• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызметінің регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 31.10.2015 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 209 бұйрығына 1-қосымша

«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызметінің регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.08.2015 жылғы № 877 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – қызмет беруші) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ақпараттандыру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 24 ақпандағы № 136 қаулысымен бекітілген «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі- Стандарт) негізінде көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі депозитке салу объектісінің депозитарийде тіркелгені туралы қағаз тасығыштағы анықтама беру (бұдан әрі – анықтама), немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
2. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы әрекеттерінің сипаты
4. Қызмет берушінің Стандарттың 8-тармағында қарастырылған құжаттардың тізбесін алуы мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (әрекеттерін) бастау үшін негіз болып табылады. 
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процессінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу уақытының ұзақтығы:
1) қызмет берушінің кеңсесінің қызметкері қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап бір сағат ішінде депозитке салу өтінімі мен депозитке салу объектілері қоса берілген кіріс корреспонденциясын (бұдан әрі - корреспонденция) қабылдауды, ашуды, реттеуді және тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады және қызмет берушінің басшысына (бұдан әрі - Басшы) қарауға береді;
2) Басшы құжаттар кеңседен түскен сәттен бастап бір сағаттың ішінде қызмет алушының корреспонденциясын қарайды және Ақпараттық қауіпсіздік департаментінің (бұдан әрі - Департамент) директорына қарау үшін ұсынады;
3) Департаменттің директоры қызмет алушының корреспонденциясы түскен сәттен бастап бір сағаттың ішінде депозитке салу өтінімі мен депозитке салу объектілерін қарайды және оларды Департаменттің директоры орынбасарына қарау үшін тапсырады;
4) Департамент директорының орынбасары қызмет алушының корреспонденциясы түскен сәттен бастап екі сағаттың ішінде депозитке салу өтінімі мен депозитке салу объектілерін қарайды және оны қарауды Мемлекеттік тіркелім және депозитарий бөлімінің (бұдан әрі - Бөлім) басшысына тапсырады;
5) Бөлім басшысы қызмет алушының корреспонденциясы түскен сәттен бастап үш сағаттың ішінде депозитке салу өтінімі мен депозитке салу объектілерін қарайды және оны қарауды Бөлімнің жетекші маманына тапсырады;
6) Бөлімнің жетекші маманы қызмет алушының корреспонденциясы түскен сәттен бастап жеті жұмыс күні аралығында депозитке салу өтінімін қарап, онда көрсетілген депозитке салу объектісінің толымдылығы мен депозитке салу объектісінің материалдарының сәйкестігін тексереді;
7) Бөлімнің жетекші маманы бес жұмыс күні ішінде Бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар және нормативтік-техникалық құжаттамалар туралы тиісті мәліметтерді Депозитке салынған бағдарламалық өнімдердің тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) енгізеді;
8) Бөлімнің жетекші маманы бес жұмыс күні ішінде депозитке салу объектілеріне Тізілімге сәйкес депозиттік нөмірлер меншіктейді;