• Мое избранное
«Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 560-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын нысаны, мазмұны және қорғау элементтері бекітілсiн»;
мынадай мазмұндағы 2-1 – тармақпен толықтырылсын:
«2-1. 2003 жылғы 1 қазаңнан бастап енгізілген темекі бұйымдарын акциз таңбасы осы қаулыға 1-1 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданылады.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 1-1 – қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалаудың (қайта таңбалаудың) қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын нысаны, мазмұны және қорғау элементтері»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын нысаны, мазмұны және қорғау элементтері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін (бұдан әрі - алкоголь өнімі) есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) тәртібін айқындайды.»;
көрсетілген Қағидаларға 1 – қосымшада:
жоғарғы оң бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларына, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын нысанына, мазмұнына және қорғау элементтеріне 1-қосымша»;
көрсетілген Қағидаларға 2–қосымшада:
жоғарғы оң бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларына, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын нысанына, мазмұнына және қорғау элементтеріне 2-қосымша»
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
20 жылғы « » ___________
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1349 қаулысына
1-1–қосымша
Темекі бұйымдарына арналған акциз таңбасының нысаны
44*20 мм форматы
.
СККД
ЗҚД
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті келісуге және Сарапшы кеңесі мүшелеріне «Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарауға жолдайды.
Қосымша: б.
Төраға орынбасары Қ. Нұрпейісов
«Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына салыстырмалы кесте
 

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

1

2

3

4

5

Қаулының тақырыбы

Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы

Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын , сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкеске келтіру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңның өзгерістер мен толықтырулары енгізу

Қаулының 1-тармағы

1. Қоса беріліп отырған Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) ережесі бекітілсін.

1. Қоса берiлiп отырған Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары , сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын нысаны, мазмұны және қорғау элементтері бекітілсiн

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкеске келтіру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңның өзгерістер мен толықтырулары енгізу

Қаулының 2-1-тармағы

жоқ

2003 жылғы 1 қазаңнан бастап енгізілген темекі бұйымдарын акциз таңбасы осы қаулыға 1-1 – қосымшаға сәйкес нысаны бойынша қолданылады.

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкеске келтіру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңның өзгерістер мен толықтырулары енгізу

Қаулыға 1-1 – қосымша

жоқ

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

20 жылғы « » ___________

қаулысына

қосымша



Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 31 желтоқсандағы

1349 қаулысына

1-1 – қосымша



Темекі бұйымдарына арналған акциз таңбасының нысаны



«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкеске келтіру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңның өзгерістер мен толықтырулары енгізу

Қағидалардың тақырыбы

Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) ережесі



Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары , сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын нысаны, мазмұны және қорғау элементтері

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкеске келтіру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңның өзгерістер мен толықтырулары енгізу

Қағидалардың 1-тармағы

1. Осы Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) ережесі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін (бұдан әрі - алкоголь өнімі) есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) тәртібін айқындайды.

1. Осы Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын нысаны, мазмұны және қорғау элементтері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін (бұдан әрі - алкоголь өнімі) есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) тәртібін айқындайды.

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкеске келтіру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңның өзгерістер мен толықтырулары енгізу

Қағидаларға 1-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы

Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-

бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) ережесіне 1-қосымша



Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларына , сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын нысанына, мазмұнына және қорғау элементтеріне 1-қосымша

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкеске келтіру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңның өзгерістер мен толықтырулары енгізу

Қағидаларға 2-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы

Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-

бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) ережесіне 2-қосымша



Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларына , сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын нысанына, мазмұнына және қорғау элементтеріне 2-қосымша

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкеске келтіру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңның өзгерістер мен толықтырулары енгізу

Қазақстан Республикасының  
Қаржы Министрі Б. Сұлтанов
«Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші – мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажетті лі гінің негіздемесі



« Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » 2014 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңның енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ды « Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы » 1999 ж ылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының З аңымен сәйкеске келтіру

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжамды әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Қазақстан Республикасының аталған қаулы жобасының қабылдануы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды

4.

Жобаны іске асырумен байланысты болжа м ды қаржылық шығындар

Аталған жобаның қабылдануы мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжамды тиімділігі

« Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы » 1999 ж ылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының З аңына сәйкеске келтіру мақсатында « Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » 2014 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңның өзгерістер мен толықтырулар ы енгізу

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған а к тіл ері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

« Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қ аулысы ;

«Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаудың (қайта таңбалаудың) кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2041 қаулысы;

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 8 қаулысы;

«Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 62 қаулысы;

«Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 188 қаулысы

7.

Заңнаманы кейіннен жоба ға сәйкес келтіру қажеттігі

Жоба заңнаманы кейіннен оған сәкес келтіруді болжамайды

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Қосымша сараптама өткізілген жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшілерінің мобильдік қондырғыларына материалдар (үзінді-көшірмелер) беру

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Қаулының жобасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсындағы «Ақпараттық материалдар» деген бетінде, «Нормативтік құқықтық актілер» деген бөлімнің «Кеңінен талқылануға жататын нормативтік құқықтық актілердің жобалары» деген кіші бөлімінде орналастырылған www . minfin . gov . kz

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Кеңінен талқылауға ұсынылған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz ресми сайтында «Нормативтік құқықтық кесімдерінің жобалары» бөлімінде орналастырылған

Қазақстан Республикасының  
Қаржы министрі Б. Сұлтанов
 2014 жылғы _____________ «____»