• Мое избранное

Отправить по почте

4

Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру министрінің 2014 жылғы 28 шілдеде № 292 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 тамызда № 9672 тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.06.2016 жылғы № 192 Бұйрығына сәйкес (28.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 жылғы № 145 Бұйрығына сәйкес (24.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің 26.06.2025 жылғы № 103 Бұйрығына сәйкес (26.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Дене шыныктыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Занының 7-бабы 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 жылғы № 213 Бұйрығына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 жылғы № 145 Бұйрығына сәйкес (24.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің 26.06.2025 жылғы № 103 Бұйрығына сәйкес (26.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Т. Есентаев
« Келісілді » 
Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау министрі 
С . Қайырбекова 
2014 жылғы 31 шілде
Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі төрағасының
2014 жылғы № бұйрығымен бекітілген
3
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 жылғы № 145 Бұйрығына сәйкес (24.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің 26.06.2025 жылғы № 103 Бұйрығына сәйкес (26.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.12.2018 жылғы № 371 Бұйрығына сәйкес (29.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 34) және 35) тармақшаларына сәйкес әзірленді және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 жылғы № 145 Бұйрығына сәйкес (24.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 жылғы № 213 Бұйрығына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің 26.06.2025 жылғы № 103 Бұйрығына сәйкес (26.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қағида спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлеуді жүзеге асыру мақсатында әзірленген.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің 26.06.2025 жылғы № 103 Бұйрығына сәйкес (26.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) бойынша мемлекеттік қызметті көрсететін орган болып табылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 жылғы № 145 Бұйрығына сәйкес (24.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің 26.06.2025 жылғы № 103 Бұйрығына сәйкес (26.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1
4. Өтемақы төлемдері – халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алған және мертіккен адамды емдеу және оңалту шығындарының құнын өтеуге байланысты ақшалай төлемдер.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.12.2018 жылғы № 371 Бұйрығына сәйкес (29.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тарау өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.06.2016 жылғы № 192 Бұйрығымен (28.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-тарау өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.12.2018 жылғы № 371 Бұйрығымен  (29.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 жылғы № 145 Бұйрығына сәйкес (24.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың пакетін ұсына отырып, «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүгінеді.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес (28.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің 26.06.2025 жылғы № 103 Бұйрығына сәйкес (26.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада сәйкес жазылған.
6. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, құжаттардың мәліметтерін Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес (28.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бас тарту туралы қолхат береді.
Портал арқылы жүгінген жағдайда, «жеке кабинетте» көрсетілетін қызметті алушы өтініштерінің тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
7. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс, мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 жылғы № 213 Бұйрығына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды портал арқылы алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тізбенің 8-тармағында көзделген ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігін тексереді.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 жылғы № 414 Бұйрығына сәйкес (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес (28.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды қоса бере отырып, өз басшысының атына қорытынды шығарады, оның негізінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтемақы төлемін жүзеге асыру туралы шешім қабылданады және көрсетілетін қызметті алушыға өтемақы төлемі туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.
Жауап теріс болған немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтемақы төлемін жүзеге асыру туралы оң шешім болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға өтемақы төлемі туралы хабарлама, теріс шешім болған кезде - көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей ұсынады.
Порталда – Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама.
Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
9-1. Көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына (портал арқылы қызмет көрсетуді ескере отырып), Мемлекеттік корпорациясы, Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты ұсынады.
2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 11.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға өтемақы төлеу туралы хабарлама немесе осы Тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес (28.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің 26.06.2025 жылғы № 103 Бұйрығына сәйкес (26.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтемақы төлемі халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алған және мертіккен адамдарды емдеуге және оңалтуға жұмсалған шығындардың құны мөлшерінде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктегі көрсетілетін қызметті алушының есеп шотына ақшаны аудару арқылы жүргізіледі.
11. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілген қызметті берушіге беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Осы Қағидалар 3-тараумен толықтырылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 жылғы № 145 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) беріледі.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 жылғы № 414 Бұйрығына сәйкес (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің 26.06.2025 жылғы № 103 Бұйрығына сәйкес (26.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасаған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.
13. Шағым жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда «Электрондық өтініштер» ақпараттық талдау жүйесі немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы беріледі.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің 26.06.2025 жылғы № 103 Бұйрығына сәйкес (26.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. Шағымда мыналар көрсетіледі:
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің 26.06.2025 жылғы № 103 Бұйрығына сәйкес (26.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
3) жеке тұлғаның нақты тұратын және заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы;
4) әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
5) әкімшілік рәсімге қатысушы өз талаптарын және дәлелдерін негіздейтін мән-жайлар;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер.
15. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
16. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
16-тармақ алынып тасталды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 жылғы № 414 Бұйрығымен (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
1
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы
құрама командаларының ( спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың )
мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алуы
және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу қағидаларына
қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.12.2018 жылғы № 371 Бұйрығына сәйкес (29.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қосымша алынып тасталды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 жылғы № 145 Бұйрығына сәйкес (24.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша
Осы Қағидалар 1-қосымшамен толықтырылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 жылғы № 145 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 жылғы № 414 Бұйрығымен (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 жылғы № 213 Бұйрығымен (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес (28.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің 26.06.2025 жылғы № 103 Бұйрығына сәйкес (26.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

«Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкіметтің» www.​egov.​kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы тапсырған сәттен бастап - 5 (бес) жұмыс күні. Құжаттар топтамасын тапсыруға арналған ең жоғары шекті уақыты – 30 (отыз) минут. Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге арналған ең жоғары шекті уақыты – 30 (отыз) минут. Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті алушыға өтемақы төлеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Порталда – Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Жеке тұлғаларға тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 18.30 – ға дейін.

Мемлекеттік корпорация: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен көрсетіледі немесе портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.

Портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында: www.​gov.​kz/​ent​itie​s/​tsm «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының (сенім білдірілген өкілі) жүгінген кезде – нотариус куәландырған сенімхат (сенім білдірушінің) (сәйкестендіру үшін);

2) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтемақы төлемдерін жүзеге асыруға арналған өтініш;

3) тиісті халықаралық спорттық жарыстарға қатысқанын растайтын құжат;

4) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спорттық медицина және оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны берген, халықаралық спорттық жарыста алған жарақат және мертігуі бойынша диагнозы көрсетілген медициналық қорытынды;

5) міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі тегін медициналық көмектің және (немесе) медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс спорттық жарақат алған және мертіккен адамды емдеуге және (немесе) оңалтуға жұмсалған шығындардың құнын растайтын құжат; порталға:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) электрондық құжат нысанында тиісті халықаралық спорттық жарыстарға қатысқанын растайтын құжат;

3) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спорттық медицина және оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны берген, халықаралық спорттық жарыста алған жарақат және мертігуі бойынша диагнозы көрсетілген құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы медициналық қорытынды;

4) міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде тегін медициналық көмектің және (немесе) медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс спорттық жарақат алған және мертіккен адамды емдеуге және (немесе) оңалтуға жұмсалған шығындардың құнын растайтын құжаттың электрондық нысанындағы құжат.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып, бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш беру жолымен жүргізеді.

Көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік қызметті алуға сұранысты портал арқылы электрондық нысанда жібереді.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінім берген кезде дәйектілігін қолтаңбамен немесе ЭЦҚ-мен растай отырып, мынадай деректерді көрсетеді: тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы.

Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар немесе бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алады.

«Спорт түрлері бойынша
Қазақстан Республикасы ұлттық
командаларының мүшелеріне
олардың халықаралық спорттық
жарыстарда жарақаттар алуы
және мертігуі кезінде өтемақы
төлемдерін төлеу» мемлекеттік
қызмет көрсетуге негізгі
талаптар тізбесіне
қосымша
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 292 бұйрығымен бекітілген «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың осы тізбесінің 8-тармағында көзделген ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
  (өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты (қолы) (ол болған жағдайда)
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша
Осы Қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 жылғы № 145 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 жылғы № 213 Бұйрығына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес (28.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің 26.06.2025 жылғы № 103 Бұйрығына сәйкес (26.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының №__________________ бөлімі
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда атауы жоқ және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімі өткен):
  (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (болған жағдайда)