• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызметінің регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 31.10.2015 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 209 бұйрығына 2-қосымша

«Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызметінің регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.08.2015 жылғы № 877 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі – қызмет беруші) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ақпараттандыру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 24 ақпандағы № 136 қаулысымен бекітілген «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі- Стандарт) негізінде көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу туралы қағаз тасығыштағы куәлік (бұдан әрі - Куәлік) беру не қағаз тасығышта қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) әрекеттері тәртібінің сипаты
4. Қызмет берушінің Стандарттың 8-тармағына сәйкес ақпараттық ресурстарды және/немесе ақпараттық жүйелерді тіркеу туралы өтінімді (бұдан әрі - Өтінім) алуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз болып табылады. 
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процессінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу уақытының ұзақтығы:
1) қызмет берушінің кеңсесінің қызметкері қызмет алушының өтінімі бар ілеспе хатын түскен сәттен бастап бір сағат ішінде оны қабылдауды, ашуды және ілеспе хаттың Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде (бұдан әрі - БЭҚАЖ) тіркелуін жүзеге асырады және қызмет берушінің басшысына қарау үшін ұсынады.
2) қызмет берушінің басшысы кеңседен құжаттар түскен сәттен бастап төрт сағаттың ішінде өтінімді қарайды және оны қарауды қызмет берушінің Басқармасының бастығына тапсырады;
3) қызмет берушінің Басқармасының бастығы қызмет беруші басшысынан құжаттар түскен сәттен бастап төрт сағат ішінде өтінімді қарайды және оны қарауды қызмет берушінің Басқармасының бас сарапшысына тапсырады.
4) қызмет берушінің Басқармасының бас сарапшысы қызмет берушінің Басқармасының басшысынан өтінім түскен сәттен бастап он төрт жұмыс күні ішінде өтінімдердің толықтығын және олардың дұрыс толтырылуын тексереді, тексерудің нәтижесі оң болған жағдайда ақпараттық ресурстарды және/немесе ақпараттық жүйелерді тіркейді немесе мәліметтер толық емес не дұрыс емес болған жағдайда қағаз тасығышта қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды және (немесе) өтінімнің көшірмесі қоса берілген ілеспе хаттың жобасын әзірлейді, оны Басқарма басшысымен келіседі, қызмет беруші Басшысына қол қойдырады және Ұйымға жолдайды;
5) қызмет берушінің кеңсесінің қызметкері өтінімнің көшірмесі қоса берілген ілеспе хатты бір сағаттың ішінде шығыс құжаттар журналында тіркеп Ұйымға жолдайды;
6) Ұйымның кеңсесінің қызметкері қызмет берушіден құжаттар түскен сәттен бастап бір сағаттың ішінде оны қабылдауды, ашуды және өтінімнің көшірмесі қоса берілген ілеспе хаттың кіріс құжаттарды тіркеу журналында тіркелуін жүзеге асырады және Ұйымның басшысына қарау үшін ұсынады;
7) Ұйымның басшысы кеңседен құжаттар түскен сәттен бастап төрт сағаттың ішінде өтінімнің көшірмесі қоса берілген ілеспе хатты қарайды және оны қарауды Ұйымның Департаменті директорына тапсырады;
8) Ұйымның Департаменті директоры Ұйым басшысынан құжаттар түскен сәттен бастап төрт сағаттың ішінде өтінімнің көшірмесі қоса берілген ілеспе хатты қарайды және оны қарауды Ұйымның Департаменті директорының орынбасарына тапсырады;
9) Ұйымның Департаменті директорының орынбасары Ұйым Департаменті директорынан құжаттар түскен сәттен бастап бір сағаттың ішінде ілеспе хатты және өтінімді қарайды және оларды қарауды Бөлімнің басшысына тапсырады;
10) Бөлімнің басшысы Ұйымның Департаменті директорының орынбасарынан құжаттар түскен сәттен бастап он бес минуттың ішінде өтінімді және ілеспе хатты қарайды және оларды қарауды Бөлімнің жетекші маманына тапсырады;
11) Бөлімнің жетекші маманы Бөлімнің басшысынанан құжаттар түскен сәттен бастап төрт жұмыс күні ішінде ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мәліметтерді Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне (бұдан әрі-Мемлекеттік тіркелім) енгізеді және Мемлекеттік тіркелімге ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мәліметтерді енгізгеннен кейін төрт сағаттың ішінде ілеспе хаттың және Куәліктің жобасының ресімделуін, олардың Бөлімнің және Ұйымның Департаментінің басшыларымен келісілуін және ілеспе хатқа Ұйым басшысына қол қоюға жолдануын қамтамасыз етеді;
12) Ұйымның басшысы төрт сағаттың ішінде ілеспе хаттың жобасына қол қояды және қағаз тасығыштағы Куәлік қоса берілген ілеспе хатты қызмет берушінің кеңсесіне береді;
13) Ұйымның кеңсесінің қызметкері Ұйым басшысынан түскен қағаз тасығыштағы Куәлік қоса берілген ілеспе хат түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде пошта немесе курьерлік қызмет арқылы қызмет берушіге Ұйымның басшысы қол қойған ілеспе хаты және оған қоса берілген қағаз тасығыштағы Куәлікті жолдайды; 
14) қызмет берушінің кеңсесінің қызметкері Ұйымнан құжаттар түскен сәттен бастап бір сағат ішінде қағаз тасығыштағы Куәлік қоса берілген ілеспе хатты қабылдауды, ашуды және БЭҚАЖ тіркелуін жүзеге асырады және оларды қызмет берушінің басшысына қарау үшін ұсынады;
15) қызмет берушінің басшысы қызмет берушінің кеңсесінен құжаттарды алған сәттен бастап төрт сағаттың ішінде Куәлігі бар ілеспе хатты қарайды және оны қаруды қызмет берушінің Басқармасының басшысына тапсырады;