1. Заң жобасының атауы: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».










Отправить по почте
Заң жобасына тұжырымдама жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы»
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы
1. Заң жобасының атауы: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
2. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігін негіздеу.
Заң жобасы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (жаңа редакция) негізгі жобасының нормаларының қолданысын қамтамасыз етуге және оның ішінде мынадай негізгі мәселерді шешуге бағытталған:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 13 қарашадағы № 691 Жарлығымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі құрылды.
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мен тиімділігін арттыру, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру және Қазақстан Республикасының ықшамды Үкіметін қалыптастыру мақсатында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығымен 12 министрліктен тұратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрылымы туралы шешім қабылданды. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің функциялары мен өкілеттіліктері Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне берілді.
Алайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес функциялар тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жеткілікті деңгейде іске асыруға, тұтынушылардың құқықтарының бұзылу фактілеріне ден қоюдың пәрменді шараларын қабылдауға мүмкіндік бермейді.
Осыған байланысты, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң жобасымен (жаңа редакцияда) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруфункциясын тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегіуәкілетті органға беруұсынылады.
Бұл ретте, бизнеске жүктемені азайту мақсатында бақылауды тек жоспардан тыс нысанда және өзге нысандарда жүзеге асыру, яғни, жоспарсыз тексерулер ұсынылуда.
Мемлекеттік бақылаудың жалпы құқықтық негіздері және бақылау қызметін жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттары «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген. Аталған заңмен мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет салалары айқындалған. Бұл ретте заңмен тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру көзделмеген.
Осыған орай «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қосымшаны мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласымен толықтыру қажет.
2. Бүгінгі күні әкімшілік заңнамада тұтынушыларды алдау, сатып алушының өтініші бойынша тауар, оның шыққан жері, өндірушілері, тұтынушылық қасиеттері, кепілдік міндеттемелері және наразылық білдіру тәртібі туралы қажетті ақпаратты ұсынбау секілді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы бұзушылықтар қарастырылған.
Бұл ретте, атап көрсетілген әкімшілік бұзушылықтар бірнеше мемлекеттік органның (ішкі істер органдары, техникалық реттеу мен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау органы) құзыретіне жатқызылған.
Мәселен, «Әкімшілік бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің «Тұтынушыларды алдау» деген 159-бабы бойынша құқық бұзушылықтарды соттар қарайды, хаттамларды ішкі істер және қаржы полициясының органдары құрады (159-баптың 3 және 4-бөлігі бойынша).
«Тұтынушыларды алдау» деген 159-бап бойынша ішкі істер органдары анықтаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ҚР Ішкі істер министрлігі ұсынған мәліметтерге сәйкес тиісінше айыппұл ретінде 3 және 4 әкімшілік жаза тағайындалған 2011 жылы – 5, 2013 жылы 4 құқық бұзушылық анықталды. Бұл ретте, салынған айыппұлдардың сомасынан тек 40%-ы өндіріп алынды.
Қаржы полициясының органдары 2012 және 2013 жылдары бір әкімішілік құқық бұзушылықтан анықтады.
Мәселен, ұсынылған мәліметтерден көрсетілген құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс іс жүзінде жүргізілмейтіндігі көрінеді. Бұл бірінші кезекте көрсетілген органдардың өзге бейінді мәселелер бойынша жұмыстың көп болуымен байланысты.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында және осы саладағы уәкілетті органның құрылуын есепке ала отырып «Әкімшілік бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне тұтынушыларды алдау, сауда қызметін реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу секілді баптарды тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша уәкілетті органның құзыретіне жатқызу бойынша тиісті өзгерістер енгізу қажет.
Одан басқа, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасында тұтынушылардың құқықтарын бұзатын шарт талаптары көзделеді.
Шартқа заңмен бекітілген тұтынушылардың құқықтарын бұзатын талаптарды енгізуге жол бермеу үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін сатушының көрсетілген заң нормасын бұзғаны үшін, яғни шартта тұтынушылардың заңмен белгіленген құқықтарын бұзатын талаптарды белгілегені үшін жауапкершілігі туралы жаңа нормамен толықтыру қажет.
3. Жоғарыда аталғандай, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік бақылау тек жоспардан тыс нысанда және бақылаудың өзге нысандарында жүзеге асырылады.
