2014 жылғы 29 шілдедегі № 09-01/1024-И хатқа
-
Рубрики:
Международные










Международные
Отправить по почте
«Оқу-жаттығу үдерісі және спорт шаралары кезеңінде спортшыларды, сонымен қатар барлық санаттағы әскери қызметкерлерді, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін фармакологиялық қамтамасыз ету және тамақтандыру нормативтерінің әдістемесін бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 20 тамыздағы № 9019 сараптамалық қорытындысы
2014 жылғы 29 шілдедегі № 09-01/1024-И хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Оқу-жаттығу үдерісі және спорт шаралары кезеңінде спортшыларды, сонымен қатар барлық санаттағы әскери қызметкерлерді, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін фармакологиялық қамтамасыз ету және тамақтандыру нормативтерінің әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi бұйрығының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, сарапшылық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жiбередi.
Ұсынылған жоба жеке кәсiпкерлiктің мүдделерiн қозғайтын құқық нормаларын қамтымайтынын ескере отырып, сараптама жүргізу мүмкін емес.
Басқарма мүшесі Н. Әлтаев

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |