• Мое избранное
«Темір жол көлігімен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесін бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Темір жол көлігімен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесін бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Темір жол көлігімен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесін бекіту туралы
«Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 22-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Темір жол көлігімен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы «__» ________
№ ____қаулысымен
бекітілген
Темір жол көлігімен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Темір жол көлігімен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген.  
2. Осы Әдістеме жоспарланған қаржы кезеңіне шығындарды субсидиялаудың бөлінген көлеміне және ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшеріне байланысты әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін айқындайды.  
3. Осы Әдістемені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бюджеттік өтінім – шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттар жиынтығы;  
2) ең төмен күнкөріс деңгейі – ең төмен тұтыну себеті құнының мөлшері бойынша тең, бір адамға қажетті ең аз ақшалай кіріс;  
3) тасымалданған жолаушылар – тасымалдаудың орташа ұзақтығын ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жөнелтілген жолаушылар санына сәйкес келетін көрсеткіш;
4) тасымалдаушының кірістері – теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдаудан, поездарда төсек-орын жабдықтарын беру мен комиссиялық алымдардан ақшалай түсімдер;
5) жоспарлы кезең – ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы;
6) есептік қаржы жылы – жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл;
4. Әдістемені:
1) бюджеттік өтінімді дайындау кезінде теміржол көлігі саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылатын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) және тиісті облыстардың әкімдіктері уәкілеттік берген атқарушы органдар (бұдан әрі –жергілікті атқарушы органдар) қолданады; 
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді қарау және ол бойынша қорытынды дайындау кезінде қолданады.  
2. Теміржол көлігімен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағаларды айқындау  
5. Вагон типтері бойынша жоспарлы кезеңге әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістер анықталады:
бірінші қаржы жылына (Dжоспар 1 ваг.типі ):
Dжоспар 1 ваг.типі  = Dнақты вагон типі  *KТнақты вагон типі  * KТжоспар1 ваг.типі 
екінші қаржы жылына (Dжоспар 2 ваг.типі ):
Dжоспар 2 ваг. типі  = Dнақты ваг. типі  *KТнақты ваг. типі  *KТжоспар1 ваг.типі * KТжоспар 2 вагон.типі 
үшінші қаржы жылына (Dжоспар 3 ваг.типі )::
Dжоспар 3 ваг.типі  = Dнақты вагон типі  *KТнақты вагон типі  *KТжоспар 1 ваг.типі * KТжоспар 2 ваг.типі  *KТжоспар 3 вагон.типі. 
мұндағы:
Dнақты вагон типі  – вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша жоспарлы кезеңге әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістер;
Жоспарлы кезеңге  әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауға тарифтерін жоғарылату коэффициенті бюджеттік өтінімдерді қарау және ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде бір жолаушыға келетін орташа жылдық шығыстар үлесін ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ол бойынша қорытынды беру негізінде анықталады.
нақты вагон типі  – есептіге қатысты вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша ағымдағы қаржы жылына  әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауға тарифтерін нақты арттыру коэффициенті;
жоспар 1 ваг.типі  – ағымдағы жылға қатысты вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша жоспарлы кезеңнің бірінші қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауға тарифтерін арттыру коэффициенті;
Тжоспар 2 ваг.типі  – ағымдағы жылға қатысты вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша жоспарлы кезеңнің екінші қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауға тарифтерін арттыру коэффициенті;
 жоспар 3 ваг.типі  ағымдағы жылға қатысты вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша жоспарлы кезеңнің үшінші қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауға тарифтерін жоғарылату коэффициенті.
6. Вагон типтері бойынша жоспарлы кезеңге әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау көлемі анықталады:
бірінші қаржы жылына (Vжоспар 1 ваг.типі ):
Vжоспар 1 ваг.типі  = Vнақты вагон типі  *KVнақты вагон типі * KV жоспар 1 ваг.типі 
екінші қаржы жылына (Vжоспар 2 ваг.типі ):
Vжоспар 2 ваг.типі  = Vнақты вагон типі *KVнақты вагон типі  *KV жоспар 1 ваг.типі * KV жоспар 2 ваг.типі 
үшінші қаржы жылына (Vжоспар 3 ваг.типі ):
Vжоспар 3 ваг.типі  = Vнақты вагон типі  *KVнақты вагон типі *KVжоспар 1 ваг.типі * KVжоспар 2 ваг.типі  *KVжоспар 3 ваг.типі 
мұндағы:
Vнақты вагон типі  – вагон типтері бойынша (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудың нақты көлемі;
KVнақты вагон типі  – есептіге қатысты вагон типтері бойынша(купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) ағымдағы қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау көлемдерін нақты ұлғайту коэффициенті;
Нақты көлем Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесіне сәйкес нысандар бойынша жылдың басынан бастап жолаушылар тасымалдауды орындау туралы есептерде көрсетілген есептік қаржы жылындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудың көлемі болып табылады.  
Көрсеткіштер көлемі әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қатынайтын әрбір вагон типтері бойынша анықталады.
Әрбір вагон типтері бойынша көрсеткіштер көлемі олардың әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қатынайтын барлық субсидияланатын көлемінің сомасы ретінде анықталады.
Жоспарлы кезеңге  әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдау көлемдерін ұлғайту коэффициенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесіне сәйкес жоспарланған көрсеткіштер негізінде анықталады.
KVжоспар 1ваг.типі  ағымдағы жылға қатысты вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша жоспарлы кезеңнің бірінші қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау көлемдерін ұлғайту коэффициенті;
KVжоспар 2 ваг.типі.  ағымдағы жылға қатысты вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша жоспарлы кезеңнің екінші қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау көлемдерін ұлғайту коэффициенті;
KVжоспар 3 ваг.типі  – ағымдағы жылға қатысты вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша жоспарлы кезеңнің үшінші қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау көлемдерін ұлғайту коэффициенті.  
7. Бір жолаушыға арналған орташа жылдық шығыстарды есептеу:
бірінші қаржы жылына (Rжоспар 1 ваг. типі. ):
Rжоспар 1 ваг. типі.  = Dжоспар 1 ваг. типі / Vжоспар 1 ваг. типі 
екінші қаржы жылына (Rжоспар 2 ваг. типі. ):
Rжоспар 2 ваг. типі  = Dжоспар 2 ваг. типі Vжоспар 2 ваг. типі 
үшінші қаржы жылына (Rжоспар 3 ваг. типі. ):
Rжоспар 3 ваг. типі  = Dжоспар 3 ваг. типі / Vжоспар 3 ваг. типі 
8.  Ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде бір жолаушыға орташа жылдық шығыстары үлесі анықталады:
бірінші қаржы жылына (P жоспар 1 ваг.типі ):
P жоспар 1 ваг.типі  = R жоспар 1 ваг.типі * 100/ Sжоспар 1 
екінші қаржы жылына (P жоспар 2 ваг.типі ):
Pжоспар 2 ваг. типі  = Rжоспар 2 ваг. типі * 100/ Sжоспар 2 
үшінші қаржы жылына (P жоспар 3 ваг.типі ):
P жоспар 3 ваг. типі  = R жоспар 3 ваг. типі * 100/ Sжоспар 3 
мұндағы:
Sжоспар 1  – жоспарлы кезеңнің бірінші қаржы жылына ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшері;
Sжоспар 2  – жоспарлы кезеңнің екінші қаржы жылына ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшері;
Sжоспар 3  – жоспарлы кезеңнің үшінші қаржы жылына ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшері.
Ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшері жыл сайын «Ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшері туралы» 1999 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті қаржы жылына анықталады.
9. Уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар осы әдістемеге қосымшаға және теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтерге ұсынылған бағаларды арттыруға сәйкес бір жолаушыға орташа жылдық есептеуді вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бөлінісінде жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімге қоса береді
10. Республикалық бюджет комиссиясының хаттамасымен ең төмен күнкөріс деңгейінен қырық пайыз аспайтын мөлшерде бір жолаушыға орташа жылдық шығыстардың шекті үлесі анықталады.  
11. Жоспарлы кезеңге  әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметтер үшін бағаның шекті деңгейі ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде бір жолаушыға орташа жылдық шығыстардың белгіленген үлесінен аспайтындай деңгейде анықталады.
 _____________________________
Теміржол көлігімен әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау
қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесіне
қосымша
Вагондар түріне бөліп жоспарланған кезеңге бюджеттік өтінімге бір жолаушыға орташа жылдық шығындар есебі
 

