• Мое избранное
«Бас тарту режимінде мемлекеттің пайдасына тәркіленген және ресімделген этил спирті мен алкоголь өнімін пайдаланудың, қайта өңдеудің немесе жоюдың тәртібін бекіту тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1336 қаулысының күші жойылды деп тану туралы және «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Бас тарту режимінде мемлекеттің пайдасына тәркіленген және ресімделген этил спирті мен алкоголь өнімін пайдаланудың, қайта өңдеудің немесе жоюдың тәртібін бекіту тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1336 қаулысының күші жойылды деп тану туралы және «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Бас тарту режимінде мемлекеттің пайдасына тәркіленген және ресімделген этил спирті мен алкоголь өнімін пайдаланудың, қайта өңдеудің немесе жоюдың тәртібін бекіту тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1336 қаулысының күші жойылды деп тану туралы және «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 260-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесінде:
мынадай мазмұндағы 34-1, 34-2, 34-3, 34-4, 34-5 және 34-6-тармақтарымен толықтырылсын:
«34-1. Мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк рәсімінде, сондай-ақ өзге де негіздер бойынша тәркiленген және ресiмделген:  
1) этил спиртi этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның шешiмi бойынша бөлiнген квоталардың шегiнде мемлекеттік фармацевтика және медицина ұйымдарына, олар белгiленген түрiне арналған лицензияларын көрсеткен кезде, сондай-ақ спиртті этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатымен техникалық мақсаттарда пайдаланатын Қорғаныс министрлігіне тегiн берiледi.  
Мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк рәсімінде тәркiленген және ресiмделген этил спиртiнiң көлемi мемлекеттік фармацевтикалық және медициналық ұйымдары мен Қорғаныс министрлігінiң мұқтаждықтарынан асып кеткен жағдайда этил спиртiнiң қалған бөлiгi жойылуға жатады.  
2) заңнаманы бұзбай өндiрілген алкоголь өнiмi аукциондарда өткізіледi.  
Арақтарды және айрықша арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарын өткізу Қазақстан Республикасы Yкіметінiң белгілеген бөлшек сауда бағаларынан төмен емес бағамен жүргiзiледi, басқа алкоголь өнiмiн бағалау осы Ереженің 17-ші тармағына сәйкес уәкілетті орган бағалайды.
Алкоголь өнiмiн аукциондарда өткізуден алынған қаражат республикалық бюджетке есептелуге жатады. Өткізу барысында шеккен шығындар республикалық бюджеттiң есебiнен жабылады.  
3) техникалық регламенттердің талаптарына сай келмейтiн және нормативтiк-техникалық құжаттаманы бұза отырып өндiрілген этил спиртi мен алкоголь өнiмi, сондай-ақ тасымалдауға, сақтауға, өткізуге, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мен сертификаттауды жүргізуге байланысты шығындары өздерінің бағалау құнынан асып түсетін тауарлардың шамалы партиялары этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның шешiмi бойынша комиссияның қатысуымен жойылуға жатады.  
34-2. Оқыс жағдайларды және өнімнің мүмкін болатын ұрлануына жол бермеу мақсатында этил спиртi мен алкоголь өнiмiн жоюдың алдында мемлекеттік денатурациялау* бойынша операциялар жүргізедi.
34-3. Жою термикалық, химиялық, механикалық не өзге де әсер ету (өртеу, бұзу, көму және өзгелері) жолымен жүргiзiледi, оның нәтижесiнде тауарлар толығымен жойылады.  
34-4. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн жою үшiн салық органы басшысының бұйрығымен Өнiмдi жою жөніндегі комиссия, оның жұмысының мерзiмдерiн көрсете отырып құрылады.  
34-5. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн жою жөніндегі комиссияға салық органының, іс жүргізу аумақтық органының, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің және қоршаған ортаны қорғау қызметкерлерi, қаржы полициясы  органдарының, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдардың және мекемелердің қызметкерлерi кiредi.  
34-6. Комиссия жою актiсiн жасайды, онда актiнi жасаудың күнi мен орны, қажет болған жағдайда жойылуға жататын өнiмнiң атауы мен саны;
жоюдың тәсілі, негiзiнде жою жүргізiлетiн құжаттың атауы мен нөмiрi, жоюдың уақыты мен орны;  
комиссия мүшелерiнiң аты-жөнi, тегі және лауазымдары көрсетiледi.  
Актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды. Қол жоқ болмаған кезде, актiге себептерін негіздей отырып, анықтама қоса берiледi.».
2. «Бас тарту режимінде мемлекеттің пайдасына тәркіленген және ресімделген этил спирті мен алкоголь өнімін пайдаланудың, қайта өңдеудің немесе жоюдың тәртібін бекіту тәртібі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 133(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 45, 414-құжат), қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К. Мәсімов
НК-12/6217-ВН
от 31.07.2014 г
ЗҚД
СККД
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық Қомитеті, «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Қаулысы жобасын келісуге және Сарапшылар кеңесінің қарастыруына жолдау үшін жолдайды.
Уақыттың тығыздығына байланысты қысқа мерзімде қарастыруды сұраймыз.
Қосымша 23 бетте.
Төраға орынбасары Ә. Сқақов
«Бас тарту режимінде мемлекеттің пайдасына тәркіленген және ресімделген этил спирті мен алкоголь өнімін пайдаланудың, қайта өңдеудің немесе жоюдың тәртібін бекіту тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1336 қаулысының күші жойылды деп тану туралы және «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасына салыстырмалы кесте
 

р / с

Құрылымдық элемент і

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қ аулысы

Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесі

1.

Жаңа 34-1 -тармақ



34-1. жоқ

34-1 . Мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк рәсімінде, сондай-ақ өзге де негіздер бойынша тәркiленген және ресiмделген:

1) этил спиртi этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның шешiмi бойынша бөлiнген квоталардың шегiнде мемлекеттік фармацевтика және медицина ұйымдарына, олар белгiленген түрiне арналған лицензияларын көрсеткен кезде, сондай-ақ спиртті этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатымен техникалық мақсаттарда пайдаланатын Қорғаныс министрлігіне тегiн берiледi.

Мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк рәсімінде тәркiленген және ресiмделген этил спиртiнiң көлемi мемлекеттік фармацевтикалық және медициналық ұйымдары мен Қорғаныс министрлігінiң мұқтаждықтарынан асып кеткен жағдайда этил спиртiнiң қалған бөлiгi жойылуға жатады.

2) заңнаманы бұзбай өндiрілген алкоголь өнiмi аукциондарда өткізіледi.

А рақтарды және айрықша арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарын өткізу Қазақстан Республикасы Yкіметінiң белгілеген бөлшек сауда бағаларынан төмен емес бағамен жүргiзiледi , басқа а лкоголь өнiмi н бағалау осы Ереженің 17-ші тармағына сәйкес уәкілетті орган бағалайды .

Алкоголь өнiмiн аукциондарда өткізуден алынған қаражат республикалық бюджетке есептелуге жатады. Өткізу барысында шеккен шығындар республикалық бюджеттiң есебiнен жабылады.

3) техникалық регламенттердің талаптарына сай келмейтiн және нормативтiк-техникалық құжаттаманы бұза отырып өндiрілген этил спиртi мен алкоголь өнiмi , сондай-ақ тасымалдауға, сақтауға, өткізуге, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мен сертификаттауды жүргізуге байланысты шығындары өздерінің бағалау құнынан асып түсетін тауарлардың шамалы партиялары этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның шешiмi бойынша комиссияның қатысуымен жойылуға жатады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 18 маусымындағы Заңын іске асыру мақсатында.

Бас тарту режимiнде мемлекеттiң пайдасына тәркiленген және ресiмделген э тил спиртi мен алкоголь өнiмiн пайдаланудың немесе жоюдың ережесін бекіту мақсатында.

2.

Жаңа 34- 2 -тармақ



34-2. жоқ

34-2. Оқыс жағдайларды және өнімнің мүмкін болатын ұрлануына жол бермеу мақсатында этил спиртi мен алкоголь өнiмiн жоюдың алдында мемлекеттік денатурациялау* бойынша операциялар жүргізедi.



«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 18 маусымындағы Заңын іске асыру мақсатында.

Бас тарту режимiнде мемлекеттiң пайдасына тәркiленген және ресiмделген э тил спиртi мен алкоголь өнiмiн пайдаланудың немесе жоюдың ережесін бекіту мақсатында.

3.

Жаңа 34- 3 -тармақ



34-3. жоқ

34-3. Жою термикалық, химиялық, механикалық не өзге де әсер ету (өртеу, бұзу, көму және өзгелері) жолымен жүргiзiледi, оның нәтижесiнде тауарлар толығымен жойылады.



«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 18 маусымындағы Заңын іске асыру мақсатында.

Бас тарту режимiнде мемлекеттiң пайдасына тәркiленген және ресiмделген э тил спиртi мен алкоголь өнiмiн пайдаланудың немесе жоюдың ережесін бекіту мақсатында.

4.

Жаңа 34- 4 -тармақ



34-4. жоқ

34-4. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн жою үшiн салық органы басшысының бұйрығымен Өнiмдi жою жөніндегі комиссия, оның жұмысының мерзiмдерiн көрсете отырып құрылады.



«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 18 маусымындағы Заңын іске асыру мақсатында.

Бас тарту режимiнде мемлекеттiң пайдасына тәркiленген және ресiмделген э тил спиртi мен алкоголь өнiмiн пайдаланудың немесе жоюдың ережесін бекіту мақсатында.

5.

Жаңа 34- 5 -тармақ



34-5. жоқ

34-5 . Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн жою жөніндегі комиссияға с алық органының, іс жүргізу аумақтық органы ның, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің және қоршаған ортаны қорғау қызметкерлерi , қаржы полициясы органдарының, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдардың және мекемелердің қызметкерлерi кiредi.



«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 18 маусымындағы Заңын іске асыру мақсатында.

Бас тарту режимiнде мемлекеттiң пайдасына тәркiленген және ресiмделген э тил спиртi мен алкоголь өнiмiн пайдаланудың немесе жоюдың ережесін бекіту мақсатында.

6.

Жаңа 34- 6 -тармақ



34-6. жоқ

34-6. Комиссия жою актiсiн жасайды, онда актiнi жасаудың күнi мен орны, қажет болған жағдайда жойылуға жататын өнiмнiң атауы мен саны;

жоюдың тәсілі, негiзiнде жою жүргізiлетiн құжаттың атауы мен нөмiрi, жоюдың уақыты мен орны;

комиссия мүшелерiнiң аты-жөнi, тегі және лауазымдары көрсетiледi.

Актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды. Қол жоқ болмаған кезде, актiге себептерін негіздей отырып, анықтама қоса берiледi.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 18 маусымындағы Заңын іске асыру мақсатында.

Бас тарту режимiнде мемлекеттiң пайдасына тәркiленген және ресiмделген э тил спиртi мен алкоголь өнiмiн пайдаланудың немесе жоюдың ережесін бекіту мақсатында.

«Бас тарту режимінде мемлекеттің пайдасына тәркіленген және ресімделген этил спирті мен алкоголь өнімін пайдаланудың, қайта өңдеудің немесе жоюдың тәртібін бекіту тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1336 қаулысының күші жойылды деп тану туралы және «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

р/с №

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы м инистр лігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының

2014 жылғы 18 маусымындағы Заңын іске асыру мақсатында және

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы « » № Үкіміне сәйкес.

2. Бас тарту режимiнде мемлекеттiң пайдасына тәркiленген және ресiмделген э тил спиртi мен алкоголь өнiмiн пайдаланудың немесе жоюдың ережесін бекіту мақсатында.

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің аталған қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Аталған жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының

2014 жылғы 18 маусымындағы Заңын іске асыру мақсатында және

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы « » № Үкіміне сәйкес.

2. Бас тарту режимiнде мемлекеттiң пайдасына тәркiленген және ресiмделген э тил спиртi мен алкоголь өнiмiн пайдаланудың немесе жоюдың ережесін бекіту мақсатында.

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Бас тарту режимінде мемлекеттің пайдасына тәркіленген және ресімделген этил спирті мен алкоголь өнімін пайдаланудың, қайта өңдеудің немесе жоюдың тәртібін бекіту тәртібі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1336 қаулысы

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Жоба кейіннен заңнаманы оған сәйкес келтіруді болжамайды

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру

Р ұқсат етіледі

11.

Жобаны и нтернет-ресурс т а орналастыру туралы ақпарат

«Нормативтік құқықтық актілер жобалары» кеңінен талқылау үшін ұсынылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz ресми сайтында бөлімінде орналастырылған

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

«Нормативтік құқықтық кесімдерінің жобалары» к еңінен талқылау үшін ұсынылған бөлімінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz ресми сайтында орналастырылған

* Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22п-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесін ескеріп, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша.
Қазақстан Республикасының 
Қаржы Вице-министрі Р. Дәленов 
  2014 жылғы «_____»___________