Бұл ретте, бақылаудың өзге де нысаны тұтынушылардың құқықтарын бұзу туралы өтініштерді (шағымдарды) ерекше қарау тәртібіндежәне өнімнің техникалық регламенттер мен нормативтік актілерге сәйкестігін мониторингілеу түрінде жүзеге асырылады.
Тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы туралы өтініштерді (шағымдарды) ерекше қарау тәртібі кезінде алғашында уәкілетті орган өтінішті әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағымданған сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) тұтынушылардың бұзылған құқықтарын қарау, қалпына келтіру және бұзушылықты жою үшін бағыттайды.
Егер тұтынушының бұзылған құқығы жойылмаса немес қалпына келтірілмесе, уәкілетті орган «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңға сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізетін болады.
Тұтынушылардың берген өтініштерінің (шағымдарының) объективтілігі мақсатында уәкілетті органға қарастыруға жолданған өтініштерге (шағымдарға) тиісті талаптарды бекіту қажет, атап айтқанда өтінішке бұзушылықты растайтын тиісті құжаттарды (фото- бейнежазба материалдарды, кассалық чектерді немесе тауар сатып алу, қызмет көрсету және о.б. фактісін дәлелдейтін өзге құжатты) қосымша беру қажеттілігі туралы міндетті талап.
Бұл ретте, қазіргі уақытта жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін беру және қараумен байланысты қоғамдық қатынастар, олардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру мақсатында «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Осыған орай, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда өтініштерді (шағымдарды) қараудың ерекше тәртібі көзделетін «Тұтынушының құқықтарын қорғау туралы» Заңға сілтемелік норма қосу бөлігінде тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады.
4. Өнімнің техникалық регламенттердің және нормативтік актілердің талаптарына сәйкестігін бақылау-мониторингілеудің өзге нысаны кезінде өнімді, оның ішінде импорттық, құжатсыз, техникалық регламенттердің талаптарына сай келетіндігін расстайтын негіссіз немесе жалған берілген құжаттары бар өнімнің өткізілуі фактілерін анықтау мен жолын кесуге бағытталған камеральдық бақылау жүргізу болжанады, Мониторингілеудің аталған әдісі Қазақстан Республикасының аумағына белгілі бір өнімді әкелуден, өткізу және өндіруденбастап және осы өнімге қатысты сәйкестікті растау бойынша жүргізілген жұмыстарға дейін өнімнің өтуі цикліне талдау жүргізу арқылы мұндай өнімнің тұтынушылық нарыққа түсу сызбасын белгілеуге мүмкіндік ашады. Сондай-ақ осы әдіс Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, жоспарлы тексеру барысында бұрын бақылауға жатқызылған барлық импорттық өнімді, егер ол әлі өткізілмеген болса, бақылауға мүмкіндік береді.
Камеральдық бақылаудың нәтижелері техникалық регламенттердің талаптарының анықталған бұзылушылығына, сондай-ақ әкелінген өнім мен берілген, тіркелген, әкелінген өнімнің сәйкестігін растау бойынша құжаттармен танылған өнім арасында мәліметтерді салыстыру талдауына негізделетін болады.
Бұл үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында уәкілетті органға Сәйкестікті растайтын жұмыс жүргізу үшін жүгінген, сынақ зертханалары (орталықтар) беретін сәйкестігін расстайтын және арыз берушілер туралы (зертханалық сынақтарды өткізу, сәйкестікті растау бойынша құжаттар беру немесе сәйкестік туралы декларацияны тіркеу, сонымен қатар, аккредитеуші үшінші жақ субъектілері берген сынақтар мен сәйкестікті расстау бойынша құжаттардың нәтижесін мойындау) ұсыну қажет.
Осыған байланысты, «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңынасәйкестікті растауоргандарының міндеттерін белгілеу және сынақ зертханалары тиісті ақпаратты тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуы бөлігінде тиісті толықтыруларды енгізу ұсынылады.
Өнімдердің техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі мониторингін жүргізудің ұсынылатын екінші тәсілі оның техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін бегілеу үшін өнімге іріктеу жүргізу болып табылады.
Өнімді іріктеу үрдісі объектіге тікелей баруды қажет ететіндіктен «Мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына бақылаудың өзге нысанында бақылау объектісіне бару мүмкіндігін бекіту бөлігінде тиісті толықтырулар енгізу ұсынылады.