п/п

Пойыздың

Маршрут ( атауы )

Вагон

типі

Жылына кірген күндердің саны



Құрамдағы вагондардың орташа саны, келісім бойынша

Жолаушылар тасымалданды , адам .

Жолаушылар тасымалынан түскен табыс , мың .тг

Бір жолаушыға орташа жылдық шығыны , тг

Билетті сатудан

Төсек орын сатудан

Басқа да қызметтен табыс

барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12=11/7

купе

плац карт

ортақ

МВПС

г ранд

б изнес

т урист

отыру үшін

 ____________________________________
«Темір жол көлігімен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба
 

Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі

2

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 226 Заңының 14 бабы 1-тармағының 22-3) тармақшасына сәйкес

3

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға соқтырмайды

4

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді

5

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

Осы қаулының мақсаты халықтың қажеттілігін қанағаттандыру, халыққа көліктік қызмет көрсетуді жақсарту болып табылады

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етілмейді

8

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жоқ

9

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдар (көшірмелер) беру рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Жоба Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің www.m id .gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

12

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Баспасөз релизі Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің www.m id .gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Қазақстан Республикасының
инвестициялар және даму министрі А. Исекешев
Келісу 
ПАРАҒЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасының атауы «Темір жол көлігімен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесін бекіту туралы». 

Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі.

Алынған күн

Мемлекеттік органдар, басшылар

Нақты кіммен келісілді (Т.А.Ә.)

Келісу нәтижелері (қолы, күні)

Қайтарылған күн

1

2

3

4

5

 

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика  министрлігі

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына қоса берілетін құжаттардың 
ТІЗБЕСІ

Р/с

№  

 

Құжаттардың атауы

Құжаттың нөмірі мен күні

Парақтар саны

1.

ҚР Үкіметі қаулысының жобасы

(ҚР Премьер-Министрінің өкімі)

 

 

 

 

 

 

2.

Жобаға түсіндірме жазба

 

 

 

 

 

 

3.

Жобаға салыстырмалы кесте

 

 

 

 

 

 

4.

Тарату көрсеткіштері

 

 

 

 

 

 

5.

Меморгандардың қорытындылары, анықтамалары, ескертулері

 

 

 

 

 

 

6.

ҚР Үкіметінің қол қойылған қаулысының көшірмесі 

(ҚР Премьер-Министрінің өкімі)

 

 

 

 

 

 

7.

Мемлекеттік орган басшыларының міндеттерін уақытша жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесі

 

 

 

 

 

 

8.

 

 

 

 

 

 

 

9.

 

 

 

 

 

 

 

Үкіметтік шешімдерді шығару жөніндегі секторға қол қойылғаннан кейін түскен құжаттар барлығы  ___________, оларда ____________ парақ
					
Қолы __________ күні_____________