• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің регламентін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 27.05.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 153/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 маусымда № 9546 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.05.2016 жылғы № 223 Бұйрығына сәйкес
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 1-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
1.Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің регламенті бекітілсін.
2.Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Заң департаменті (Э. Ибраева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оныҺ «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің жауапты хатшысы А. Қабыкеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б.Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің
2014 жылғы 30 мамырдағы
№ 153/НҚ бұйрығымен
БЕКІТІЛДІ
Қазақстан Республикасы  Өңірлік даму министрлігінің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің осы регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі туралы ережеге (бұдан әрі – Министрлік туралы ереже) және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес оған жүктелген функцияларды орындау үдерісіндегі Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) қызметінің жалпы қағидаларын белгілейді.
2. Осы Регламентте белгіленген талаптар Министрліктің орталық аппаратының, оның ведомстволарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының барлық қызметкерлеріне қолданылады.
3.Құпия емес іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу, хат-хабарларды қабылдау, өңдеу және тарату, оның ішінде электрондық құжат айналымын жүргізу Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы», 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы», 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», 2003 жылғы 7 қаңтардағы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңдарының талаптарына, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне (әрі қарай – Үкімет Регламенті), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудыі үлгілік қағидаларына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осы Регламентпен айқындалады.
Құпия іс қағаздарын ұйымдастыру мен жүргізуді Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңына сәйкес Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасымен (әрі қарай – МҚҚБ) жүзеге асырылады.
Үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейлердегі халықаралық
іс-шараларды, шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) отырыстарын ұйымдастыру мен өткізу, сондай-ақ үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейдегі уағдаластықтарды іске асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейлердегі халықаралық іс-шараларды, шетелдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) отырыстарын ұйымдастыру мен өткізу, сондай-ақ үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейдегі уағдаластықтарды іске асыру қағидасын бекіту туралы» 2010 жылғы 11 қарашадағы № 1190 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жұмысты жоспарлау
1. Министрлік өз қызметін Министрліктің ережесіне, елдің кешенді дамуының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларына, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі арасындағы меморандумға (бұдан әрі – Меморандум) сәйкес жүзеге асырады.
2. Министрліктің стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес бес жылдық кезеңге әзірленеді.
3. Операциялық жоспар жыл сайын стратегиялық жоспарды іске асыру мақсатында әзірленеді, Жауапты хатшының бұйрығымен бекітіледі және операциялық жоспарға мониторинг жүргізу қорытындысы бойынша жыл сайын Министрліктің стратегиялық жоспарды іске асыру барысы туралы есебі құрылады.
4.Стратегиялық және операциялық жоспарларды, Меморандумды іске асыру, мониторинг жүргізу, талдау, іс-шараларды түзету және жыл сайын бекіту, сондай-ақ Министрліктің есебін құру бойынша жұмыстарды үйлестіруді Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті (әрі қарай – СЖТД) жүзеге асырады.
5.Стратегиялық және Операциялық жоспарларда көзделген жоспарлы іс-шаралардың уақытылы және сапалы орындалуына құрылымдық бөлімшелердің, ведомстволардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары жауапты болады.
3. Алқа отырыстарын жоспарлау, әзірлеу және өткізу тәртібі
1. Министрліктің алқа отырысын жоспарлау, әзірлеу, өткізу және оның шешімдерін орындауды бақылау тәртібін «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының және басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарына және осы Бөлімге сәйкес Министр айқындайды.
2.Министрлік алқасының отырысы алқа жұмысының жоспарына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Алқа отырыстарында қаралатын мәселелердің саны шектелмейді.
Қажет болған жағдайда Министрдің шешімі бойынша алқаның кезектен тыс отырыстары өткізілуі мүмкін.
3.Егер алқа мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан болса алқа отырысы заңды деп саналады.
Алқа мүшелері отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады.
Алқаның сандық және жеке құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан Министр бекітеді.
4. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмаларын орындау мәселелері кем дегенде тоқсанына бір рет қаралады. 
5.Алқаның шешімдері қатысушы алқа мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады, мемлекеттік тілдегі елтаңбалы бланкіде хаттама нысанында рәсімделеді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі).
Алқа отырысында аудиожазба, қажет болған жағдайда видеожазба жүргізіледі.
Министрліктің ресми интернет-ресурсында Министрлік алқасының жұмыс қорытындылары туралы ақпарат міндетті түрде орналастырылады.
4. Кеңестердің жұмысын ұйымдастыру 
1. Министрліктің қызметін жедел басқару мақсатында, Министрдің төрағалық етуімен айына кем дегенде бір рет аппараттық кеңестер өткізіледі.
Министрдің тапсырмасы бойынша аппараттық кеңестер Министрдің бірінші орынбасарының немесе Жауапты хатшының төрағалық етуімен өткізілуі мүмкін.
Аппараттық кеңестерде жоспарлы іс-шаралар мен бақылаудағы тапсырмалардың уақытылы орындалуы, азаматтардың өтініштерін қарау, кадрлармен жұмыс, норма шығару қызметін ұйымдастыру және Министрліктің тиісті қызметін қамтамасыз етумен байланысты басқа да ағымдағы мәселелер талқыланады.
Аппараттық кеңестерде қабылданған шешімдер хаттамамен рәсімделеді.
Аппараттық кеңес шешімдерінің орындалуына бақылауды Персоналды басқару департаменті (Кадр қызметі) (әрі қарай – ПБД (КҚ) жүзеге асырады, ол қажет болған жағдайда бөлімшелердің басшылары ұсынған есепті деректерді салыстырып тексеру мақсатында қажетті ақпаратты сұрайды.
Министрдің төрағалық етуімен аппараттық кеңестерді өткізуді ұйымдастыру, оның ішінде қатысушыларды хабардар ету, материалдарды әзірлеу, хаттаманы жүргізу және басқаларын ПБД (КҚ) жүзеге асырады.
2.Жедел кеңестер қажеттілігіне қарай өткізіледі, бұл ретте оларды өткізуді ұйымдастыру тәртібі аппараттық кеңестер өткізуді ұйымдастыру тәртібіне ұқсас. Өткізу уақытын, қатысушылардың шеңберін әр нақты жағдайда кеңесті жүргізетін төрағалық етуші анықтайды.
Министрдің төрағалық етуімен жедел кеңестерді өткізуді ұйымдастыру, оның ішінде қатысушыларды хабардар ету, материалдарды әзірлеу, хаттаманы жүргізу және басқаларын ПБД (КҚ) не кеңес өткізуге бастамашы болған құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.
3.Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруды бақылау бойынша кеңес Жауапты хатшының төрағалық етуімен тиісті хаттамаларды рәсімдей отырып ай сайын өткізіледі.
5. Бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру 
1. Министрлік департаменттерінің, дербес басқармаларының жұмысын ұйымдастыруды тікелей олардың басшылары қамтамасыз етеді.
2.Министр, Министрдің бірінші орынбасары, министрдің орынбасарлары жетекшілік ететін департаменттер, дербес басқармалар туралы ережелерді Министрдің келісімімен Жауапты хатшы бекітеді.
Жауапты хатшы жетекшілік ететін департаменттер, дербес басқармалар туралы ережелерді Жауапты хатшы Министрдің келісімінсіз бекітеді.
6. Ведомстволармен және олардың аумақтық органдарымен, ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау 
1. Министрлік ведомстволардың және олардың аумақтық органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне жалпы басшылық жүргізуді және үйлестіруді жүзеге асырады және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес дамудың негізгі бағыттарын анықтайды.
2.Күнделікті қызметте ведомстволар Министрдің бірінші орынбасарына, министрліктің жетекшілік ететін орынбасарларына есеп береді және өз қызметін Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде қойылған міндеттерге және Министрдің тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырады.