Toggle Dropdown
«Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталаудың қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасы
Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталаудың қағидаларын бекіту туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 5-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталаудың үлгілік қағидалары
1. Осы Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталаудың Қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 6-бабының 9-7) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Қағидалар мүгедектер үшін жұмыс орнын квоталаудың жалпы тәртібін, көлемін және квоталар белгілеу шарттарын белгілейді, мүгедектердің жұмыспен қамтылуына кепілдікті бекітеді.
Қағидалар негізінде жергілікті атқарушы орган өз құзыретіне сәйкес жұмыс орындарының квоталарын бекітеді.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы (бұдан әрі - квота) – жұмыс беруші жұмысқа орналастыруға Заңда айқындалған мүгедектер санаттарына арналған жұмыс орындарының саны, оның ішінде мүгедектер жұмыс істе жатқан жұмыс орындарының саны;
2) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау – жергілікті атқарушы органда белгілеген квотаға сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жұмыс орындарын құруы немесе бөлуі;
3) біліктілік – қызметкердің кәсіптік даярлығының дәрежесі, оның күрделілігі белгілі дәрежедегі жұмысты орындау үшін қажетті білімі, ептілігі мен дағдыларының болуы.
2. Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау шарттары мен тәртібі
4. Жұмыс орындарын квоталау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен квотамен жергілікті атқарушы орган белгіленген квотаға сәйкес жүзеге асырылады. Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына жұмсалатын шығындар жұмыс берушінің есебінен жергілікті бюджеттен қаралады.
5. Квота шеңберінде еңбек (қызмет) міндеттерін орындауға медициналық-әлеуметтік сараптама нәтижелері бойынша қарсы айғақтары жоқ мүгедектер жұмысқа орналастырылады.
6. Квота жергілікті атқарушы орган жыл сайын ағымдағы жылғы жиырмасыншы қарашаға дейінгі күнтізбелік жылға жергілікті атқарушы орган абсолюттік түрде белгілейді.
7. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына тәуелсіз жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен квота бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарын құрады немесе бөледі.
8. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелері (бұдан әрі – жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган):
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы және осы Қағидалар;
сараптама, ағымдағы болжанған сұраныс және мүмкіндігі шектеулі адамдардың жұмыс күші әкімшілік-аумақтық бірліктегі еңбек нарығы;
мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ұсынған халықты жұмыспен қамту саласындағы статистикалық деректерді талдау;
осы Қағидалардың 21-23-тармақтарында белгіленген тәртіппен жұмыс орындарының орташа тізімдік саны;
мүгедектер үшін бұрын бекітілген жұмыс орындарының квотасы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілер бөлген немесе құрған бар жұмыс орындарының саны туралы мәліметтерді талдау;
квотадан тыс жұмыс берушілер мен мүгедектер арасындағы қолданыстағы еңбек шартының саны туралы мәліметтерді талдау;
осы Қағидалардың 21-23-тармақтарында белгіленген тәртіппен жұмыс берушілер активтерінің бір жылдағы орташа жылдық құны туралы деректердің талдау;
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті уәкілетті органда жұмыс ретінде тіркелген және квота бойынша жұмысқа орналасуды қалайтын мүгедектердің тізімі негізінде әзірленеді;
жұмыспен қамтуды қажет ететін мүгедектерді және бос жұмыс орындарын қалыптастыруды деректер база жүйесіне енгізу.
9. Жұмыс берушілер активтерінің бір жылдағы орташа жылдық құны туралы деректерді салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган ұсынады.
10. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган ұсынған ұсыныстар негізінде жергілікті атқарушы орган тиісті қаулымен мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын кәсіпорындар бойынша бөліп, жұмыс берушіге басталатын күнтізбелік жылға 1 ай қалғанға дейін жолдайды.
11. Жергілікті атқарушы органдар көрсетілген қаулыны қабылданған күні Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарына, оның ішінде интернет-ресурстарына орналастырады.
Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес:
квота енгізілген күнінен бастап күнтізбелік ай ішінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құруға немесе бөлуге;
жұмыс орындарының деректері туралы мәліметтер қамтылған жергілікті нормативтік актілерді қабылдауға;
мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес еңбек жағдайларын жасауға;
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ай сайын:
мүгедектер үшін белгіленген жұмыс орындарының квотасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін құрылған немесе бөлінген жұмыс орындары туралы;
жұмыс орындарының деректері туралы мәліметтер қамтылған жергілікті нормативтік актілер туралы;
квота шегінде бөлінген жұмыс орындарының босатылуы туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Жергілікті атқарушы органның квотаны бекіту туралы қаулысы қолданысқа енгізілгеннен кейін жұмыс беруші күнтізбелік ай өткен соң жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:
мүгедектер үшін ұйымда белгіленген және бөлінген жұмыс орнындарының квотасының көлемі туралы;
белгіленген квота бойынша мүгедектер үшін құрылған немесе бөлінген жұмыс орындардың саны туралы;