• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығы

Осы редакция 06.08.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында және республикалық
баспасөзде жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының  20) тармақшасына сәйкес ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 22.12.2011 жылғы № 204 Жарлығымен (10.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже; 
2) Мемлекеттік комиссияның дербес құрамы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2007 жылғы 4-тоқсанда "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2007 жылғы 13 сәуірдегі
 № 314 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 10.09.2010 жылғы N 1056 Жарлығымен (08.06.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 03.10.2012 жылғы N 401 Жарлығымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Мемлекеттік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысының актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Мемлекеттік комиссия төрағадан, оның орынбасары мен Мемлекеттік комиссия мүшелерінен тұрады.