• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 20 наурызда № 9249 тіркелді

Осы редакция 27.05.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
  	
Ұлттық Банк Төрағасы Қ. Келімбетов
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 9 қаулысымен
бекітілген
Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру
 қағидалары 
Осы Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті (бұдан әрі - брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет) жүзеге асыру талаптары мен тәртібін белгілейді.  
1. Жалпы ережелер   
1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен реттелмеген бөлігінде, брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына, брокер және (немесе) дилер мен олардың клиенттерінің арасында жасалған брокерлік қызмет көрсету туралы шарттарға және егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, әдет-ғұрыптарға (оның ішінде іскерлік айналымының әдет-ғұрыптарына) сәйкес жүзеге асырылады.
2. Осы Қағидалардың қолданылуы мыналарға қолданылады:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, банк қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын банктерге;
2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына;
3) инвестициялық қорлар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын инвестициялық қорлардың басқарушы компанияларына.
3. Брокер және (немесе) дилер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың мынадай түрлерінің бірін иелене алады:
1) бірінші санатты лицензия - номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен (бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу құқығымен);
2) екінші санатты лицензия - клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз (бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу құқығынсыз).
4. Бірінші санатты лицензияны иеленген брокер және (немесе) дилер осы Қағидаларда бірінші санатты брокер және (немесе) дилер, екінші санатты лицензияны иеленген - екінші санатты брокер және (немесе) дилер деп аталады.
5. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрі - уәкiлеттi орган) Standard & Poor's агенттiгiнiң рейтингілік бағаларынан өзге сондай-ақ Moody's Investors Service пен Fitch агенттiктерiнiң және олардың еншілес рейтингілік ұйымдарының (бұдан әрі - басқа рейтингілік агенттіктер) рейтингілік бағаларын таниды.
6. Брокер және (немесе) дилер жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізеді.
Брокер және (немесе) дилер аудит жүргізген кезде, аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажетті құжаттаманы (материалдарды) береді.
7. Брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте брокер және (немесе) дилер үлестес тұлғалардың есебін жүргізеді.
8. Брокер және (немесе) дилердің iшкi құжаттарында бағалы қағаздардың орталық депозитарийiнiң, қор биржаның, клиринг ұйымының және (немесе) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 77-1-бабының 1-тармағына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды (төлемдерді) ұйымдастыруды жүзеге асыратын есеп айырысу ұйымының (бұдан әрі – есеп айырысу ұйымы) электрондық құжаттарымен алмасу жүйесіне кіру үшін рұқсаты (пайдаланатын парольдері) бар брокер және (немесе) дилердің қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi белгiленедi.
9. Қағидалардың 48және 49-тармақтарында көзделген бағалы қағаздармен мәмілелерді банк болып табылмайтын бірінші санатты брокер және (немесе) дилер ғана мына критерийлерге сәйкес келген кезде жасайды:
1) кемінде үш жылда бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметін жүзеге асыруы;
2) тәуекелдердің өтелуін сипаттайтын көрсеткіштер мәндерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 тіркелген) бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларының талаптарына сәйкес келуі;
3) қатарынан алдағы үш ай ішінде ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айдың қорытындысы бойынша мәмілелер жасаған кейінгі айдың ішкі әдістемесіне сәйкес айқындалатын қор биржасы мүшелерінің белсенділік рэнкингі бойынша алғашқы жеті компаниялар тізімінде болу және қаржы құралдармен кемінде үш жүз мәмілелер жасау (талаптары мәміле мәні болып табылатын қаржы құралдарын кері сатып алу не кері сату міндеттемелері көзделетін мәмілелерді қоспағанда);
4) эмитенттерге кем дегенде сегіз қаржы құралдар бойынша, олардың бестен көп емесі қор биржаның өкілдік индексіне кіретін қор биржаның ішкі құжаттарына сәйкес маркет-мейкер ретінде баға белгілеуді жариялау және ұстау бойынша қызмет көрсету;
5) андеррайтер ретінде немесе эмиссиялық консорциум құрамында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және орналастыру бойынша қызмет көрсету, қатарынан соңғы күнтізбелік үш жыл ішінде кем дегенде үш эмитентке;
6) бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитенттерге консультациялық қызмет көрсету.  
