды үкімет» веб-порталы және «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы