• Мое избранное
«Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.  Қоса беріліп отырған Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2.  Осы қаулы 2014 жылғы 20 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
  Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                          К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы « »
№ қаулысымен бекітілген
Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
Осы Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар кезінде жедел ден қоюды қамтамасыз етуге бағытталған.
Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:  
1) авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесі (бұдан әрі – шұғыл шақыру жүйесі) – навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары мен деректерін пайдалана отырып жұмыс істейтін, шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерге Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар туралы қалыпқа түсірілген ақпарат беруді қамтамасыз ететін мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
2) шұғыл қимылдайтын жедел қызметтер – Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсететін қызметтер;
3) бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметі (бұдан әрі - 112 қызметі) – төтенше жағдайдың туындау алғышарттары немесе туындауы, өрт, адамдардың өміріне төнген қатер мен денсаулығына зиян келтіру қатері туралы және өз құзыреті шегінде шұғыл қызметтердің ден қою жөніндегі іс-қимылдарын кейіннен үйлестіре отырып шұғыл көмек шараларын қолдануды қажет ететін өзге де жағдайлар туралы жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін хабарламаларды қабылдау және өңдеу қызметі;
4) жол-көлiк оқиғасы – көлiк құралының жолда жүруі процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге де материалдық залалға әкеп соққан оқиға;
5) авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесінің операторы – шұғыл шақыру жүйесін басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым;
6) шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысы (бұдан әрі – шақыру құрылғысы) – жұмыс істеп тұрған кемінде екі жаһандық навигациялық спутниктік жүйе сигналдарының көмегімен көлік құралының координаттарын, жылдамдығын және қозғалыс бағытын айқындауды, жол-көлік оқиғасы және өзге де төтенше жағдай кезінде көлік құралы туралы хабарлама беруді, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері арқылы шұғыл қимылдайтын жедел қызметтермен екіжақты дауыс байланысын жүзеге асыратын және қамтамасыз ететін құрылғы;  
7) көлік құралының жағдайын бақылайтын датчиктер – көлік құралында орнатылған, жол-көлік оқиғасы фактісін анықтауға мүмкіндік беретін және осы факті туралы ақпаратты шақыру құрылғысына беретін жеделдету датчиктері (акселерометрлер) немесе өзге де техникалық құралдар;
8) көлік құралының иесі – көлік құралының меншік иесі, сондай-ақ көлік құралын шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не өзге де заңды негізде (жалдау құқығы, көлік құралын басқару құқығына сенімхат, тиісті органның осы адамға көлік құралын беру туралы өкімі) иеленетін адам. Өзінің қызметтік немесе еңбек міндеттерін орындауына орай, оның ішінде көлік құралының меншік иесімен немесе өзге де иесімен жасалған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде көлік құралын басқаратын адам көлік құралының иесі болып табылмайды;  
9) өтініш беруші – шақыру құрылғысын тіркеу және есепке алу үшін шұғыл шақыру жүйесінің операторына өтініш білдірген жеке немесе заңды тұлға;
10) сервистік орталық (шеберхана) – шұғыл қимылдайтын жедел шақыру құрылғысын орнату мен қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
11) «шұғыл шақыру» сигналы – шұғыл шақыру жүйесі операторының зардап шеккендерге шұғыл көмек ұйымдастыру үшін қажетті өңделген ең аз мөлшердегі деректер жиынтығын қамтитын жол көлік оқиғасы немесе өзге де төтенше жағдай туралы хабарламасы;
12) жаһандық навигациялық спутниктік жүйелер (GPS/ГЛОНАСС) – жердегі және космостық жабдықтардың жиынтығынан тұратын, жердегі, әуе және судағы объектілер үшін орналасқан жерін (географиялық координаттары мен биіктігін), сондай-ақ қозғалыс параметрлерін (қозғалыс жылдамдығы мен бағытын) анықтауға арналған кешенді электронды-техникалық жүйелер;
13) шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысынан құрылған деректердің ең аз жиынтығы (бұдан әрі - деректердің ең аз жиынтығы) – жол-көлік оқиғасы кезіндегі шақыру құрылғысымен берілетін және авариялық көлік құралы жүрісінің координаталары мен параметрлері және авария уақыты, көлік құралының сәйкестендіру нөмірлері туралы ақпаратты және шұғыл ден қоюды ұйымдастыру үшін өзге де ақпаратты қамтитын деректер жиынтығы;
14) eCall туы – шұғыл және басым шақыру белгісімен мобильді байланыс желілері арқылы автоматты түрде берілетін жол-көлік оқиғасы туралы сигналы.
3. Шұғыл шақыру жүйесінің мақсаты:
1) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік және өзге де оқиғалар туралы ақпараттарды жаһандық навигациялық спутниктік жүйелер сигналдарын (GPS/ГЛОНАСС) қолдану негізінде шұғыл алу, осы ақпаратты шұғыл шақыру жүйесін орналастырылған көлік құралдары туралы ақпаратпен оны толықтыру жолымен өңдеу, «112» бірыңғай нөмірі бойынша 112 қызметінде өңделген ақпаратты беру;
2) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар туралы жүйеде орналастырылған, сондай-ақ шұғыл ден қоюдағы қабылданған шаралар туралы, олардың уақытылығы және тиімділігі туралы өңделген ақпаратты мүдделі тұлғаларға ұсыну.  
2. Шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру тәртібі
4. Шұғыл шақыру жүйесінің құрылымы:
1) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген ақпаратты қамтитын ақпараттық ресурстан;
2) мыналарға арналған бағдарламалық-техникалық құралдардан:
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғасы және өзге де төтенше жағдайлар туралы, сондай-ақ көлік құралдары туралы ақпаратты жинау, өңдеу мен сақтау осы ақпаратты беруді жүзеге асырған құрылғы үшін;
шақыру құрылғысы туралы ақпаратты жинау, өңдеу мен сақтау үшін.  
3) шақыру құрылғысынан түскен ақпаратты қабылдауды және осы ақпаратты шұғыл қимылдайтын жедел қызметке беруді қамтамасыз ететін технологиялық инфрақұрылымнан;
4) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар кезіндегі механикалық көлік құралдарының жағдайы мен координатты-уақыттық параметрлері туралы ақпарат өңдеуді, сондай-ақ өңделген ақпаратты беру үшін ақпараттық-телекоммуникациялық желі элементтерін қамтамасыз ететін техникалық құралдардан және ақпараттық технологиялардан тұрады.  
5. Шұғыл шақыру жүйесін құру және жұмыс істеуімен байланысты туындаған қатынастардың қатысушылары шұғыл шақыру жүйесінің операторы, ақпаратты шұғыл шақыру жүйесіне ұсынатын ақпарат иеленушілер, шұғыл шақыру қызметтері және шұғыл шақыру жүйесінде орналастырылған ақпаратты пайдаланушылар болып табылады.
6. Шұғыл шақыру жүйесінде орналастырылған ақпаратты иеленушілер:
1) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарында жол-көлік және өзге де төтенше жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсетуді қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар;
2) шұғыл шақыру жүйесінің операторы;
3) көлік құралдарын тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
4) Қазақстан Республикасының аумағында айналымға көлік құралдарын шығарумен айналысатын ұйымдар.  
5) Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануда тұрған және шақыру құрылғысымен жарақталған көлік құралдарының меншік иелері болып табылады.
7. Шақыру құрылғысымен жарақтандыру:
1) шақыру құрылғысымен міндетті түрде жарақтандыруға жататын автокөлік иелері (иелері) көлікте орнатылған шұғыл қимылдайтын жедел қызметтердің шақыру құрылғысын шұғыл шақыру жүйесінің операторында уақтылы тіркейді.  
2) шақыру құрылғысын тіркеу мен есепке алуды шұғыл шақыру жүйесінің операторы жүзеге асырады.
8. Қазақстан Республикасының аумағында бұрын шақыру құрылғысыз айналымға шығарылған көлік құралдары меншік иелерінің бастамасы бойынша осындай құрылғылармен жарақталады.  
9. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланымдағы және көлік иесінің бастамасы бойынша шақыру құрылғысымен жарақталған көлік құралдары шұғыл шақыру жүйесі операторына осы Қағидалардың 11-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген ақпаратты, сондай-ақ шақыру құрылғысы абонентінің жеке тіркеу нөмірін ұсынады.
10. Ұялы байланыс операторлары еCall туын шұғыл шақыру жүйесі операторына беруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ басымдықты шақыруды және зардап шеккенді немесе Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары мен өзге де төтенше жағдайларда зардап шеккендерді шұғыл шақыру жүйесі операторымен екі жақты қосуды жүзеге асырады.  
11. Шұғыл шақыру жүйесінің ақпараттық ресурсы мыналарды қамтиды:
1) картографиялық ақпарат;
2) шақыру құрылғысынан түскен сигналдарды қабылдау негізінде алынған көлік құралының орналасқан жері туралы ақпарат;
3) шұғыл шақырудың тіркелген құрылғыларымен жарақталған көлік құралдары, мемлекеттік тіркеу белгілері, көлік құралының сәйкестендіру нөмірлері (олар болған жағдайда), көлік құралдары шанақтарының нөмірі, маркасы, үлгісі, түсі туралы ақпарат;
4) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары туралы және өзге де төтенше жағдайлар туралы ақпарат берілген шақыру құрылғысынан берілген координаттық-уақыттық ақпарат;
5) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары мен өзге де төтенше жағдайлар туралы көлік құралдарының жағдайын бақылайтын датчиктердің көмегімен алынған қосымша ақпарат (ол болған жағдайда);
6) шақыру құрылғысынан және көліктің жағдайын бақылайтын датчиктерінен шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерге берілген ақпарат;
7) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары мен өзге де төтенше жағдайларға ден қою шаралары туралы ақпарат:
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары мен өзге де төтенше жағдайларға ден қоюды жүзеге асырған шұғыл қимылдайтын жедел қызметтер бөлімшелерінің атауы;
төтенше ден қою қызметтерінің бөлімшелеріне берілген ақпараттың нақты уақыты;
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары мен өзге де төтенше жағдайларға ден қоюдың бастапқы уақыты;
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары мен өзге де төтенше жағдайлар болған жерге бөлімшелердің келу уақыты.
8) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы шұғыл шақыру жүйесінде өңделген жол-көлік оқиғалары мен өзге де төтенше жағдайлар туралы статистикалық және талдамалық ақпарат.  
Шұғыл шақыру жүйесін пайдалану тәртібі
12. Ақпаратты өңдеуді Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды қолдана отырып, құпиялылық жағдайында шұғыл шақыру жүйесінің операторы жүзеге асырады.  
13. Шұғыл шақыру жүйесінде орналастырылған ақпарат:
1) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары мен өзге де төтенше жағдайлар туралы шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерге;
2) өз меншігіндегі (иелігіндегі) көлік құралдарының координаттық-уақыттық параметрлері және шұғыл қимылдайтын қызметтердің сигналды қабылдауы және ден қоюды бастауы туралы Қазақстан Республикасының аумағында шақыру құрылғыларымен жарақталған көлік құралдарын пайдаланатын меншік иелеріне (иелеріне) ұсынылады.  
14. Осы Қағидалардың 11-тармағының 4-тармақшасында көрсетілген ақпарат шақыру құрылғысының көмегімен қалыптасып, шұғыл шақыру жүйесіне ақпарат иелері көлік құралдарында орнатылған шақыру құрылғыларының түріне қарай автоматты режимде немесе қолмен режимінде беріледі. Ақпарат автоматты режимде бағдарламалық-техникалық құралдармен қалыптастырылады.
15. Осы Қағидалардың 11-тармағының 7-тармақшасында көрсетілген ақпаратты шұғыл шақыру жүйесінде шұғыл қимылдайтын жедел қызметтер орналастырады.
16. Ақпаратты жүйеге орнатуға беретін ақпарат иелері көрсетілген ақпараттың толықтығын және анықтығын қамтамасыз етеді.
17. Шақыру құрылғысын орнату және белсенділендіру рәсімін өткізгеннен кейін сервистік орталық келесі жұмыс күнінен кеш емес мерзімде шұғыл шақыру жүйе операторына автокөліктің иесі (иесі) туралы, соның ішінде, шұғыл шақыру жүйесін пайдаланушының карточкасын қалыптастыру мақсатында автокөліктің жекелеген сәйкестендіру белгілеріне қатысты ақпаратты жолдайды.
18. Шұғыл шақыру жүйесінің операторы пайдаланушылардың карточкасын шұғыл шақыру жүйесінің дерекқорында дербес қалыптастырады.
19. Шұғыл шақыру жүйесінің дерекқорын шұғыл шақыру жүйесінің операторы 112 қызметі ұсынатын ақпаратты осындай ақпараттың түсуіне және оның жаңартылуына не түзетілуіне қарай жинау, өңдеу, жинақтау және сақтау жолымен қалыптастырады.  
20. Шұғыл қимылдайтын жедел қызметтер мен шұғыл шақыру жүйесінің операторы арасындағы ақпарат алмасу ақпарат жүйелерді және ақпараттық технологияларды, оның ішінде ақпаратты электрондық әдістермен беруге негізделгендерді, сондай-ақ оларды қамтамасыз ету құрылдарын пайдалану арқылы жасалады.
21. Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды енгізу тиісті халықаралық стандарттарды және Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз етуді ескере отырып жүзеге асырылады.
22. Шұғыл шақыру жүйесінің операторы шұғыл шақыру жүйесінің дерекқорларын толық мөлшерде қалыптастыру үшін 112 қызметімен ақпаратты ай сайынғы салыстыруды жүргізеді.
23. Шұғыл шақыру жүйесі мен 112 қызметі тәулік бойғы режимде жұмыс істейді және шақыруларға шұғыл ден қоюды ұйымдастыруға ұдайы дайындықта болады.  
Жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің (GPS/ГЛОНАСС) сигналдары мен деректерін қабылдауды және шұғыл шақыру жүйесіндегі хабарламаларды өңдеуді шұғыл шақыру жүйесі операторының персоналы жүзеге асырады, ол хабарламалардың анықтығын тексереді, оқиғаның негізгі сипаттамасын енгізеді, сондай-ақ шақырудың анықтығы расталған кезде оны 112 қызметіне беруді ұйымдастырады.
