• Мое избранное

Отправить по почте

«Парниктік газдар шығарындыларын есептеу бойынша жекелеген әдістемелерді бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу бойынша жекелеген әдістемелерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің ережелерін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Әуе көлігінің қызметінен атмосфераға парниктік газдар шығарындыларын есептеу бойынша әдістемесі;
Жол көлігінен болған парниктік газдар шығарындыларын есептеу бойынша әдістемесі;
Жерді пайдаланудан парниктік газдар эмиссияларын/сіңірулерін есептеу әдістемесі;
Үй жануарларының энтеральді (ішкі) ферменттеуінен парниктік газдар эмиссияларын есептеу бойынша әдістемесі;
Орман шаруашылығына арналған парниктік газдардың эмиссияларын/сіңірулерін есептеу әдістемесі;  
Қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуден, ағынды суды өңдеуден және медициналық қалдықтарды өртеуден болған парниктік газдар шығарындыларын есептеу бойынша әдістемесі;
Алюминий өндірісі кезінде ауаға тараған парниктік газдар шығарындыларын есептеу бойынша әдістемесі;
Ауыл шаруашылығы жерлерінен болған азоттың шала тотығы эмиссияларын есептеу бойынша әдістемесі;  
Қиды жинау, сақтау және қолдану жүйелерінен болған парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі.
2. Осы бұйрықпен бекітілген Әдістеме ұсынымдық сипатта екендігі белгіленсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әуе көлігінің қызметінен атмосфераға парниктік газдар шығарындыларын есептеу бойынша әдістеме
1. Осы Әуе көлігінің қызметінен атмосфераға парниктік газдар (бұдан 
әрі - ПГ) шығарындыларын есептеу бойынша әдістеме ұсынымдық сипатта.  
2. Аталған әдістеме жолаушылар, жүк және т.б. әуе тасымалын жүзеге асыратын компаниялар үшін атмосфераға парниктік газдар 
шығарындыларын есептеу бойынша жұмыстарды едәуір азайтуға мүмкіндік береді.  
2. Әуе көлігінен парниктік газдар шығарындыларын түгендеу
3. Қазақстан Республикасында әуе көлігінен парниктік газдар шығарындыларын түгендеу 2-деңгей әдісіне сәйкес ұлттық зерттеулер мен КӨСҮТ Басқарушы ұстанымдарының негізінде жүргізіледі.  
4. Халықаралық және ішкі әуе бағыттарында жолаушылар мен жүктің, әуеден жұмыстың чартерлік тасымалы, оқыту, іскерлік және ойын-сауықтық ұшулар кезінде пайдаланылатын барлық әуе кемелерінен шығарылатын ПГ шығарындылары есепке алуға жатады. Бұл ретте ұшу кезіндегі ғана емес, сонымен қатар рульді басқару, шарықтау және отырғызу кезіндегі ПГ шығарындылары есепке алынады.  
5. Келесі ПГ есепке алынады: көміртегі қос тотығы (СО2 ), метан (СН4 ) және азот қышқылы (N2 О). Қажет болған жағдайда NOх, СО, МҰОҚ және SO2  ЛЗ шығарындыларын да есептеуге болады.
6. Ұшақтардың Қазақстан Республикасының ұлттық шекарасынан тыс жерде ұшуы кезінде шығарылатын ПГ шығарындылары халықаралық бункерлік отынға жатқызылады. Бункерлік отынның ПГ шығарындылары жеке қатармен көртселуі тиіс.  
Есептеу үшін барлық қажетті бастапқы деректерді әуекомпаниялары ұсынады.  
7. ПГ шығарындыларын есептеуді орындау үшін әуекәсіпорындары ішкі және халықаралық бағыттар үшін жеке ұсынылатын келесі ақпаратты дайындаулары тиіс:  
5) ішкі және халықаралық бағыттарда әуе кәсіпорындары тұтынған отынның жалпы салмағы жеке.  
Ақпараттың көп болуы оның дәйектілігін тексеруге мүмкін болу үшін қажет.  
8. Әуе кемелері (ӘК) бойынша отынның орташа сағаттық шығыны белгілі болып есептеледі, алайда әуе компаниялары ұсынған ақпараттардың арасында мұндай деректердің болуы пайдалы болады. Отын шығыны КӨСҮТ ортақ қабылданғаннан атақты ұшақ түрлері үшін жергілікті пайдалану ерекшелігіне байланысты айрықша болуы мүмкін.  
4. Әуе көлігі үшін парниктік газдар шығарындыларының есептері мне коэффициенттері
9. Есептерді ҰҚ айналымдарының саны және ұшақ түрлері бойынша пайдаланылған отын мөлшері туралы деректер негізінде КӨСҮТ әдіснамасының 2-деңгейі бойынша жүргізуге болады.  
1) ұшақ түрлері бойынша жеке ішкі және халықаралық әуе бағыттары үшін отынды тұтынуды бағалау;  
2) ұшақ түрлерінің әрқайсысы үшін ҰҚ сатысында отында тұтынуды бағалау;  
4) ұшақ түрлері бойынша ҰҚ және КҰ сатысында әуе кемелерінің ПГ шығарындыларын бағалау;