2010 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары «Жеке тұлғалардың кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шартты ратификациялау туралы» 2011 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының № 389 Заңымен ратификацияланған Жеке тұлғалардың кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) қол қойды. Шарт жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің шекаралары арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын үшінші елдерге әкелуі немесе үшінші елдерден әкетуі үшін бірыңғай тәртіпті белгілейді.
Продукты: | Судебная практика |