112 қызметі шұғыл шақыру жүйесі операторынан шұғыл хабарламаларды қабылдап, өңдеп, оны Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары мен өзге де төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін тиісті шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерге жеткізуді қамтамасыз етеді.  
Оқиғаға ден қоюды бақылауды, ден қою нәтижелері бойынша алынған ақпаратты талдауды, іс-қимылды анықтау мен нақтылауды, тартылған және өзара іс-қимыл жасайтын шұғыл қимылдайтын жедел қызметтердің кезекшілік-диспетчерлік қызметтеріне төтенше жедел қызметтердің кезекші диспетчерлік қызметтеріне қабылданған және іс асырылып жатқан шаралар туралы хабарлауды 112 қызметінің персоналы жүзеге асырады. 112 қызметі шұғыл шақыру жүйесіне қабылданған хабарламаға жедел ден қою бойынша іс-шаралардың барысы туралы және аяқталғандығы туралы ақпаратты береді.
Шұғыл шақыру жүйесі және 112 қызметі оқиғалардың негізгі сипаттамалары туралы, олардың басталуы, аяқталуы және алынған хабарламаларға шұғыл ден қоюдың негізгі нәтижелері туралы дерекқор жүргізеді, шақыру құрылғысынан алынған Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар туралы хабарламалардың барлық кіріс және шығыс хабарламаларын тіркейді.  
Шұғыл хабарламаларды беру мен көлік құралдарындағы адамдармен екі жақты дыбыстық байланысты орнату бірыңғай «112» нөміріне шұғыл шақыру (осы шақыруға қызмет көрсету үшін орнатылған сәйкестендірушілердің бірі) арқылы жүзеге асырылады.  
29. Шұғыл шақыру жүйесі және 112 қызметі қосылу кенет үзілген жағдайда шақыру құрылғысынан жүгінген тұлғаның пайдалану (соңғы) жабдығымен қосылуды автоматты түрде қалпына келтіру мүмкіндігін қарастырады.
Шұғыл көмек көрсетуге сұрау салу бастамашылық жасау шұғыл шақыру жүйесі арқылы шақыру құрылғысымен және мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар кезінде көлік құралының жүргізушісі немесе жолаушысы шақыру құрылғысы пайдаланушысының интерфейс блогындағы «шұғыл шақыру» кнопкасын басу арқылы жүзеге асырылатын, қолмен шұғыл шақыруға бастамашылық жасау;
2) шақыру құрылғысы автоматты түрде іске қосылған кезде шұғыл шақыруға бастамашылық жасау.
31. Бастамашылық жасау тәсіліне қарамай, шұғыл шақыруға бастамашылық жасау сәтінде шақыру құрылғысының шұғыл хабарламасы құрамында берілуге жататын жол-көлік оқиғасы туралы деректердің ең аз жиынтығын автоматты түрде қалыптастыру жүзеге асырылады.
Шақыру құрылғысынан хабарламаны алғаннан кейін шұғыл шақыру жүйесінің операторы хабарламаны өңдеуді жүргізеді.
Хабарламаны өңдеу кезінде шұғыл шақыру жүйесінің операторы Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар туралы сигналдың дұрыстығын анықтайды. Дұрыс хабарламаны өңдеу процесінің аяқталу нысаны қалыптастырған «шұғыл шақыру» карточкасы болып табылады.
«Шұғыл шақыру» карточкасын қалыптастырылғаннан кейін шұғыл шақыру жүйесінің операторы «шұғыл шақыру» сигналын 112 қызметіне беруді ұйымдастырады.
Шұғыл шақыру жүйесінің операторы шақыру құрылғысынан алынған шұғыл хабарламаларды сұрыптауды қоса алғанда, қабылдауды және өңдеуді, олардың негізінде және шұғыл шақыру жүйесінің шұғыл хабарламаларының қосымша ақпаратын пайдалану негізінде дайындау және оларды бағдарламалық-ақпараттық құралдарды және шұғыл шақыру жүйесінің инфрақұрылымын пайдалану арқылы 112 қызметіне жеткізуді қамтамасыз етеді. Шұғыл шақыру жүйесінің операторы көрсетілген міндеттерді іске асыру шұғыл шақыру жүйесінің бағдарламалық-ақпараттық құралдары мен инфрақұрылымды пайдалану арқылы жүзеге асырады.
«Шұғыл шақыру» сигналын алған кезде 112 қызметінің жедел кезекшісі шұғыл қимылдайтын көмектің қажет көлемін анықтайды, зардап шеккендерге сапалы шұғыл қимылдайтын жедел көмекті ұйымдастырылуы үшін қажетті күштер мен құралдарды анықтайды және шұғыл қимылдайтын жедел қызметтердің оқиға орнына шығуын ұйымдастырады. Қажет болған жағдайда 112 қызметінің жедел кезекшісі жол-көлік оқиғасы зардап шегушіге/зардап шегушілерге психологиялық көмекті ұйымдастырады, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы болған жерде авариялық-құтқару құрамаларының іс-қимыл жасауының тұрақты мониторингін және ағымдағы жағдай туралы ақпаратты жеткізуді жүзеге асырады.  
Зардап шеккендерге көрсетілген шұғыл көмек қорытындылары бойынша 112 қызметінің жедел кезекшісі шұғыл шақыру жүйесінің операторына атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат жолдайды, оның негізінде шұғыл шақыру жүйесінің операторы «шұғыл шақыру» карточкасын жабу бойынша іс-қимыл жүргізеді.
«Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі  
қаулысының жобасына ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБА  
 

