• Мое избранное
"Өнімділік 2020" бағдарламасын іске асыру регламентін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

"Өнімділік 2020" бағдарламасын іске асыру регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 24 маусымдағы № 235 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 шілдеде № 9640 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.07.2015 жылғы № 789 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасының 9-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыру регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.Ә. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте мынаны:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен соң күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпараттар құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен соң күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
 Қазақстан Республикасының
 Индустрия және жаңа
 технологиялар министрінің
 2014 жылғы 24 маусымдағы
 № 235 бұйрығымен
 бекітілген
«Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыру регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыру регламенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) 9-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді және кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдауды ұсыну жөніндегі талаптарды белгілейді.
Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдауды ұсыну екі міндет бойынша жүзеге асырылады.
2. Осы Регламентте мынадай терминдер мен айқындамалар пайдаланылады:
1) ведомствоаралық комиссия – орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, даму институттары мен халықаралық сарапшылардың өкілдерінің қатысуымен Бағдарлама әкімшісінің жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
2) Бағдарлама әкімшісі – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;
3) Бағдарламаның өңірлік өкілі – облыс, Астана мен Алматы қалаларының әкімдігі айқындайтын өкіл;
4) Бағдарлама операторы – «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы;
5) құрал операторы – мемлекеттің жарғылық капиталына 100 пайыз қатысатын, мемлекеттік қолдау шараларын ұсынатын заңды тұлға;
6) инновациялық грант - инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін оларға өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты;
7) өтінім беруші – Бағдарламаға қатысуға өтінім берген және Бағдарлама шеңберінде инвестициялық жобаның іске асырылуына қызығушылығы бар кәсіпкерлік субъектісі;
8) қатысушы – бірінші міндет шеңберінде қатысушыларға қойылатын өлшемдерге сәйкестігі туралы Бағдарлама операторының сараптамалық оң бағалауы бар немесе сервистік қолдау шеңберінде құралды(дарды) алған кәсіпкерлік субъектісі;
9) инвестициялық жобаның кешенді жоспары - қажетті экономикалық, техникалық, басқару және өзге де құжаттама пакеті;
10) сараптамалық бағалау – өтінім берушінің Бағдарламаның қатысушыларына қойылатын өлшемдерге сәйкестік мәніне инвестициялық бағалау;
11) Бағдарлама қатысушыларының инвестициялық жобаларының іске асырылуының мониторингі - Бағдарлама операторы мен құрал операторлары жобаларының іске асырылу барысын бақылау бойынша шаралар жүргізу;
12) консалтингті компания – инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптау үшін Бағдарлама әкімшісі бекіткен тізбеге енген компания;
13) тренингтік компания – кәсіпорынды басқару саласында дөңгелек үстелдер, семинарлар, оқыту тренингтерін өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
14) еңбекті нормалау жөніндегі консультант – кәсіпорында еңбекті техникалық нормалау жүйесін жүзеге асыратын заңды тұлға;
15) техникалық диагностика жөніндегі консультант – кәсіпорында техникалық диагностиканы жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
16) топ-менеджер – заңды тұлғаның басшысы немесе оның атқарушы органының мүшесі немесе өндірісті немесе оның жекелеген кезеңдерін ұйымдастыруға жауапты тұлға (жоба менеджері, өндіріс жөніндегі басқарушы директор және т.б.);
17) жұмыс тобы – мемлекеттік қолдау шараларын сондай-ақ Бағдарламаны орындауға байланысты басқа мәселелерді ұсыну үшін инвестициялық жобаларды іріктеу және бекіту бойынша шешім қабылдауға уәкілетті, инвестициялық жобаларды қарастыру бойынша Бағдарлама операторының жанынан құрылған және тұрақты жұмыс істейтін алқалық орган.
3. Бағдарлама бойынша консультация алу үшін өтінім беруші Бағдарламаның өңірлік өкіліне және/немесе Бағдарлама операторына жүгінеді. Бағдарламаға қатысу үшін құжаттар пакетін қабылдауды Бағдарлама операторы жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік қолдау шаралары өтінім беруші Бағдарлама өлшемдеріне сәйкес келуі тиіс.
5. Бағдарламаға қатысу және мемлекеттік қолдау шараларының бірін алу оның бағдарламаны мемлекеттік қолдаудың басқа шараларын алуға ұмтылу мүмкіндігін шектейді.
2. Бағдарламаның бірінші міндеті шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау құралдарын ұсыну
1-параграф. «Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлемдер» мемлекеттік қолдау құралы
6. Өтінім беруші Бағдарлама операторына осы Регламентке 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысанда кәсіпкерлік субъектісінің сауалнамасы мен жобаның паспортын жібереді.
7. Өтінім беруші осы Регламентке 1 және 2-қосымшаларға сәйкес келсе, өтінім беруші Бағдарлама операторымен осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ мен Бағдарламаның әлеуетті қатысушысы арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумды жасасады.
8. Өтінім білдіруші, Бағдарлама операторына Бағдарламаға қатысу мен бірінші тапсырма аясында мемлекеттік қолдау шараларын алу өтінімін осы Регламенттің 4-қосымшасының үлгісіне сәйкес, төмендегі құжаттар жиынтығын ұсынады:
1) ерікті нысанда құрастырылған жоба бойынша слайд-таныстыру;
2) инвестициялық жобаның консалтингтік компаниямен әзірленген кешендік жоспары немесе инвестициялық жобаның өтініш берушінің өзімен әзірленген консалтингтік компанияның сараптамалық бағасы бар кешендік жоспары;
3) өтініш берушіге қызмет көрсететін банк(тер) тен кәсіпкерлік субъектісі міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы қол қойылған және мөрі бар анықтама түпнұсқасы;
4) тиісті салық органынан салық берешегі мен міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдардың жоқтығы туралы анықтама түпнұсқасы;
5) акционерлік қоғамдар үшін соңғы қаржылық жылға (қызмет алушы құжаттар пакетін ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін ұсынған жағдайда, соңғы қаржылық жыл алдындағы қаржылық жылға арналған аудитор қорытындысының көшірмесі қоса берілуі мүмкін) аудиторлық қызметті жүзеге асыру лицензиясы бар аудитор қорытындысының көшірмесі (лицензия көшірмесі қоса беріледі);
6) заңды тұлғаның құқықтық қабілетін растайтын құжат көшірмелері (жарғы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігі, статистикалық карточка (болған кезде), лицензия және (немесе) патент, куәлік, сертификат, диплом, өтініш берушінің тауарды өндіру, қайта өңдеу, жеткізу және сату құқығын растайтын басқа да құжаттар (болған кезде жаңа жобалар үшін);
9. Инвестициялық жобаны қарастыруға арналған өтінімге өтінім беруші атынан құжаттарға қол қою өкілеттігіне ие тұлға қол қояды. Құжаттарға сенімхат бойынша қол қойған жағдайда, соңғысы құжаттарға қоса беріледі.
10. Кешенді жоспар осы Регламентке 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу әдістемесіне сәйкес әзірленеді.