• Мое избранное
«Мүгедектерге және құрамында мүгедектер бар отбасыларға берілетін тұрғын үй-жайларды (баспананы) арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтау қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Мүгедектерге және құрамында мүгедектер бар отбасыларға берілетін тұрғын үй-жайларды (баспананы) арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтау қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Мүгедектерге және құрамында мүгедектер бар отбасыларға берілетін тұрғын үй-жайларды (баспананы) арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтау қағидаларын бекіту туралы»
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 6 және 26-баптарына және Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедектерге және құрамында мүгедектер бар отбасыларға берілетін тұрғын үй-жайларды (баспананы) арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
20 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Мүгедектерге және құрамында мүгедектер бар отбасыларға берілетін тұрғын үй-жайларды (баспананы) арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтау қағидалары
1. Жалпы ережелері
  1. Осы «Мүгедектерге және құрамында мүгедектер бар отбасыларға берілетін тұрғын үй-жайларды (баспананы) арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 6 және 26-баптарына сәйкес әзірленді.   
Қағидалар мүгедектерге және құрамында мүгедектер бар отбасыларға берілетін тұрғын үй-жайларды (баспананы) арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтау тәртібін айқындайды .
2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:  
1) арнаулы құралдар мен құрылғылар – мүгедектердің өмір сүруі үшін қажетті техникалық көмектің түрлері мен құралдары;  
2) мүгедектер үшін тұрғын үй-жайларды (баспананы) жабдықтау – тұрғын үйді реконструкциялау және монтаждау процесі, сондай-ақ, мүгедектерде болатын организм функцияларының бұзылуын және өмірдің тыныс тіршілігінен шектелуін толық немесе ішінара ауыстыратын (орын толтырушы) және олардың өмір сүруіне қажетті негізгі техникалық жабдықтарды, технологиялық жарақтарды, қосалқы құралдарды іріктеп алу және орнату процесі;  
3) тұрғын үй-жайлардың (баспананың) ішін жабдықтау – тұрғын үйді реконструкциялау және монтаждау, сондай-ақ тұрғын үй-жайлардың ішіне қажетті негізгі техникалық жабдықтарды, технологиялық жарақтарды, қосалқы құралдарды іріктеп алу және орнату процесі;
4) тұрғын үй-жайлардың (баспананың) сыртын жабдықтау – тұрғын үй-жайларға кіруді және одан шығуды оңайлату мүмкіндігін көздейтін тұрғын үйдің сыртын реконструкциялау және монтаждау процесі;
5) тифлотехникалық құралдар - мүгедектердің көру кемістігі салдарынан жоғалтқан мүмкіндіктерін түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар.
3. Аудандардың (қалалардың облыстық маңызы бар, қалалардың республикалық маңызы бар және астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен мүгедектерге және құрамында мүгедектер бар отбасыларға берілетін тұрғын үй-жайларды (баспананы) арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтауды осы Қағидалардағы талаптарға сәйкес қамтамасыз етеді.
4. Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектердің тұрғын үйі жұмыс берушінің қаражаты есебінен мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықталады және қамтамасыз етіледі.
5. Жұмыс берушінің – жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектердің тұрғын үйін арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтау мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен осы Қағидалардың 2-тармағына сәйкес ұсынылады.
2. Тұрғын үй-жайларды жабдықтауға өтінімдерді қалыптастыру
6. Тұрғын үй-жайларын арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтауға мұқтаж мүгедектер тұратын жері бойынша қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне (бұдан әрі – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері) өтініш береді.
7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері өтініштердің, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының негізінде сәулет және қала-құрылыс бөлімдерімен бірге тұрғын үй-жайларды мемлекеттік бюджет қаражаты немесе жұмыс берушінің қаражаты есебінен өндірілетін арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтау қажеттілігін айқындайды.
8. Тұрғын үй-жайларды арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтау қажеттілігі туралы қорытынды ақпарат тоқсанына бір рет (есепті айдан кейінгі айдың 5-нен кешіктірмей) жергілікті атқарушы органдарға беріледі.
8-1. Жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй-жайларды арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтауды қажет ететін тапсырысты жинақтағаннан кейін, әр тұрғын-жайларға жұмсалатын шығындарды айқындайды (оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстары, құрылыс жабдықтары және қажетті құрылғылар).
9. Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерге және құрамында мүгедектер бар отбасыларға берілетін тұрғын үй-жайларды арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтауды Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастырады және кезегіне сәйкес қамтамасыз етеді.
Мүгедектер үшін тұрғын үй-жайларды жабдықтауды, сондай-ақ тиісті арнаулы құралдар мен құрылғыларды монтаждауды, жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы жұмыстарды орындауға құқығы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Жөндеуден кейін арнаулы құралдар мен құрылғылардың қауіпсіздік деңгейі осындай бұйымдардың техникалық паспортында белгіленген қауіпсіздік деңгейінен төмен болмауға тиіс. Мүгедектерге арналған үй-жайларды құрылғылармен жабдықтау жұмыстары 3 айдан аспау керек.
10. Мүгедектер үшін жабдықталған тұрғын үй-жайларды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясы құрамына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуынсыз тапсыруға жол берілмеді.
  11. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мүгедектерге және құрамында мүгедектер бар отбасыларға берілетін тұрғын үй-жайларды арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықталғаннан кейін бір айдың ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарына тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, тұратын жерін, жабдықталған уақытын және қойылған қолын көрсете отырып, тұрғын үйі жабдықталған адам туралы қорытынды ақпаратты ұсынады.   
3. Мүгедектерге және құрамында мүгедектер бар отбасыларға берілетін тұрғын үй-жайларды (баспананы) арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтауға қойылатын жалпы талаптар
12. Тірек-қимыл аппараты (моторикасы) бұзылған мүгедектер үшін тұрғын үй-жайларды (баспананы) жабдықтау кезінде, егерде бұл мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында қарастырылған болса техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнайы жүрiп-тұру құралдарын (кресло-арба және басқа да құралдар) сақтау үшін орын жабдықталуға үй-жай алаңы сәйкес болуы тиіс.  
12-1. Мемлекеттік сәулет, қала құрылыс және құрылыс органдары мүгедек отбасыларының үй-жайларына қажетті үлгілі сәулет-жоспарлау шешімін атқарушы жергілікті органдар жұмыс барысында қолдану үшін әзірлейді.
13. Мүгедектер үшін тұрғын үй-жайларды жабдықтау процесі, егерде бұл мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында белгіленген жағдайда тұрғын үй-жайдың (баспананың) ішкі және сыртқы жабдықталуын қамтуға тиіс.
14. Тұрғын үй-жайлар мүгедектердің тұрғын үй-жайға кіру, тұрғын үй-жайдың ішінде жүру, сондай-ақ аталған тұрғын үй-жайдан шығу процесін барынша жеңілдететіндей жабдықталуға тиіс.  
15. Тірек-қимыл аппараты (моторикасы) бұзылған мүгедектер үшін тұрғын үй-жайларды жабдықтау эргономикалық қағидаттарды іске асыруды (мүгедектерге өмір сүру үшін элементтердің барынша ыңғайлы орналасуын, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнайы жүрiп-тұру құралдарын) қамтамасыз етуге тиіс.
16. Көзі нашар көретін мүгедектер үшін тұрғын үй-жайларды жабдықтау көру бақылауынсыз мүгедектердің кедергісіз қозғалуын және өмір сүруін қамтамасыз ететін тифлотехникалық құралдарды, сондай-ақ арнайы бағдарлар мен жабдықтарды (құралдарды) қолдана отырып жүзеге асырылады.
17. Көру және есту қаблеті қатар бұзылған мүгедектер үшін тұрғын үй-жайларды жабдықтау көру және есту бақылауынсыз мүгедектердің кедергісіз қозғалуын және өмір сүруін қамтамасыз ететін тифлотехникалық құралдарды, сондай-ақ арнайы жабдықтар мен құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылады.
18. Тұрғын үй-жайларды жабдықтау мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша сәулет-қала құрылыс қызметі және мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы тұрғын үй заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
19. Мүгедектер үшін тұрғын үй-жайларды жабдықтау кіреберіс жолдарды, пандустарды, мүгедектердің арбаларына арналған құрылғыларды қамтамасыз ете отырып, ғимараттар мен инфрақұрылым объектілерін салу кезінде ҚНмЕ және басқа да нормативтер талаптарына сәйкес болуға тиіс.