Р/с



Т ү сіндірме жазбада к ө рсетілуге тиіс м ә ліметтерді ң тізбесі

Ә зірлеуші мемлекеттік органны ң ақпараты

1

Жобаны ә зірлеуші мемлекеттік орга н

Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі

2

Жобаны қабылдау қажетті лі гіні ң негіздемесі



«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 12) тармақшасына сәйкес

3

Жобаны қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар



Болжанбайды

4

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржы шығындары

Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді

5

Жобаны қабылдауды ң нақты мақсаттары, к ү тілетін н ә тижелерді ң мерзімі және болжанатын тиімділігі

Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру мен пайдалану функцияларын анықтау, сондай-ақ жүйенің өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау.

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкестендіру қажеттілігі

Жоқ

8

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа) жүргізген жағдайда, оның нәтижелері

Жүргізілген жоқ

9

Ө зге де м ә ліметтер

Жоқ

10

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік офисі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына материалдарды (үзінділерді) жіберу

Рұқсат етіледі

11

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында, интернет-порталы немесе басқа да ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Жоба Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің ресми www.m id .gov.kz веб-сайтына орналастырылды

12

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Жоба Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің ресми www.m id .gov.kz веб-сайтына орналастырылды

Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрі  Ә. Исекешев
 2014 жылғы «___» _______________  
Келісу ПАРАҒЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасының атауы: «Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы»
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі
 

Алынған күні

Мемлекеттік органдар, басшылар

Нақты кіммен келісілді (Т.А.Ә.)

Келісу нәтижелері (қолы, күні)

Қайтарыл-ған күні

1

2

3

4

5



Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі









Қазақстан Республикасы Ұлттық

экономика министрлігі









Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігі









Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі









Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі







Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына қоса берілетін құжаттардың ТІЗБЕСІ
 

Р/с №



Құжаттардың атауы

Құжаттың нөмірі және күні

Парақ саны



1.





2.

























ҚР Үкіметі қаулысының

жобасы



Жобаға түсіндірме жазба







































 Үкіметтік шешімдерді шығару секторына қол қойылғаннан кейін барлығы ____________ құжат келіп түсті, оларда __________ парақ_________
  Қолы _________ күні___________