• Мое избранное
Өкілеттіктерді табыстау туралы
Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Өкілеттіктерді табыстау туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 296 бұйрығы

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.12.2018 жылғы № 696 Бұйрығына сәйкес 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексіне сәйкес, «Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға денсаулық сақтау ісін реформалау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438  Жарлығын  орындау үшін  БҰЙЫРАМЫН :
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына «Туған, 1 жасқа дейін шетінеген, ана өлімінің мониторингі» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 665 бұйрығының функциясы мына бөлікте табысталсын:
1) ана және сәби өлімі бойынша ақпаратты медициналық ұйымдардан РАТО-на беруді қамтамасыз ету;
2) РАТО-дан ана және сәби өлімі бойынша ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне беруді қамтамасыз ету;
3) шығу нысандарын (ана және сәби өлімі бойынша ақпаратты) РАТО-дан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетіне (бұдан әрі- МФҚБК) беруді қамтамасыз ету.
2. «Мединформ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Нұғыманов Т.К.) 2010 жылдың 1 мамырына дейін РАТО-ға мыналарды:
1) «Тірі туған, өлі туған, 1 жасқа дейін өлген балаларды есепке алу картасы» № 2009/у-01 нысанын;
«Ана өлімін есепке алу картасы»  № 2009/у-02 нысанын;
«Балаларға медициналық көмек көрсетуші медициналық ұйымдардың кадрлармен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуінің ай сайынғы есебі» № 69 нысанын;
«Жүкті әйелдерді сауықтыру, босандыру ұйымдарының кадрлармен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуінің ай сайынғы есебі» № 70 нысанын өңдеуге арналған компьютерлік бағдарламаны РАТО қызметкерлеріне оқыту жүргізе отырып беруді;
2) сәби өлімінің жағдайлары бойынша ай сайынғы жиынтық ақпаратты оны пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен бірге;
ана өлімінін жағдайлары бойынша ай сайынғы жиынтық ақпаратты оны пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен бірге беруді қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары барлық мүдделі медициналық ұйымдардың мыналарды:
3.1. РАТО-ға және оның аумақтық филиалдарына:
1) «Тірі туған, өлі туған, 1 жасқа дейін өлген балаларды есепке алу картасы» № 2009/у-01, «Ана өлімін есепке алу картасы» № 2009/у-02 нысандары бойынша мәліметтерді күн сайын сағат 13.00-ге дейін;
2) «Балаларға медициналық көмек көрсетуші медициналық ұйымдарды мамандармен және медициналық жабдықтармен қамтамасыздығының ай сайынғы есебі» № 69, «Жүктілерді сауықтыру, босандыру ұйымдарын мамандармен және медициналық жабдықтармен қамтамасыздығының ай сайынғы есебі» № 70 нысандары бойынша мәліметтерді әрбір айдың 2-күніне дейін ұсынуын қамтамасыз етсін.
3.2. МФҚБК аумақтық департаменттеріне өлген 1 жасқа дейінгі балалардың, жүкті әйелдердің, босанушы әйелдердің, босанған әйелдердің медициналық құжаттарының (№096/у, 097/у, 003/у, 111/у, 003-1/у нысандарын) көшірмелерін күн сайын сағат 16.00-ге дейін ұсынуын қамтамасыз етсін.
4. Әйелдер мен балаларға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетін республикалық медициналық ұйымдардың басшылары күн сайын мыналарды:
1) РАТО-на «Тірі туған, өлі туған, 1 жасқа дейінгі өлген балаларды есепке алу картасы» № 2009/у-01, «Ана өлімін есепке алу картасы» № 2009/у-02 нысандары бойынша мәліметтерді;
2) МФҚБК аумақтық департаменттеріне өлген 1 жасқа дейінгі балалардың, жүкті әйелдердің, босанушы әйелдердің, босанған әйелдердің медициналық құжаттарының (№096/у, 097/у, 003/у, 111/у, 003-1/у нысандарының) көшірмелерін ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. РАТО-ның аумақтық филиалдарының басшылары РАТО-ға және МФҚБК аумақтық департаменттеріне мыналарды:
1) «Тірі туған, өлі туған, 1 жасқа дейінгі өлген балаларды есепке алу картасы» № 2009/у-01, «Ана өлімін есепке алу картасы» № 2009/у-02 нысандары бойынша мәліметтерді күн сайын сағат 16.00-ге дейін;
2) «Балаларға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды кадрлармен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуінің ай сайынғы есебі» № 69, «Жүктілерді сауықтыру, босандыру ұйымдарының кадрлармен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуініің ай сайынғы есебі» № 70 нысандары бойынша мәліметтерді әрбір айдың 3-іне дейін беруді қамтамасыз етсін.
6. РАТО-ның директоры 2010 жылғы 1 мамырдан бастап МФҚБК-не мыналарды:
1) Шығу нысандарын («Тірі туған, өлі туған, 1 жасқа дейінгі өлген балаларды есепке алу картасы» № 2009/у-01 және «Ана өлімін есепке алу картасы» № 2009/у-02 нысандары бойынша жинақтық мәліметтерді) күн сайын сағат 18.00-ге дейін;
2) «Балаларға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың кадрлармен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуінің ай сайынғы есебі» № 69, «Жүктілерді сауықтыру, босандыру ұйымдарының кадрлармен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуінің ай сайынғы есебі» № 70 нысандары бойынша мәліметтерді әрбір айдың 5-күніне дейін тапсыруды қамтамасыз етсін.
7. МФҚБК (Баймұқанов С. А.) Ана және сәби өлімін төмендетуге арналған шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі республикалық штабқа (бұдан әрі - Республикалық штаб) мыналарды:
1) «Тірі туған, өлі туған, 1 жасқа дейінгі өлген балаларды есепке алу картасы» № 2009/у-01, «Ана өлімін есепке алу картасы» № 2009/у-02 нысандары бойынша мәліметтерді күн сайын;
2) «Балаларға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың кадрлармен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуінің ай сайынғы есебі» № 69, «Жүктілерді сауықтыру, босандыру ұйымдарының кадрлармен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуінің ай сайынғы есебі» № 70 нысандары бойынша мәліметтерді, сәби және ана өлімі оқиғалары бойынша жинақтық ақпаратты әрбір айдың 5-күніне дейін ұсынуды қамтамасыз етсін.
7. Республикалық штаб алынған ақпаратты талдауды, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріне ана және сәби өлімін төмендету бойынша нақты басқарушылық шешімдерді ай сайын ұсынуды және талдау ақпаратын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне әрбір айдың 10-күніне дейін дайындауды қамтамасыз етсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А.Біртановқа жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Ж. Досқалиев