• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Мен, Қазақстан азаматы, өзімнің шет елдегі туыстарыма шетел валютасымен белгілі бір ақша сомасын аударғым келеді, қандай да бір шектеулер бар ма?
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Мен, Қазақстан азаматы, өзімнің шет елдегі туыстарыма шетел валютасымен белгілі бір ақша сомасын аударғым келеді, қандай да бір шектеулер бар ма?

   «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңының 
13-бабының 9) тармақшасына сәйкес, жеке тұлғалардың ақшаны өтеусіз аударуын немесе валюталық құндылықтарды жеке тұлғаларға өтеусіз беруін қоспағанда, резиденттер арасында валюталық операцияларға тыйым салынады. Бұдан басқа, Заңның 16-бабының 3-тармағында резидент және резидент емес жеке тұлғалардың уәкілетті банктерде шот ашпай-ақ белгіленген сома шегінде мыналарды:  
   1) Қазақстан Республикасының аумағында, Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына өтеусіз ақша аударымдарын (салықтық, лицензиялық төлемдерді, айыппұлдарды, мұрагерлік сома аударымдарын, алименттерді, гранттарды және басқаларын);  
   2) Қазақстан Республикасынан жеке тұлғаның кәсіпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына байланысты емес және осы Заңға сәйкес оған қатысты лицензиялау, тiркеу, хабарлама талабы белгіленбеген өзге де ақша аударымдарын жүзеге асыруға құқылы екендігі айқындалған.
  Бұл ретте ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесінің 7-тармағына сәйкес, валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын уәкілетті банктер арқылы жүргізген кезде резидент (резидент емес) уәкілетті банкке мынадай құжаттар ұсынады: