«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 29 бабы 1-тармағының










Отправить по почте
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 29 бабы 1-тармағының
6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 933 қаулысының 2-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті:
осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейін заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етілсін;
осы бұйрықтың орындалуына барлық қажетті шаралар қолдансын.
Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы «__»_________
№ ____ бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Комитет) орман және балық шаруашылығы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында атқарушылық, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (бұдан әрі – Министрлік) құзыретi шегінде ведомство және уәкілетті орган болып табылады.
2. Комитет өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрімен келісіп алғаннан кейін Министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.
4. Комитет Министрлiкке ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгідегi бланкілерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
6. Егер Комитетке заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берiлген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуына құқығы бар.
7. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 5-кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» мемлекеттiк мекемесi.
10. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетiнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитеттің жұмыс режимі Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес Министрліктің жұмыс регламентімен белгіленеді.
13. Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттердi орындау мәселесіне кәсiпкерлiк субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге Комитетке тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен оған табыстар әкелетiн қызметті жүзеге асыру жөнінде құқық берiлсе, мұндай қызметтен алынған табыстар мемлекеттік бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
14. Комитет:
1) орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасынан;
3) балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасынан;
4) балық ресурстары мен акваөсірудің өсімін молайту басқармасынан;
5) құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары басқармасынан;
6) қаржы басқармасынан тұрады.
15. Комитеттің мынадай аумақтық бөлімшелері бар:
1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінiң Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінiң Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінiң Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
4) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінiң Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
5) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінiң Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
6) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінiң Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
7) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінiң Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
8) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінiң Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
9) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінiң Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
10) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінiң Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |