• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу» көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 14.08.2015 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 209 бұйрығына 5-қосымша

«Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу» көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенті
Қызмет регламенті күшін жойды 2015 жылғы 14 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.05.2015 жылғы № 601 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу» көрсетілетін мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызмет) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ақпараттандыру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 136 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу» көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі-Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
1) тіркеу куәлігін электрондық құжат нысанында беру және кері қайтарып алу;
2) сериялық нөмірін кері қайтарып алынған куәліктердің тізімінде орналастырып тіркеу куәлігін кері қайтарып алу болып табылады.  
2. Көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар тізбесін (бұдан әрі- өтініш) алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша процедураны (іс-әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5. Келесі процедураны (іс-әрекетті) орындауды бастау үшін негіздеме болып табылатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша процедураның (іс-әрекеттің) нәтижесі:
1) тіркеу куәлігін электрондық құжат нысанында берген кезде:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын тексеру (сәйкестендіру) және оның қағаз тасығыштағы өтінішінің Порталға келіп түскен өтінішке сәйкестігі;
Басқарманың жетекші маманының немесе бас маманының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі- ЭЦҚ) куәландыру арқылы көрсетілетін қызметті алушының Порталдағы электронды сұрау салуын растау және оны ақпараттық жүйеге жіберу;
тіркеу куәліктерін көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігіне жазу;
2) электрондық құжат нысанындағы тіркеу куәлігін кері қайтарып алған кезде:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын тексеру (сәйкестендіру);
Басқарманың жетекші маманының немесе бас маманының ЭЦҚ куәландыру арқылы Порталда электронды сұрау салуды қалыптастыру мен растау және оны ақпараттық жүйеге жіберу;
тіркеу куәліктерін көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінен кері қайтарып алу;
3) сериялық нөмірін кері қайтарып алынған куәліктердің тізімінде орналастырып тіркеу куәліктерін кері қайтарып алған кезде: 
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын тексеру (сәйкестендіру);
Басқарманың жетекші маманының немесе бас маманының ЭЦҚ куәландыру арқылы Порталда электронды сұрау салуды қалыптастыру мен растау және оны ақпараттық жүйеге жіберу;
тіркеу куәліктерін көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінен кері қайтарып алу.
3. Көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) Басқарманың жетекші маманы;
2) Басқарманың бас маманы.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы әрбір процедураның ұзақтығы көрсетілген процедуралар (іс-әрекеттер) реттілігінің толық сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес блок-схемаларда беріледі.  
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ХҚКО және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде кейін ХҚКО-на жүгіну мақсатында Порталды пайдалану тәртібінің сипаттамасы:
1) тіркеу куәліктерін берген кезде:
көрсетілетін қызметті алушы 15 минуттың ішінде Порталда тиісті қызметті таңдайды, тіркеу куәліктерін алу үшін сұрау салудың нысандарын толтырады және сұрау салуды «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі-шлюз) арқылы «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры мен «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына (бұдан әрі- мемлекеттік дерекқорлары) жібереді. 
мемлекеттік дерекқорларда көрсетілетін қызметті алушы туралы деректер болған жағдайда, 5 минуттың ішінде көрсетілетін қызметті алушыға Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердіңбар екендігі туралы хабарлама шығарады да Порталда сұрау салу нысандарын бұдан әрі толтыруды қамтамасыз етеді; 
Порталда сұрау салу нысандарын толтырып электронды сұрау салуды ақпараттық жүйеде тіркегеннен кейін 5 минуттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық пошта мекенжайына бұдан әрі ХҚКО ұсыну үшін бірегей нөмір берілген өтініш келіп түседі; 
2) тіркеу куәліктерін екінші рет алған кезде: 
көрсетілетін қызметті алушы 15 минуттың ішінде Порталда тиісті қызметті таңдайды, өзінің қолданыстағы тіркеу куәлігінің көмегімен жеке кабинетке кіреді, тіркеу куәліктерін алу үшін сұрау салудың нысандарын толтырады және сұрау салуды шлюз арқылы мемлекеттік дерекқорларға жібереді; 
мемлекеттік дерекқорларда көрсетілетін қызметті алушы туралы деректер болған жағдайда, мемлекеттік дерекқорлар 5 минуттың ішінде көрсетілетін қызметті алушыға Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің бар екендігі туралы хабарлама шығарады да Порталда сұрау салу нысандарын бұдан әрі толтыруды қамтамасыз етеді; 
       көрсетілетін қызметті алушы Порталда сұрау салу нысандарын толтырып электронды сұрау салуды ақпараттық жүйеде тіркегеннен кейін   күннің ішінде тіркеу куәліктерінің сәтті шығарылғаны туралы ескертуді және оларды орнатуға арналған сілтемелерді алады; 
3) тіркеу куәліктерін кері қайтарып алған, сондай-ақ сериялық нөмірін кері қайтарып алынған куәліктердің тізімінде орналастырыпкері қайтарып алған кезде:
көрсетілетін қызметті алушы 15 минуттың ішінде Порталда тиісті қызметті таңдайды, өзінің қолданыстағы тіркеу куәлігінің көмегімен жеке кабинетке кіреді, тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу үшін сұрау салудың нысандарын толтырады және көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электронды сұрау салуды Портал арқылы ақпараттық жүйеге жібереді. 
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып мемлекеттік қызметті ХҚКО арқылы көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен процедуралардың (іс-әрекеттердің) реттілігінің сипаттамасы: 
1) тіркеу куәліктерін берген кезде:
көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО өтініш ұсынады; 
ХҚКО операторы көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 20 минуттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын тексеруді (сәйкестендіруді) және келесі ұсынылған құжаттарды тексеруді жүзеге асырады: 
1) Жеке тұлғалар үшін: 
порталдан алынған және бірегей нөмірі бар Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат; 
көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариалдық куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) өкіліне сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариаттық іс жүргізу туралы заңнамаға сәйкес мәліметтер енгізіледі. 
2) «Е-нотариат» ақпараттық жүйеге қатысушылар үшін:
көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариалдық куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) өкіліне сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариаттық іс жүргізу туралы заңнамаға сәйкес мәліметтер енгізіледі.