2014 жылғы 8 тамыздағы № 9-2-6/2578-и хатқа










Отправить по почте
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы №367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 20 тамыздағы № 8889 сараптамалық қорытындысы
2014 жылғы 8 тамыздағы № 9-2-6/2578-и хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы №367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы №2331 қаулысымен бекітілген талаптарға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу қағидасының қосымшасындағы үзінді көшірмесінде бөлек бағанға жануарды сырғалау, чиптау және таңбалау кезінде берілетін бірдейлендіру номерінің деректерін енгізу қажет. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бақылау және қадағалау мақсатында үзінді көшірмесінің қосымшасында заңды тұлғаның мәліметтері бөлімінде есептік номерінің деректерін, қызмет түрі бар кодты және өндіру объектінің номерін енгізу қажет.
Агроөнеркәсіптік кешен комитеті Хатшылығының хатшысы М. Уксикбаев

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |