• Мое избранное
«Білім және (немесе) біліктілік туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу және беру және олармен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын, ведомстолық бағыныстағы білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Білім және (немесе) біліктілік туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу және беру және олармен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын, ведомстолық бағыныстағы білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 20 тамыздағы № 8852 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
2014 жылғы 31 шілдедегі
№ 3-03-5/1837-И хатқа қатысты
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Білім және (немесе) біліктілік туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу және беру және олармен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын, ведомстолық бағыныстағы білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
  Бұйрық атауын Қағидалардың 2-бөлімінің 5-тармағына сәйкестендіруді ұсынамыз.  
  Қағидаларда меншiк нысандарына қарамастан, білім беру ұйымдарының барлық деңгейлерінде (негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру) білім және (немесе) біліктілік туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу және беру тетігін жазуды ұсынамыз.  
  Жоғарыда айтылғанды қорытындылай отырып, ұсынылған нормативтік-құқықтық актінің жобасы толықтыруды қажет етеді.
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 5-бабы және ҚР «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 15-бабына сәйкес негізделген жауап ұсынуды сұраймыз.
  Басқарма мүшесі Н. Әлтаев