• Мое избранное

Отправить по почте

Заң жобасына тұжырымдама жобасы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының (жаңа редакция) тұжырымдамасы»

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының (жаңа редакция) тұжырымдамасы
1. Заң жобасының атауы:
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (жаңа редакция)
2. Заң жобасын әзірлеу қажеттігін негіздеу
Қазақстан Республикасында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» алғашқы Заң 1991 жылғы 5 маусымда қабылданған болатын.
Одақтың ыдырауына және одақтық республикалардың, оның ішінде Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты, ел ішінде де, сол сияқты жаңа құрылған субъектілермен де өзара қарым-қатынасты құқықты реттеудің жаңа жүйесін қалыптастыру қажеттілігі туды. 1991 жылғы заңға ауқымды өзгерістер енгізу орынсыз болды және нормативтік құқықтық актілер туралы Қазақстан заңнамасының ережелеріне сәйкес заңды жаңа редакцияда қабылдау қажет болды.
2010 жылғы 4 мамырда «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) жаңа редакцияда қабылданды, соған байланысты тұтынушылардың құқықтарын қорғау аясында мемлекеттік реттеудің, тұтынушылардың негізгі құқықтары мен оларды қорғаудың негізін қалаушы нормалары белгіленді.
Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қылмыстық және Азаматтық кодекстері, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексі, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», «Тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі туралы», «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы» және т.б. Қазақстан Республикасы Заңдары сияқты әртүрлі заңнамалық актілерде бекітілген.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары туралы арнайы келісімге (Мәскеу қ. 2000 ж. 25 қаңтар) қол қойды.
Одан басқа, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт тұтынушылардың құқығына және оларды қорғауға кепілдік береді.
Тұтынушылардың құқығы адамның жалпы құқықтарының ажыратылмайтын құрамы болып табылады, бұл ретте тұтынушы нарықтың кәсіби қатысушысы болып табылмайды және мемлекеттік қолдаусыз өзінің заңды құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз етпейді. Тұтынушылық саясат кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының ең маңызды құрамы болып табылады, елдің барлық тұрғындарына, әрбір адамға қатысты, одан басқа адам мүддесі жағындағы мемлекеттің барлық саясаты бағытының өзгеруіне табанды түрде әсер етеді.
2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті заңнамалық негізде бизнеске ұсынатын тауар, жұмыс және қызмет сапасын бақылау мәселелерін өзі реттейтін жағдай тудыру қажет екендігін атап өтті.  
Бұл мәселелер Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының Құқықтық саясаты тұжырымдамасында көрсетілген.
Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес қазіргі заманғы шынайылық тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесін енгізуді, сол сияқты сот ісін жүргізудің жеке элементтерін түзетуді және үдемелі талап қою бойынша іс жүргізуді енгізуді қарастыратын меншіктің және шарт міндеттерінің құқықтарын қорғауды күшейтуді қажет етеді.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарының 46-2-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі және мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жолдады.
Көрсетілген заң жобасымен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында:
тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қолдау;
қоғамдық бірлестіктердің құқықтарын кеңейту және қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлерін аттестау;
тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның позициясын күшейту;
сауда базарының аумағына өтеусіз кіруді қамтамасыз ету;
ауыстыруғаа немесе қайтаруға жатпайтын тауарлардың тізімін бағалы тастар мен металл бұйымдарымен толықтыру;
электр энергияның кернеуі жоғары болу салдарынан мүлік бүлінген жағдайда тұтынушылардың құқықтарын жүзеге асыру тәртібін регламенттеу;
банк қызметіне шығындарды табиғи монополиялар субъектілерінің тарифіне қосуға тыйым салу;
Азаматтық кодексіне жария шарттың құны бөлігінде өзгерістер енгізу;
жылу және электр қуаты үшін бөлек төлем бойынша түзетулер енгізу көзделген.
Алайда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органды, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігін құру бойынша жұмыс жүргізуге байланысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының 2013 жылғы 6 қыркүйектегі 312-отырысында 2013 жылға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарынан алып тастау туралы шешім қолдау тапты.
2013 жылға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1192 қаулысымен көрсетілген заң жобасын әзірлеуді көздейтін 46-2-тармақ алынып тасталды.  
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша мемлекеттік саясат тұтынушылардың мүдделерін қорғайтын жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен тікелей өзара қарым-қатынаста жүйелі, дәйектілі болуы тиіс. Ол институционалдық жетілдіруді, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған құрал сияқты техникалық реттеу мәселелерін есепке ала отырып, жүйелі және мақсатты тәсілді қажет етеді. Дәйекті және тиімді тұтынушылар саясаты нарық дамуының маңызды факторлары болып табылады, ол азаматтардың күнделікті өміріне әсер етіп, олардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік туғызады және материалдық игілік пен қызметтерді адал өндірушілер бизнесін жүргізуге қолайлы жағдайлар жасайды.
Ұлттық экономиканың барлық үлкен ашықтығы, капитал мен жұмыс күшінің көші-қоны, көліктің, байланыстың және ақпараттандырудың қазіргі заманғы жүйелері барлық мемлекеттің, оның ішінде Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына едәуір әсер етеді.
Ынтымақтастық принциптері тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктерінің тиімді қызмет етуі үшін жағдайларды жасауды қоса ала отырып, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және ізгілік сипаттағы проблемаларды шешу мақсатында мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа, неғұрлым жоғары деңгейге шығуын білдіреді және ерекше маңызға ие болады.  
Нарықтағы бәсекенің дамуы тұрғындардың тұтынушылық сұранымдарына елеулі әсер етеді және тұтынушылардың құқықтарын мемлекеттік және қоғамдық қорғау жүйелері алдына жаңа міндеттерді қояды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 13 қарашадағы № 691 Жарлығымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дербес мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) құрылды.  
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне:
1) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінен (Монополияға қарсы агенттік) – тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен – тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын, сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілді.
Бірақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында дербес өкілетті органды құру фактісі оны әсер етудің тиісті негізімен заңнамалық бөлмей орын алып отырған проблемаларды шешпейді.  
2014 жылғы сәуірде ҚР Үкіметі 2020 жылға дейінгі Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тұжырымдамасы бекітті, оның негізгі қағидаларының бірі тұтынушылардың, бизнес және мемлекет мүдделерінің балансы болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу жүйесі бизнеске ең аз жүктеме (объективті қажеттілікте) кезінде тұтынушылардың құқықтарын ең жоғары тиімді қорғаныспен қамтамасыз етуді болжайды. Бұл тұжырымдамада тұтынушылардың құқықтарын қорғау аясында қазіргі уақытта орын алып отырған проблемалар блогы көрсетілген, сондай-ақ оларды шешу жолдары ұсынылған. Мысалы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау аясында проблемаларды айқындау және шешу бөлігінде орталық және жергілікті атқару органдары жұмысын талдаудың болмауы байқалады және оны шешу үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша функцияларды іске асыруда тиісті рейтингті енгізе отырып, орталық және жергілікті атқару органдарының қызметін бағалау ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 маусымдағы № 661 қаулысымен бекітілген Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі 2014 - 2015 жылдарға арналған кешенді жоспарымен «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасының (жаңа редакциясы) тұжырымдамасын әзірлеу және 2014 жылғы қыркүйекте Үкімет жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына шығару көзделген.
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру және Қазақстан Республикасының жинақы Үкіметін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Жарлығымен 12 министрліктен құрылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрылымы туралы шешім қабылданды. Тұтынушылардың қорғау агенттігінің функциялары мен өкілеттілігі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне берілді.
Осылайша, 2013 жылы «жедел желі» арқылы Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасына түскен шағымдарды (192 034 шағым) талдау олардың құрылымы бойынша мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
тауарлардың сапасы, тиісті де, тиісті емес те сападағы тауардың ауыстырылып беруден бас тарту – 36%;
комуналдық қызметтерінің сапасы, қарыз бен өсімді заңсыз есептеу, түбіртекте көрсетілген көрсеткіштер мен фактілі көрсеткіштерімен сәйкес келмеу, көрсетілетін қызметтердің тарифтерін көтеру – 50%, оның 31 % арыз пәтер иелерінің қызметіне түседі;
өзге көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) сапасы, уақытылы қызмет көрсетпеу (жұмысты орындамау) немесе одан бас тарту – 14% .
Қоғамдық қарым-қатынас бір жағынан сатушылардың (орындаушылардың, дайындаушылардың) дөрекілігімен, кәсіпке сәйкес келмеуімен, немқұрайлығымен және басқа жағынан тұтынушылардың өздерінің тез алдануымен, сенгіштігімен, сол сияқты құқықтық сауатсыздығымен сипатталады.
Көп жағдайда кәсіпкерлік субъектілерінің сапасыз тауарды сатуы тауардың тиісті сапасына, ауыстыруға немесе қайтарып беруге және оған төленген ақша сомасын алуға тұтынушылардың құқығын реттейтін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі мен Заң нормаларын орындамауымен негізделеді.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне және оның аумақтық бөлімшелеріне, оның ішінде «жедел желі» телефондарына, интернет-ресурстарына, Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің мониторингі жүргізіледі.
Одан басқа, 2014 жылғы 1 жартыжылдығында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне және оның аумақтық бөлімшелеріне 2006 өтініш келіп түсті.