5. Тауарларды сату кезінде тұтынушылардың құқықтарын іске асырудың жекелеген мәселелері «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.
Нарықтық экономиканың даму қарсаңында тауарларды сату қызметінде тауарларды өткізудің кейбір тәсілдерінің айырмашылығы бар. Тауарларды тез сату үшін тұтынушыларды тартудың жаңа тәсілдері «жеңілдіктер», «жаппай сатулар» түрлерінде пайда болды.
Алайда, салалық заңнамада тауарларды сату тәсілі және оларды жүзеге асыру тәртібі сияқты ұғымдар жоқ. Витриналар мен жарнамаларда«жеңілдіктер» және «жаппай сатулар» туралы тым әсерлі жариялайды, бұл тұтынушыларды сауда орнына келуге негіздейді. Алайда, шын мәніндетауар бағасы түспеген, ал сатушылар өз кезегінде тұтынушыларға бұрынғы бағаның әлдеқайда жоғары болғандығын немесе жеңілдік екінші тауарға ғана берілетінін хабарлайды. Егер тауар бағасы шынымен төмендеген болса, оларды жүзеге асыру үшін қосымша тауарды жоғары бағамен сатып алу керек дегенді білдіреді.
Осылайша, сатушылар аталған жағдайды пайдалана отырып,сатудың осы тәсіліне заңнамалық регламент жоқ болғандықтан, тұтынушыларды жаңылыстырады.
Осыған байланысты, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жеңілдіктер мен жаппай сатуларды қолдана отырып тауарды жүзеге асырудың тәртібін регламенттейтін бөлігінде тиісті толықтырулар енгізу қажет.
6. Екінші деңгейлі банктер арқылы коммуналдық қызметтерді берушілер мен тұтынушылардың өзара қатынастар практикасын талдау мынаны көрсетті.
10 Монополияға қарсы инспекция (Астана, Алматы қалалары, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары бойынша ) тұтынушылар екінші деңгейлі банктер арқылы коммуналдық қызметтерге ақы төлеу кезінде банктік қызмет көрсету үшін екі рет төлейтіндігін белгіледі.
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісіне (бұдан әрі – ТМС) тарифтерге (бағалар, алымдардың ставкалары) немесе олардың реттелетін қызметтерге арналған шекті деңгейлеріне (тауарлар, жұмыстар) оларды ұсынумен байланысты емес шығындарды қосуға тыйым салынады.
Басқа сөзбен ТМС тарифке реттелетін қызметтерді ұсынумен байланысты шығындарды қамтиды, осыған орай ТМС-тың банктік қызмет көрсетуге арналған шығындары тарифтердің өзіндік құнына қосылады.
Сонымен, тұтынушы банктер арқылы коммуналдық қызметтерге ақы төлеген жағдайда банктік қызмет көрсету үшін:
банкке тағайындалатын банктік қызмет көрсету үшін комиссия;
ТМС-ке тағайындалатын коммуналдық қызметтер үшін төлемдер түрінде екі рет ақы төлейді.
Өз кезегінде «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңның 7-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес ТМС өз кассалары, сондай-ақ банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы ол ұсынатын реттелетін коммуналдық қызметтер үшін (тауарлар, жұмыстар) тұтынушылардан төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті.
Осылайша коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді қабылдау бойынша ауыртпалық ТМС-ке жүктелген.
Айтылғанды есепке ала отырып, осы мәселені заңнамалық деңгейде шешу ұсынылады.
7. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-тармағына сәйкес Тұтынушылар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес бекітілген жылу энергиясын есепке алу аспаптарының болуына немесе жоқтығына байланысты сараланған тарифтер бойынша тұтынылған жылу энергиясы үшін төлем жүргізеді.
Алайда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 387-бабының 2-тармағына сәйкес тұтынушылардың кейбiр категорияларына жеңiлдiк беру заңдармен жол берiлетiн жағдайларды қоспағанда, тауарлардың, жұмыс пен қызметтiң бағасы, сондай-ақ жария шарттың өзге ережелерi тұтынушылардың бәрiне бiрдей болып белгiленедi.
Яғни, жоғарыда көрсетілген Заңның нормасы Азаматтық кодекске қайшы келеді, өйткені жылу энергиясын есепке алу аспаптарының болуына немесе жоқтығына байланысты түрлі бағалар бойынша ақы төлеуді көздейді.
Осыған орай, жоғарыда көрсетілген заңдар нормаларының қайшылығын жою ұсынылады.
8. Қазіргі уақытта тұтынушыларды электр энергиясы осы қызмет бойынша ақы төлеу бойынша қарыз болмаған жағдайда ажырату проблемасы бар.
Сол кезде қызмет берушілер жылу энергиясы бойынша тұтынушыларда берешек болғандықтан электр энергиясынан ажыратады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында электр және жылу энергиясы арасында анық бөлінісу жоқ екендігін атап кеткен жөн.
Мәселен, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 32) тармақшасына сәйкес электр энергетикасы – электр және жылу энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну саласы.
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 7-тармағына сәйкес Электр немесе жылу энергиясы нарығында электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну кезiнде туындайтын қатынастар электр энергетикасындағы тиiстi шарттармен реттеледi.
Сондай-ақ Азаматтық кодекстің 492-бабының 1-тармағына сәйкес жалғанған желi арқылы жылу энергиясымен жабдықтау жөнiндегi қатынастарға, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, осы параграфтың ережелерi қолданылады.
Айтылғанды есепке ала отырып, жылу энергиясы үшін берешек болған жағдайда электр энергиясынан ажыратуға тыйым салуды белгілеу ұсынылады.
9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 296 қаулысымен бекітілген Астана қаласында тұрғын үйдің бағасын оңтайландыру жөніндегі кешенді жоспардың 8-тармағын орындау үшін құрылыс салушыларға сатылатын тұрғын үй объектілерін жарнамалау кезінде тек қана қолданыстағы құрылыс нормалары мен қағидаларына (I, II, III, IV сыныптар) сәйкес тұрғын үй жіктемесін пайдалану талаптарын бекіту бөлігінде заңнамаға түзетулер енгізу қажет.
«Тұрғын ғимараттар» ҚНжәнеЕ-2007-ге сәйкес тұрғын ғимараттар мынадай 4 сыныпқа жіктеледі: I, II, III, IV.
Бұл ретте, құрылыс салушылар сатылатын тұрғын үй объектілерін жарнамалау кезінде қолданыстағы ҚНжәнеЕ-ге сәйкес I, II, III, IV жіктемесін пайдаланбай, эконом, бизнес, элит, комфорт, люкс, делюкс, премиум, престиж және т.б. секілді ұғымдарды қолданады.
Оған қоса, көбінесе құрылыс салушылар тұрығн үйдің І сыныбын элит-сыныппен, ІІ – бизнес-сыныппен, ІІІ – комфорт-сыныппен, IV – эконом-сыныппен сәйкестендіреді. Бұл ретте қолданыстағы «Тұрғын ғимараттар» ҚНжәнеЕ-2007-мен тұрғын үйдің комфорттылық сыныбын айқындайтын мұндай жіктеме көзделмеген.
Осыған орай, құрылыс компанияларының тұрғын үйді жарнамалау кезінде «эконом», «бизнес», «элит», «комфорт», «люкс», «делюкс», «премиум», «престиж» және басқа да ұғымдарды пайдалануы тұтынушыларды жаңылыстырады.
Мәселен, тұрғын үйге сәйкес келмейтін сынып беру фактілері орын алады, нәтижесінде тұрғын үйдің мәлімделген сапалы қасиеттері, олармен қатар бағалары да тұтынушылардың үмітіне сәйкес келмейді.
Мысалы, ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі жосықсыз жанрама қолдану бөлігіндегі жосықсыз бәсекелестік фактісі бойынша «BigHouse» ЖШС құрылыс компаниясына қатысты монополияға қарсы заңнама бұзушылықтарына тергеу жүргізді.
«BigHouse» ЖШС ҚНжәнеЕ-мен көзделген біліктілікті пайдаланбай, «ҚАЗАҚСТАН» элиталық тұрғын үй кешені» сөздерімен билбордтарда және интернет-ресурстарда жарнама орналастырған.
Жүргізілген тергеу нәтижесі бойынша жоғарыда көрсетілген нарық субъектісіне қатысты монополияға қарсы заңнама бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым шығарылды, оны қазіргі уақытта компания орындады.
Оған қоса, бір сыныптағы тұрғын үйді басқа сыныпқа жатқызу және құрылыс салушы компаниялардың регламенттелген тұрғын үй жіктемесін сақтамауы мысалы, тұрғын үйдің ш.м. үшін орташа баға сияқты статистикалық деректерді бұрмалаудың себебі болуы мүмкін.
3.Заң жобасын қабылдау мақсаты
Заң жобасын қабылдау мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасын «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» жаңа редакцияда әзірленген Қазақстан Республикасы Заңына сәйкестендіру болып табылады.
4. Заң жобасын реттеу мәні
Заң жобасын реттеу нысанасы тауарды сату (жұмысты орындау, қызмет көрсету) барысында кәсіпкерлік және кәсіби қызметпен байланысы жоқ, жеке, отбасылық, тұрмыстық және тұтынушылардың өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тұтынушылар мен дайындаушылар, орындаушылар, өнім шығарушылар, сатушылар арасындағы қоғамдық қатынастар.
5. Заң жобасының құрылымы
Заң жобасы екі баптан тұрады.
Бірінші бапта Қазақстан Республикасының мынадай заңнама актілеріне түзетулер енгізіледі деп болжанады:
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Кодексі;
«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы;
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;
«Электр энергетикасы» туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
«Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;
6.Заң жобасы қабылданған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар
Заң жобасымен көзделген шаралардыіске асыру халықаралық стандарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының өмір сүру сапасын, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері арасында ынтымақтастық қатынастарын құру арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін, тұтынушылық құқығы мен заңнамалық мүдделерге қатысты халықтық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал ететін боладыдеп күтіледі.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында бақылау функцияларын бекіту арқылы уәкілетті органның позициясын арттыру күтілуде.
Өтініштерді (арыздар) ерекше тәртіпте қарау тәртібініңұсынылып отырған рәсімі келіспеушіліктерді қысқа мерзімде шешуге және сатушыларға (орындаушыларға, өндірушілерге) тұтынушылардың құқықтарын бұзуды болдырмау үшін ерікті шаралар қолдануларына ықпал ететін болады.
Осылайша, аталған заң жобасын қабылдау тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында заңнамалық базаны жетілдіру түрінде позитивті құқықтық салдарларға алып келеді. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушы органдардың және қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік билік органдарының барлық деңгейдегі қызметін үйлестіру және тиімді өзара қатынасын қамтамасыз етудің негізі қаланатын болады, адам өмірінің сапасын арттыратын тұтынушылық нарықта тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді арттыруға ынталандыру; тауарлардың сапасын арттыруға ынталандыру (жұмыс, көрсетілетін қызмет); тұтынушылардың заңды құқықтарыжәне оларды іске асыру механизмдеріне қатысты ақпараттандыру және құқықтық хабарландыру деңгейі артады.
7. Басқа да заңнамалық актілерді әзірленіп отырған заң жобасымен бір мезгілде (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттігі.
Жоқ.
8. Заң жобасы мәнінің өзге де нормативтік құқықтық актілермен регламенттелуі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері ҚазақстанРеспубликасының Азаматтық кодексінде; ««Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»,«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»Қазақстан Республикасының кодекстерінде;«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы», «Бәсекелестік туралы» және өзге де заңнамалық актілерде регламенттелген.
9. Қаралып отырған мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің болуы
Тұжырымдаманы әзірлеу халықаралық тәжірибені есепке алып жүргізілді.
Еуропалық одақ. Еуропалық тәжірибеде тұтынушылық саясатқа жауапты Парламент пен Үкімет органдарының рөлін есепке ала отырып (экономика министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі, әділет министрлігі, монополияға қарсы орган), тұтынушыларды құқықтық қорғаудың бірнеше үлгісі бар:
1) әкімшілік: тұтынушылық саясатқа жауапты бір немесе бірнеше мемлекеттік органның болуы (Францияда: тұтынушылық саясатқа жауапты министрлік сондай-ақ, көпшілік тұтынушылық жағдайларда әкімшілік шешімдерді қабылдауға да жауапты – мұндай жағдайлар сотта қаралмайды);
2) сот: сот органдары тұтынушылық проблемаларды шешу үшін тұтынушылық қорғаумен байланысты әкімшілік шешімдер қабылдайтын әкімшілік органдармен емес, сот рәсімдерімен шешіледі.
3) реттеуші: мемлекеттен тәуелсіз, парламент тағайындайтын арнайы органдар (Скандинавия елдерінде: экономикалық соттар және тұтынушылық омбудсмен жалпы тұтынушылық саясатқа емес, тек нарықтық салада бәсекелестік пен тұтынушылық қорғауға жауапты), қаржы омбудсмен Институты қызмет етеді.
4) аралас үлгі: тәжірибеде Еуропа елдерінің арасында ең танымал болып табылады (Польшада: тұтынушылық құқықтық қорғау үлгісі жоғарыда аталған екі элементтен тұрады: бәсекелестік пен тұтынушыларды қорғау бойынша мемлекеттік орган тұтынушылық саясатқа жауапты, алайда, келісімшарттың әділ емес шарттары мен әділетсіз нарықтық әрекеттерге қатысты мәселелер әкімшілік сипатта және тұтынушылардың құқықтарынқорғау бойынша Омбудсмендердің қорғауына алынған).
Парламент.ЕО елдерінде ішкі нарық пен тұтынушылық қорғау бойынша Парламенттік комитет қызмет етеді – ол осы саладағы заңнамаға жауапты.
Үкімет. ЕОелдерінде:денсаулық сақтау мен тұтынушыларды қорғау бойынша негізгі директорат - DG SANCO; ЕО елдерінде: экономика министрлігі, денсаулық сақтау және тұтынушылық қорғау министрлігі, монополияға қарсы комитет жастар, спорт министрлігі – тұтынушылық саясатқа және оның саясаттың басқа да түрлерімен бірлестігіне жауапты.
Соттар. ЕО мүше-мемлекеттерінде:азаматтық соттар,кішігірім істер бойынша соттар, арнайы экономикалық соттар,ымыраластырушы және төрелік соттар, дауларды шешудің балама үлгісі.
Тұтынушылық ұйымдар: ЕО мүше-мемлекеттерінде: оларды үкімет қолдайды, тұтынушылық қызығушылықтарды ұсынады, салыстырмалы тестілеу мен тұтынушылық басылымдарды есепке алғанда, тұтынушылық кеңестер мен тұтынушыларды ақпараттандыру ісіне араласады.
Германия.Тұтынушылық проблемалар бойынша экономиканың федералды, ауылшаруашылық, денсаулық сақтау министрліктерінде тұтынушылық саланы реттейтін заңнаманы әзірлеуде көмек көрсететін арнайы органдар қызмет етеді. Экономика министрінің төрағалығымен тұтынушылардың проблемалары бойынша министрлікаралық Комитет қызмет етеді. Жер деңгейінде көптеген қалаларда кеңесші бюролары бар тұтынушылық орталықтар қызмет етеді. Олар тұтынушыларға әртүрлі ақпараттарды ұсынады, олардың өтініштерін қарайды және заңгерлік қызметтер көрсетеді. Тұтынушылық ұйымдардың бюджеті федералды және жер үкіметінің жәрдемақысынан жиналады.
Елде азық-түлікке қатысты заңдарға толықтырулар қабылданды; осының негізінде азық-түлік тауарларының инспекциясы артты. Экологиялық таза және сапалы өнімдер қоршаған ортаны қорғау министрлігі жанындағы комиссия ұсынатын ерекше сыйақымен марапатталады.
Германияда 30-ға жуық ұйымдарды біріктіретін және тұтынушылардың құқықтарын қорғаумен федералды және еуропалық деңгейде айналысатын Тұтынушылардың одағы бар. Германия Үкіметі Одаққа үлкен қаржылық көмек көрсетеді: шамамен оның 2/3 шығыны үкіметтік жәрдемақы есебінен төленеді.
ТМД барлықелдеріндетұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша арнайы заңдар бар және шынайы қолданылады.
Мемлекеттік органдар тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу арқылы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саясатына белсенді араласады (жалпыұлттық заңдар, органдар мен жергілікті өзін-өзі атқарушы органдардың жарғылары мен өкімдері) құқықтық нормалардың қолданылуын қадағалайды, тауар сапасына бақылау жүргізеді, туындаған дауларды шешеді, сонымен қатар, тұтынушылар арасында ақпараттық-ағартушылық қызметпен айналысады.
ТМД мүше-мемлекеттерде тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарымен қатар, аталған бағытта құрылған тиісті муниципалдық аумақтарда тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша өкілеттік берілген жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызмет етеді.
Жергілікті өзін-өзі басқарушы органдар үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша өкілеттік негізінен заңнамалық бекітілген құқықтан тұрады:
тұтынушылардың өтініштерін қарау – кейбір жағдайларда жергілікті өзін-өзі басқарушы органдардың құзыреті тұтынушылардың өтініштерін жергілікті көлік, коммуналды қызметтер, сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқарушы органдар рұқсат пен лицензия беретін (мысалы, Молдова Республикасында) қызмет түрлерін қараумен ғана шектеледі;
оларға тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңес беру – кейбір жағдайларда жергілікті өзін-өзі басқарушы органдар тұтынушылардың құқықтарын шектейтін жағдайларды анықтау мақсатында, сатушылар (орындаушылар, дайындаушылар) мен тұтынушылар арасында жасалатын келісімдерге талдау жүргізеді (мысалы, Тәжікстан, Украина Республикаларында).
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін соттарға жүгіну (оның ішінде тұтынушылардың белгісіз топтарын қорғау үшін).
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында тізбектелген өкілеттіктер басым жағдайда – жергілікті атқарушы органдардың құқығы.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында жергілікті өзін-өзі басқарушы органдар иеленетін тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы өкілеттіктерді ұлттық заңдарда бекітутұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша өңірлік жүйеде ерекше орынға ие, себебі дәл солар жергілікті мәндегі мәселелерді шешеді және ұсынылған құқықтарды қолдана отырып, әрбір тұтынушыға тегін және жеке келу негізінде тұрғылықты мекен жайлары бойынша тұтынушылардың құқықтарын жедел қорғауды қамтамасыз ете алады, мұндай жұмыстың сұранысы мен әлеуметтік маңызы артуда.
Жергілікті өзін-өзі басқарушы органдар тұтынушыларға кеңес береді, дау жағдайларды реттеулерге, талап арыздарын жазуға және сотта тегін істерді жетекшілік етуге көмек көрсетеді, осы факті сол жағдайда тұтынушылардың көпшілігіне маңызды дәлел болып табылады.
Одан басқа, жергілікті өзін-өзі басқарушы органдар атқарушы биліктің мемлекеттік уәкілетті органдарына және халыққа тек тұтынушылардың құқығын қорғау кезінде туындайтын қиындықтар туралы ғана емес, сондай-ақ басқа әлеуметтік елеулі мәселелер және аспектілер туралы ең маңызды ақпарат көзі болып табылады.
Осыған байланысты, атқарушы билік уәкілетті органдарының қызметінің басты бағыттарының бірі ұлттық деңгейде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің барлық құраушы өзара әрекеттерін ұйымдастыру болып табылады.
ТМД мүше-мемлекеттердің заңнамасымен тұтынушылардың құқықтарын қорғауға байланысты мәселелерді шешуде мемлекеттік басқару органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері (олардың ассоциациялары, одақтары) арасындағы әріптестікті ұйымдастыру арқылы әлеуметтік бітімгершілікті орнату мүмкіндігі көзделген. Осындай өзара қатынас тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдері құрайтын мемлекеттік деңгейдегі әртүрлі кеңесші органдарды құру арқылы ұйымдастырылады.
Ресей Федерациясының заңнамасында заңмен белгіленген заңсыз талаптарды шартқа қосқаны үшін жұмыс және қызмет сатушының жауапкершілігін көздейтін норма бар.
Осылайша, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Ресей Федерациясының Кодексінде тұтынушылардың заңнамамен бекітілген құқықтарына қысым көрсететін талаптарды шартқа енгізгендігі үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Бұл ретте, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Ресей Федерациясының Заңында шартта осындай тұтынушылардың құқықтарына қысым көрсететін талаптар айқындалған.
Беларусь Республикасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау сотқа дейінгі және сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Сотқа дейінгі тәртіпте тұтынушы өзінің құқықтарын қорғау үшін мемлекеттік органдарға немесе қоғамдық бірлестіктерге жүгіне алады.
Уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыретінің шегінде тұтынушылардың құқықтарын мемлекеттік қорғауды және тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманың сақталуына бақылауды жүзеге асырады.
Азаматтардың өтініштері (ұсыныстары, арыздары, шағымдары) қандай мемлекеттік орган немесе өзге ұйымға түскеніне қарамастан алдын ала мәні бойынша құзыретіне сәйкес өтініштерді жазылған сауалдар туындаған әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында орналасқан және өзінің қызметін жүзеге асыратын жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың қарауына жатады.
Әрбір облыстық атқарушы комитеттің, Минск қалалық атқарушы комитетінің, әрбір жергілікті атқарушы және ұйымдастырушылық-билік етуші органның құрамында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша уәкілдер бар.
