• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2015 г

Отправить по почте

Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын тіркелген тарифтер және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектіні салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және олармен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтер бойынша сатып алуы, қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясын шартты тұтынушыларға сатуы шарттарының үлгі нысандарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 878 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 23.06.2015 жылғы № 475 Қаулысына сәйкес
«Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын тіркелген тарифтер және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және олармен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтер бойынша сатып алуы, қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын шартты тұтынушыларға сатуы шарттарының үлгі нысандарын бекiту туралы» ҚР Энергетика министрінің 02.03.2015 жылғы № 163 бұйрығын қараңыз
«Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1) қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын тіркелген тарифтер бойынша сатып алуының үлгі шартының;
2) қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектіні салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтер бойынша сатып алуының үлгі шартының;
3) қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясын шартты тұтынушыларға сатуының үлгі шартының нысандары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 878 қаулысымен бекітілген
Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын тіркелген тарифтер бойынша сатып алуының үлгі шарты
  Бірлесіп «Тараптар», ал жеке-жеке «Тарап» деп аталатын, Қазақстан Республикасы ____________________ мекенжайы бойынша тіркелген
  БСН:_____, бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын ________________________________________________________________атынан
(қаржы-есеп айырысу орталығының толық атауы көрсетілсін) 
  ___________________________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін
  ___________________________________________________________________________________________ бір тараптан
  және Қазақстан Республикасы ____________________________________________________________ мекенжайы бойынша
  тіркелген, БСН:_____, бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын __________________________________________________атынан
  ______________________________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін
  ____________________________________________________________________________________________ екінші тараптан
1) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі № 165-VI Қазақстан Республикасының Заңын;
  2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы «___» ________ № ___ қаулысымен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар);
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысымен бекітілген Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын (бұдан әрі - Тіркелген тарифтерді айқындау қағидалары);
4) Сатушының осы шартты жасасуға берілген өтінімін (20__ жылғы «___»_____ кіріс № ___) (Қағидаларға 1-қосымша);
5) Сатушының Сатып алушыға тіркелген тариф бойынша жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі - ЖЭК) пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сату ниетін назарға ала отырып;
төмендегілер туралы осы электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасты.
1) шарт - Сатушы мен Сатып алушының арасында жасалған осы электр энергиясын сатып алу-сату шарты;
2) ЖЭК электр станциясы - осы Шарттың 6-тарауында сипатталған, берілетін электр энергиясын өндіретін ЖЭК-ті пайдалану объектісі;
3) берілетін электр энергиясы - беру нүктесіне берілген, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен талаптарына сәйкес келетін, электр станциясы өндірген барлық электр энергиясы;
4) беру нүктесі - электр станциясын энергия беруші ұйымның электр желілеріне қосу нүктесі;
5) коммерциялық есепке алу аспабы - беру нүктесінде орнатылған, заңнамада белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген, берілетін электр энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған техникалық құрылғы;
6) берілетін ай - тиісті айдың бірінші күні сағат 00.00-де басталатын және тиісті айдың соңғы күні сағат 00.00-де аяқталатын ЖЭК-ті пайдалану объектілерінен берілетін электр энергиясын іс жүзінде беретін күнтізбелік ай, оның нәтижелері бойынша берілетін электр энергиясының сатып алу-сату көлемінің түпкілікті есебі жүргізіледі;
7) жұмыс күні - Сатып алушы үшін жұмыс күні болып табылатын күн;
8) Тіркелген тарифті айқындау қағидалары - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысымен бекітілген Тіркелген тарифті айқындау қағидалары;
9) электр станциясын коммерциялық пайдалану басталған күн - электр станциясының электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күн;
10) Жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы (бұдан әрі - ЖО ҰДО) - электр энергиясын теңгерімдеу мен оның сапасын қамтамасыз етуді қоса алғанда, Қазақстанның БЭЖ жедел басқаруға және оның жұмысының сенімділігіне жауапты, Жүйелік оператордың құрылымына кіретін бөлімше.
2. Шартқа сәйкес Сатушының электр станциясында өндірілген және беру нүктесіне берілген электр энергиясының барлық көлемін Сатушы сатады, ал Сатып алушы сатып алады.