• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 31 қаңтарда № 9113 тіркелді

Осы редакция 19.06.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН  :
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлін тiркеу және мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлін тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға  сәйкес «Жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлі жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы «Электрондық мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» № 389 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 8133 тіркелді) 1-тармағының 1), 2), 4) тармақшалары;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту және «Мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 235 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 391 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 8135 тіркелді).
3. Аталған бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ш. Әбішевке жүктелсін.
4. Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен аталған бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Әділет министрі Б. Имашев 
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 34 бұйрығына
1-қосымша
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер 
1. Осы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы және «электрондық үкіметтің» www.е.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді, қызмет алушылардың қалауы бойынша мемлекеттік қызмет нотариустар Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – БНАЖ) өзара іс-қимыл жасау арқылы құқықтық кадастр ақпараттық жүйесіне құқық белгілеуші құжаттың электрондық көшірмесін жолдау арқылы мәмілені куәландырғаннан (бұдан әрі – электрондық тіркеу) кейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1586 қаулысымен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартынын негізінде көрсетіледі.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
3. Жүргiзiлген тiркеу туралы белгiсi бар құқық белгiлеуші құжат не Заңда көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк тiркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы дәлелді жауап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк (қағаз жеткізгіште) беру мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесi болып табылады.
БНАЖ-ға электрондық тіркеуге жүгінген жағдайда қызмет берушінің (құқық иеленушінің) уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тіркеу туралы хабарлама не тіркеуді тоқтату немесе бас тарту туралы дәлелді жауабы бар хабарлама порталдағы жеке кабинетке және ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында қызмет алушының электрондық мекенжайына (бар болған жағдайда) жолданады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап берілген жағдайда, тіркеу үшін алымның төленгені туралы құжатты көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тіркеуге қайталап берген кезде ұсына алады.    
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін  қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)  іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы 
4. Көрсетілетін қызметті алушының мыналарға жүгінуі көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерін (іс-қимылдарын) бастауына негіздеме болып мыналар табылады:
1) қағаз жеткізгіште Орталыққа - стандарттың 9-тармағында  көзделген құжаттар пакетін қоса тіркей отырып, мемлекеттік қызмет стандартының 2 және 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгіленген мемлекеттік тіркеу туралы жазбаша өтініші;
2) БНАЖ арқылы нотариусқа – құқық белгілеуші құжатты және мемлекеттік тіркеуге салық алымын төлегенін растайтын құжатты тіркей отырып, бекітілген электрондық сұрау салуы.
5. Қызмет берушінің қызметкері өзінің функционалдық міндеттеріне сәйкес, құжаттарды есепке алу кітабы бойынша Орталықтан құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, әрі қарай жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар пакетін қызмет берушінің жауапты орындаушысына мұрағатқа табыстайды, жауапты орындаушы 3 жұмыс күні ішінде тіркеу істерді іздестіруді және жылжымайтын мүлікке құқықтарын тіркеу бөліміне табыстауын, орындалған құжаттарды құжаттарды есепке алу кітабы бойынша Орталыққа табыстауын жүзеге асырады; қызмет берушінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкері – өтінішті қарау және орындауын жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетіелтін  қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)  өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы 
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі:
1) орталықтың инспекторы – құжаттарды қабылдау және табыстау;
2) орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы – көрсетілетін қызметті берушіден құжаттарды алу және жолдау;
3) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері – құжаттарды есепке алу кітабы бойынша Орталықтан құжаттарды қабылдау, тіркеу істерін іздестіру және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөліміне табыстау, орындалған құжаттарды құжаттарды есепке алу кітабы бойынша Орталыққа жіберу;
4) көрсетілетін қызмет берушінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкері – өтінішті қарау және орындау.
7. Құрылымдық бөлімшелердің (әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында (Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын тараптардың іс-қимылдарының сипаттамасы) және 2-қосымшасында (Функционалдық іс-қимылдар сызбанұсқасы) келтірілген.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығы және (немесе) басқа  көрсетілетін қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің,  сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету процесіндегі  ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы 
8. Орталықта құжаттарды қабылдау операциялық залда «тосқауылсыз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады, онда орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген (бар болғанда) және лауазымы көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының күтуге рұқсат берiлгін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берiлгін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Орталықта құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға стандарттың 10-тармағына  сәйкес тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді орталықтың қызметкері «терезе» арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды алу үшін күтудің рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.