| р/с № | Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Қаржы м инистр лігі |
| 2. | Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылдың 18 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында . |
| 3. | Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар | Қазақстан Республикасы Үкіметінің аталған қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды |
| 4. | Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар | Аталған жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді |
| 5. | Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі
| «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылдың 18 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында . |
| 6. | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылуы нәтижелері туралы мәліметтер | «Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысы |
| 7. | Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі | Жоба кейіннен заңнаманы оған сәйкес келтіруді болжамайды |
| 8. | Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвисткалық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері | Жоқ |
| 9. | Өзге де мәліметтер | Жоқ |
| 10. | «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына материалдар (үзінді-көшірмелер) беру | Р ұқсат етіледі |
| 11. | Жобаны интернет-ресурста орналастыру туралы ақпарат | Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында www.minfin.gov.kz «Нормативтік құқықтық актілер» бөлімінің «Кеңінен талқылауға ұсынылатын нормативтік құқықтық актілер жобалары» кіші бөлімінде орналастырылған |
| 12. | Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз-релиздің мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) орналастырылуы туралы ақпарат (баспасөз-релиздің атауы, күні) | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz ресми сайтында кеңінен талқылауға ұсынылатын «Нормативтік құқықтық актілер жобалары» бөлімінде орналастырылған |