• Мое избранное

Отправить по почте

«Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын құруға қатысатын жұмыс берушілерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» және «Мүгедектерге және құрамында мүгедектер бар отбасыларға берілетін тұрғын үй-жайларды (баспананы) арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтау қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 20 тамыздағы № 8891 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік дамуминистрлігі
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
  «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы бойынша  
  Жобада жұмыс берушілердің уәкілетті органға жұмыс орындарының орташа тізімдік саны, оның ішінде жұмыс істейтін мүгедектердің саны, сондай-ақ өндірістегі еңбек жағдайлары туралы ақпаратты ұсыну мерзімін белгілеу ұсынылады.  
  Аталған ай сайынғы есеп беруді бекітетін осы норма жұмыс берушілерге қосымша жүктеме болатынын ескере отырып, «ай сайын» деген сөздерді «6 (алты) айда бір рет» деген сөздерге өзгертуді ұсынамыз.
  Бұдан басқа, мүгедектерді жұмысқа орналастыруға квотаны белгілейтін норма жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмысының ерекшеліктерін ескермейтінін атап өту қажет. Мысалы, мүгедектер еңбегін құрылыс, құрылыс-монтаждау, өнеркәсіптік және еңбек жағдайлары ауыр және зиянды өзге де салаларда пайдалануға мүлдем болмайды.
  Осыған байланысты, квотаны орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда жұмыс орындарының жалпы санынан екіден төртке дейінгі процент мөлшерiнде баламасын қарастыруды ұсынамыз.
  Жұмыс берушілерге балама беретін нормамен толықтыруды ұсынамыз. Мысалы, жұмыс беруші:
  - мүгедектердің мамандандырылған ұйымдарына ақшалай қолдау көрсетеді, немесе;
  - мүгедектер ұйымдарынан немесе мүгедек жеке кәсіпкерден көрсетілетін қызметтер мен тауарларды сатып алады (мысалы: жұмыс берушінің сатып алатын тауарлары мен қызметтер көлемінен 2 %), немесе;
   - тапсырыстарды мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған кәсіпорындарда немесе мүгедек жеке кәсіпкерде орналастырады (мысалы: жұмыс берушінің сатып алатын тауарлары мен қызметтер көлемінен 2 %).
  Сонымен, өзінің жағдайына байланысты кәсіпкерге мүгедектерге қолдау көрсетудің сол немесе өзге түрін таңдауға мүмкіндік беріледі.
  Одан басқа, іс жүзінде облыстық әкімдік пен аудандық әкімдіктердің қаулылары қабылданады, бұл өз кезегінде қабылданған қаулылардың қайталануына әкеледі.  
  Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарының нақты қай деңгейі (облыстық, аудандық) квотаны белгілейтінін айқындауды енгізу қажет деп санаймыз.  
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес негізделген жауап беруді сұраймыз.