1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
-
Продукты:
Консультации










Консультации
Отправить по почте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылшаруашылық кооперациясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы» заң жобасы
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылшаруашылық кооперациясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жаршысы, 1994 ж., №23-24 (қосымша)):
96-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«Өндірістік кооперативтің – ауыл шаруашылығы кооперативінің және оның мүшелерінің құқықтық ережелері Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы заңнамалық актімен айқындалады және оған қайшы келмейтін бөлігінде осы Кодекспен реттеледі.»;
108-баптың 7-тармағы алып тасталсын;
2. «Өндiрiстiк кооператив туралы» 1995 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жаршысы, 1995 ж., № 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы 1996 ж., № 14, 274-құжат):
заңның кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң өндiрiстiк кооперативтердiң құқықтық жағдайын, оларды құрудың, қызметiнiң, қайта ұйымдастырудың және таратудың ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік шарттарын, мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, басқару және бақылау органдарының өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгiн айқындайды.
Өндірістік кооперативтің – ауыл шаруашылығы кооперативінің және оның мүшелерінің құқықтық жағдайы осы Заңнмен реттелмейді және Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы заңнамалық актімен айқындалады.»;
3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодекске (2008 жылғы
13 желтоқсандағы № 275-277 (25722-25724); 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 280-283 (25727-25730) «Казахстанская правда»; «Егемен Қазақстан» 2008 жылғы 13 желтоқсан, № 385-390 (25359); "РЕСМИ ГАЗЕТ" 2009 жылғы
1 қаңтар, № 1; Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 2008 ж.,
№ 22-II (2526-II), 112-құжат):
37-1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында «және селолық тұтыну кооперативтері» деген сөздер алып тасталсын;
64-баптың 1-тармағында «және селолық тұтыну кооперативтері» деген сөздер алып тасталсын;
73-баптың 11-тармағының 3) тармақшасында «және селолық тұтыну кооперативтері» деген сөздер алып тасталсын;
120-баптың 4-тармағында «және селолық тұтыну кооперативтері» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 135-баппен толықтырылсын:
«135-4-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне салық салу
1. Өз қатысушылары мынадай қызмет түрлері бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өткізуден алынған ауыл шаруашылығы кооперативінің кірістері салық салуға жатпайды:
Кооператив мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, сақтау, өткізу;
Кооператив мүшелерін материалды-техникалық ресурстармен жабдықтау;
Суды жинау, өңдеу, бөлу;
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасы;
Көлік және қоймада сақтау;
Ақпараттық қызметтердің қызметі;
Қаржы және сақтандыру қызметі;
Құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызмет;
Жарнамалық қызмет және нарық конъюктурасын зерделеу;
Ветеринариялық қызмет;
2. Бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативі осы бапқа сәйкес салық салудан босатылған кірістер және салық салуға жататын кірістер бойынша жеке-жеке есеп жүргізуге міндетті.
3. Жалпы белгіленген режимде салық салуға жататын кірістерді алған кезде ауыл шаруашылығы кооперативі шығыстарының сомасы мұндай кооперативті барабар немесе жеке-жеке әдіс бойынша таңдау арқылы айқындалады.
4. Барабар әдіс бойынша шығыстардың жалпы сомасындағы шегеруге жататын шығыстар сомасы кірістердің жалпы сомасындағы осы баптың
1-тармағында көрсетілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістердің үлес салмағын негізге ала отырып айқындалады.
5. Жеке-жеке әдіс бойынша ауыл шаруашылығы кооперативі осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түскен кірістерге жатқызылатын шығыстар және салық салуға жататын кірістерге жатқызылатын шығыстар бойынша жеке-жеке есеп жүргізеді.»;
137-баптың 7-тармағында «және селолық тұтыну кооперативтері» деген сөздер алып тасталсын;
140-бапта «және селолық тұтыну кооперативтері» деген сөздер алып тасталсын;
267-баптың 4-тармағында «және селолық тұтыну кооперативтері» деген сөздер алып тасталсын;
273-баптың 5-тармағының 1) тармақшасында «және селолық тұтыну кооперативтері» деген сөздер алып тасталсын;
356-баптың 1) тармақшасында «және селолық тұтыну кооперативтері» деген сөздер алып тасталсын;
368-баптың 1-тармағында «және селолық тұтыну кооперативтері» деген сөздер алып тасталсын;
388-баптың 1-тармағында «және селолық тұтыну кооперативтері» деген сөздер алып тасталсын;
399-баптың 1-тармағында «және селолық тұтыну кооперативтері» деген сөздер алып тасталсын;
299-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында «және селолық тұтыну кооперативтері» деген сөздер алып тасталсын;
63-тараудың атауында «және селолық тұтыну кооперативтері» деген сөздер алып тасталсын;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |