Өкілеттіктерді табыстау туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 296 бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексіне сәйкес, «Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға денсаулық сақтау ісін реформалау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН :
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына «Туған, 1 жасқа дейін шетінеген, ана өлімінің мониторингі» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 665 бұйрығының функциясы мына бөлікте табысталсын:
1) ана және сәби өлімі бойынша ақпаратты медициналық ұйымдардан РАТО-на беруді қамтамасыз ету;
2) РАТО-дан ана және сәби өлімі бойынша ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне беруді қамтамасыз ету;
3) шығу нысандарын (ана және сәби өлімі бойынша ақпаратты) РАТО-дан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетіне (бұдан әрі- МФҚБК) беруді қамтамасыз ету.
2. «Мединформ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Нұғыманов Т.К.) 2010 жылдың 1 мамырына дейін РАТО-ға мыналарды:
1) «Тірі туған, өлі туған, 1 жасқа дейін өлген балаларды есепке алу картасы» № 2009/у-01 нысанын;
«Ана өлімін есепке алу картасы» № 2009/у-02 нысанын;
«Балаларға медициналық көмек көрсетуші медициналық ұйымдардың кадрлармен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуінің ай сайынғы есебі» № 69 нысанын;
«Жүкті әйелдерді сауықтыру, босандыру ұйымдарының кадрлармен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуінің ай сайынғы есебі» № 70 нысанын өңдеуге арналған компьютерлік бағдарламаны РАТО қызметкерлеріне оқыту жүргізе отырып беруді;