• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап
Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат;  № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж. № 4-5, 24-құжат:
1) 118-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган және нотариус тіркеуге ұсынылған құқық белгілейтін құжатта жазба жасау арқылы жүргізілген тіркеуді құқық иеленушінің өтініші бойынша куәландыруға міндетті. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда тіркеуді жүзеге асыратын орган жылжымайтын мүлікке меншік құқығы (өзге заттай құқық) туралы куәлік береді.»;
2) мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1. Нотариаттық іс-қимыл жасаудың нәтижесінде туындаған құқықтарды мемлекеттік тіркеуді осындай іс-қимылды жасаған нотариус жүргізеді.».
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат, № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 г. № 4-5, 24-құжат):
1) 962-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«962-бап. Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқықтың  пайда болу негiздерi  
Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқық оларды құру фактiсiнiң күшiмен не осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша құқықтық қорғауды беруi нәтижесiнен туындайды.»;
2) 991-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Инновациялық патент және патент алу құқығы туындайтын өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге қойылатын талаптар, оларды беру тәртiбi заң актiсiмен белгiленедi.»;
3) 998-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған салаларды жүзеге асыратын сараптамалық ұйым (бұдан әрі – сараптамалық ұйым) берген өнертабысқа инновациялық патент, патент, пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге патент қолданылады.»;
4) 999-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Инновациялық патент пен патент сараптамалық ұйымға өтiнiм түскен күннен бастап қолданылады және заң актiлерiнде белгiленген талаптар сақталған жағдайда:
1) өнертабысқа инновациялық патент - үш жыл бойы, патент иесiнiң өтiнiшi бойынша бұл мерзiмдi сараптамалық ұйым ұзартуы мүмкiн, бiрақ екi жылдан аспауы керек;
2) өнертабысқа патент - жиырма жыл бойы;
3) пайдалы модельге патент - бес жыл бойы, патент иесiнiң өтiнiшi бойынша бұл мерзiмдi сараптамалық ұйым ұзартуы мүмкiн, бiрақ үш жылдан аспауы керек;
4) өнеркәсiптiк үлгiге патент - он бес жыл бойы күшiн сақтайды, патент иесiнiң өтiнiшi бойынша бұл мерзiмдi сараптамалық ұйым ұзартуы мүмкiн, бiрақ бес жылдан аспауы керек.  
2. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi қорғау сараптамалық ұйымға өтiнiм келiп түскен күннен бастап қолданылады. Құқықтарды қорғау инновациялық патент немесе патент берiлгеннен кейiн жүзеге асырылуы мүмкiн. Патент немесе инновациялық патент беруден бас тартылған жағдайда қорғауға алынбаған болып есептеледі.»;
5) 1000-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1000-бап. Патенттiк құқықтарды беру туралы шарт
Инновациялық патент пен патенттi алуға деген құқықты беру туралы, сондай-ақ инновациялық патент пен патенттi беру туралы шарттар жазбаша нысанда жасалуы тиiс және сараптамалық ұйымда тiркелуге тиiс. Жазбаша нысанның немесе тiркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.»;
6) 1001-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға лицензиялық шарт пен қосалқы лицензиялық шарт жазбаша нысанда жасалады және сараптамалық ұйымда тiркелуге тиiс. Жазбаша нысанның немесе тiркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.»;
7) 1002-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Патент иесi кез келген тұлғаға өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға лицензия (ашық лицензия) алу құқығын беру туралы сараптамалық ұйымға өтiнiш бере алады.»;
8) 1011-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1011-бап. Селекциялық жетiстiкке патенттiң қолданылу мерзімі
Селекциялық жетiстiкке патенттiң қолданылуы сараптамалық ұйымға өтiнiм берiлген күннен басталады және жиырма бес жыл бойына жалғасады.»;
9) 1015-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Интегралды микротәсiм топологиясының авторы немесе өзге де құқық иесi сараптамалық ұйымға өтiнiм беру жолымен топологияны тiркетуге құқылы.»;
10) 1026 және 1027-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«1026-бап. Қазақстан Республикасының аумағында тауар белгiсiн құқықтық қорғау
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының сараптамалық ұйымы немесе Қазақстан Республикасының бекiтiлген халықаралық шартына орай халықаралық ұйым тiркеген тауар белгiсiне құқықтық қорғау берiледi.
1027-бап. Тауар белгiсiне құқықтың қолданылу мерзiмi  
1. Тауар белгiсiнiң басымдығы, егер тауар белгiлерi туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, сараптамалық ұйымға өтiнiм түскен күн бойынша белгiленеді.
2. Тауар белгiсiне құқық өтiнiм тiркелген кезден бастап он жыл бойы күшiнде болады.