10. Егер банк болып табылмайтын бірінші санатты брокер және (немесе) дилер Қағидалардың 9-тармағында белгіленген бір және (немесе) бірнеше критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда, онда осындай сәйкес келмеген күннен бастап Қағидалардың 48 және 49-тармақтарында көзделген бағалы қағаздармен мәмілелер жасамайды. Бұл ретте осы брокер және (немесе) дилер Қағидалардың 48 және 49-тармақтарында көзделген, брокердің және (немесе) дилердің Қағидалардың 9-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келу кезінде жасалған бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша клиенттері мен қарсы серіктестер алдында міндеттемелерді орындау бойынша іс-әрекеттер жасайды.
Брокердің және (немесе) дилердің Қағидалардың 9-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келмеу фактісі басталған кезде брокер және (немесе) дилер қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) сәйкес келмеуі анықталған күннен кейінгі келесі бір жұмыс күн ішінде осы факті туралы хабарлама жібереді.
2. Брокер және (немесе) дилердің ұйымдық құрылымы және қызметкерлерінің біліктілігі 
11. Клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығы бар брокер және (немесе) дилердің ұйымдық құрылымында мынадай құрылымдық бөлімшелер болуы тиіс:
1) қаржы құралдарымен мәмілелердің жасалуын жүзеге асыратын сауда бөлімшесі (бұдан әрі - сауда бөлімшесі);
2) қаржы құралдарымен мәмілелердің орындалуын, қаржы құралдарын және осы брокер және (немесе) дилердің және оның клиенттерінің ақшасын есепке алуды жүзеге асыратын есеп айырысу бөлімшесі (бұдан әрі - бэк-офис);
3) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына сәйкес белгіленген өзге құрылымдық бөлімшелер.
12. Бірінші санатты брокер және (немесе) дилердің бірінші басшысы немесе оның брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға жетекшілік жасайтын орынбасары лауазымын осы брокер және (немесе) дилердің бөлімшелері біреуінің басшысы лауазымымен қоса атқаруға рұқсат етіледі. Бэк-офис құзыретіне жататын функциялар мен міндеттерді сауда бөлімшесінің қызметкерлеріне жүзеге асыруға, сондай-ақ брокердің және (немесе) дилердің бір бөлімше қызметкерлерінің құқықтары мен құзыреттерін басқа бөлімше қызметкерлеріне беруге (табыстауға) жол берілмейді.
13. Екінші санатты брокер және (немесе) дилердің ұйымдық құрылымы олар «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына және осы брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына сәйкес дербес түрде айқындалады.
14. Брокер және (немесе) дилер өз клиенттерінің алдында олар үшін осы брокер және (немесе) дилермен шарттық қатынастарға кіру жөніндегі және/немесе осындай қатынастарды ұстап тұру жөніндегі ниеттер бөлігіндегі елеулі мәні бар ақпаратты Қағидалардың 16, 17, 18, 19, 20-тармақтарында белгіленген тәртіппен ашады.
15. Инвестициялық портфельді басқару қызметімен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті бірлесіп атқаратын брокер және (немесе) дилер «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша инвестициялық пай қорының қызметін тоқтату үшін негіздемелер туындаған кезде, активтері өзінің басқаруындағы инвестициялық пай қорының қызметін тоқтатқан жағдайда, уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы қордың активтерін есепке алуды жүзеге асыратын кастодианға кредиторлық және дебиторлық берешектердің сомасы, оның ішінде, «репо» операцияларын ашу аясында пайда болған сома туралы ақпаратты, кредиторлар, дебиторлар және «репо» операцияларына қатысқан тұлғалар туралы мәліметтерді қоса алғанда жібереді.
16. Брокер және (немесе) дилердің бас офисінің және филиалдарының үй-жайының клиенттер үшін қол жетімді мынадай орындарында орналастырылады:
1) осы брокерге және (немесе) дилерге брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген нотариат куәландырған лицензияларының көшірмелері;
2) брокер және (немесе) дилер клиенттің бастапқы талап етуі бойынша оған Қағидалардың 17-тармағына сәйкес танысу үшін ұсынатын құжаттар тізбесі.
Брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарымен оның клиенттер алдындағы ашатын ақпараты бойынша осы брокер және (немесе) дилердің қосымша міндеттері (аталған міндеттерден басқа) міндеттері белгіленеді.  
17. Брокер және (немесе) дилер клиенттің бастапқы талап етуі бойынша клиенттің талап етуін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оған танысу үшін мыналарды береді:
1) соңғы есепті кезеңдегі өз қаржылық есептілігін еншілес ұйымы (еншілес ұйымдары) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікті);
2) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті белгілеу туралы, Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 22-тамыздағы № 120 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5324 тіркелген) сәйкес осы брокердің және (немесе) дилердің пруденциалдық нормативтерді сақтау деңгейі туралы мәліметтерді;