• Мое избранное
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларының ережелерін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларының ережелерін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларының ережелерін бекіту туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы № қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мына облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларының ережелері бекітілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
3) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
4) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
5) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
6) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
7) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
9) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
10) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
11) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
12) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
13) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
14) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Оңтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:  
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін;  
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларының Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы____тамыздағы
№____бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Инспекция) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) орман және балық шаруашылығы, жануарлар дүниесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында атқару, бақылау және қадағалау функцияларын орындауға уәкілетті аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Инспекция Алакөл және Алматы мемлекеттік табиғи қорықтарының, Іле Алатауы, Шарын және Жоңғар Алатауы, «Алтын Емел» және «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің, «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің, «Алматы хайуанаттар бағы» қалалық коммуналдық қазыналық кәсіпорнының, Іле және Бас ботаникалық бақтарының қызметін және Алматы облысы әкімшілік шекарасының шегіндегі Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарында (су қорғау белдеуі мен аймағын, жағалау жиегін және санитарлық қорғау аймағын қоса алғанда) бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ үйлестіруді жүзеге асыруға уәкілетті.
2. Инспекция өзінің қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын  , Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актілерін, өзге де нормативтiк құқықтық актілердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Инспекция Комитетке ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өзінің атауы жазылған мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
4. Инспекция өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
5. Егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса, Инспекцияның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болады.
6. Инспекцияның құрылымы және штат санын Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің жалпы саны шегінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрімен келісім бойынша бекітеді.  
7. Инспекцияның заңдық мекен-жайы: 040000 Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Лесная поляна көшесі, 1.  
8. Инспекцияны ұстауға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
9. Инспекцияның функциялары болып табылатын міндеттердi орындау мәселесінде Инспекцияның кәсiпкерлiк субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуіне жол берілмейді.
Инспекцияға заңнамалық актілер оған табыс әкелетiн қызметті жүзеге асыру жөнінде құқық берген жағдайда мұндай қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. Инспекцияның негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
10. Инспекцияның негізгі мiндеттерi:
1) орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты iске асыруға қатысу;
2) орман ресурстары мен жануарлар дүниесi ресурстарын күзетуге, қорғауға, молықтыруға және пайдалануға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйi мен қызметiне мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
3) өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
4) өсімдіктер, жануарлар дүниесінің биологиялық әртүрлілігін, кәдімгі, бірегей және сирек ландшафтарды сақтау;