Бұл салада үйлестiру рөлі Сауда министрлігіне берілген.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Ресей Федерациясының (бұдан әрі – РФ) Заңы тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың екі нұсқасын қарастырады. Қорғаудың бірінші нұсқасы сотқа дейінгі қорғауды көздейді, яғни талап бойынша іс-жүргізу, ал бұзылған құқықтар қорғаудың екінші нұсқасы сот арқылы (талап арыз беру) қарастыру болып табылады.
Соттан тыс тұтынушылардың құқықтарын қорғау тәртібі сотқа арыз талаппен жүгінбей құқықтары бұзылған тұтынушылар алдынала бұзылған құқықтарын қорғау туралы талаптарын тікелей сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) ұсынудан тұрады.
Тұтынушылардың талаптарын сотқа дейін қарастыру тәртібі тараптар пайда болған түсініспеушіліктерді дербес реттеуге итермелеу, ал сатушыны (дайындаушыны, орындаушыны) – өз еркімен бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік бере отырып тұтынушылардың негізделген талаптарын тез арада қамтамасыз ету мақсатында қарастырылған. Тәжірибеде мына сауал жиі туындайды: сотқа жүгіну алдында сапасыз тауарды сату немесе жұмысты (қызметті) орындамау мәселесі бойынша талаптарды сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) міндетті түрде беру керек па әлде жоқ па? РФ Азаматтық процессуалдық кодексінің ережелері (131, 132, 135-баптары) ондай тәртіп заңмен немесе шартпен көзделген жағдайда сотқа дейінгі дауларды реттеу тәртіпті міндетті түрде сақтауды талап етеді.
Көрсетілген жағдайларда сотқа дейінгі тәртіпті сақтағаннан кейін дау соттың немесе төрелік соттың қарауына беріледі.
Дауларды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтау міндеті тек мұндай тәртіп тікелей федералды заңмен қарастырылған жағдайда ғана емес екендігіне назар аударған жөн. Федералдық заңда даулардың белгілі бір санатын реттеудің наразылық немесе өзге де сотқа дейінгі тәртібін заңға тәуелді құқықтық актімен, мысалы, РФ Үкіметтінің қаулысымен немесе белгілі бір салаға немесе басқару саласына басшылықты жүзеге асыратын атқарушы биліктің федералдық органының актісімен регламенттеуді көздейтін сілтеме норма болуы мүмкін.
РФ қазіргізаңнамасында тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін сатушының, дайындаушының, орындаушының заңдық жауапкершілігіне үлкен назар аударылады. Тұтынушыларды ең елеулі бұзушылықтардан әкімшілік, азаматтық және қылмыстық заңнама қорғайды.
Тұрғын үй жіктемесі бойынша халықаралық тәжірибе.
Бүгінгі таңда тұрғын үйдің шетелдік жіктемесін қоса, тұрғын үй жіктемелерінің стандартты типтері жоқ екендігін атап кеткен жөн. Оларда, мысалы, тұрғын үй А1, А2, В1, В2 , А-, В- және т.б. болып бөлінетін А, В, С – үш типті болуы мүмкін.
АҚШ-та, мысалы, үйлердің типтері бойынша тұрғын үй жіктемесі қолданылады: «family house» – коттедж, «town house» - жоғары жайлылығы бар қосарлы көп деңгейлі пәтерлер, apartments – қарапайым пәтерлер.
2012 жылғы желтоқсаннан бастап Ресей Федерациясында Көппәтерлі жаңа тұрғын үйлерінің бірыңғай жіктемесі қолданылады. Осы жіктеме мынадай сыныптарды қамтиды: эконом, комфорт, бизнес, элит.
Қазіргі уақытта Беларусь Республикасында мынадай сыныптарды қамтитын тұрғн үй жіктемесіне жаңа тәсілдемелер әзірленуде: эконом, стандарт, комфорт, престиж, люкс.
Түркияда тұрғын үй жіктемесі үш типке бөлінеді:
эконом-класс, бизнес-класс и люкс.
Осыған орай, тұрғын үй сатып алатын тұынушыларды жаңылыстыруға жол бермеу мақсатында ҚНжәнеЕ 3.02-43-2007 мен «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.
10. Заң жобасын iске асыруға байланысты болжанып отырған қаржы шығындары.
Заң жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын қажет етпейді.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |