Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 315 бұйрығымен
бекітілген
«Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет), 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 2-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы (бұдан әрі - ХҚО);
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізуге құқық беретін аттестат не Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 586 қаулысымен бекітілген «Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-әрекеттерді) бастау үшін көрсетілетін қызметті берушінің заңды тұлға немесе жеке тұлғадан (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) өтінішті және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды алуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 0,5 (4 сағат) жұмыс күні ішінде алынған құжаттарға тіркеу жүргізеді және көрсетілетін қызметті беруші басшының қарауына береді, бұл ретте өтініштің оң жақ төменгі бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөрі қойылады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 0,5 (4 сағат) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына орындауға жібереді;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 0,5 (4 сағат) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және салалық Басқарма басшысына орындауға жібереді;
4) салалық Басқарма басшысы 0,5 (4 сағат) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қойылатын талаптарға сәйкестігіне қарайды және орындаушыға жібереді;
5) орындаушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және қарауға ұсынылған құжаттарды қарауды жүзеге асырады (ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын және олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне олардың жасалу (рәсімделу) дұрыстығын тексереді), өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының тіркеу шифрін беру туралы хат не өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
6) салалық Басқарма басшысы 0,5 (4 сағат) жұмыс күні ішінде тіркеу шифрін беру шешім не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты келісуі;
7) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 0,5 (4 сағат) жұмыс күні ішінде тіркеу шифрін беру шешім не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты келісуі;
8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (не оны алмастыратын адам) 0,5 (4 сағат) жұмыс күні ішінде тіркеу шифрін беру туралы шешімге не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды;
9) 0,5 (4 сағат) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеу және беру.
Порталда электрондық сұрауды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады.
4. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) тартылған: